«Құттықтаймын ана мерекеңізбен!» Тажибаева ФС.
Тақырыбы: «Құттықтаймын анашым мерекеңізбен!»
Ертеңлік: 06.03.2020ж.
Балалардың саны: (25 ұл-қыз)
Жүргізуші: Тажибаева Ф.С. Бухарбаева З.А.
Жүргізуші: 2.
Мақсаты: Мерекелік көңіл-күйін құру, ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру, өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Залдың іші көктем мерекесіне сай безендірілген. Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.
Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Көктем, Бұзақы»
Ертеңгіліктің барысы:
Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді. («Тәттім-ау» әуенімен)
Жүргізуші:Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Құттықтаймын анашым мерекеңізбен!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші: — Құрметті аналар, әжелер сіздерді тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 — ші Наурызбен!
Жүргізуші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
№ 1 Хор: «Анашым»
Жүргізуші:
— «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
1-бала:
Анам болса қасымда,
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет.
2-бала:
Құтты болсын анашым,
Құтты болсын мерекең.
Әр кез саған тілеймін,
Ұзақ өмір жолдарын.
3-бала:
Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
4-бала:
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
5-бала:
Бәрімізге анамыз
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең, Құттықтаймын анашым!
6-бала.
Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.
7-бала.
Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
8-бала.
Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
9-бала.
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай.
10-бала.
Жүре берсем қасымда
Әйбат анам, әй анам
«Ботам» деген дауысыңнан
Мен мәз болып оянам.
Жүргізуші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін.
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге,
Қол соғып қарсы алайық «Моряктар биі»
№2 Би: «Моряктар»
Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн — әжелер мен аналар мерекесі.
Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.
Жүргізуші: Әрине біздің балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі. (Балалар жауап береді)
Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп — көп рахмет балалар сендерге.
Осы кезде көктемнің телефоны шақырады
Көктем: Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап тарту етемін. Міне ол. Аналарыңмен бірге оқыңдар. Сау болыңдар.
Жүргізуші: Қандай қызық кітап. Ой аша алмай жатырмын, мұны кілтпен ашу керек екен. Ә, міне кілті. (Кілтті осы кезде бұзақы бала тартып алып кетеді). Кім бүгін бізбен қалжыңдасуға келген?
Бұзақы: Ол мен бұзақы бала. Сендерде не болып жатыр? Мен бұзақылық жасаған кейін анам мені далаға қуып жіберді.
Жүргізуші: Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан сен Бұзақы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп, анаңды құттықта. Олай болса бізбен бірге ойын ойнайсың ба?
Ойын: «Анамызға гүл сыйлаймыз»
Бұзақы: Ой, қандай жақсы балаларсыңдар. Міне сендердің кілттерің.
Жүргізуші: Ал енді кітапты ашайық. (Сиқырлы әуенмен кітап ашылады)
Кәмпитті ағашты көреміз. Қандай қызық ағаш. Әр бұтасында кәмпит өсіп тұр, бұл жәй кәмпит емес, онда не жасырынған екен. (Кәмпиттерді ашу)
1. Бірінші кәмпит тақпақтар.
10-бала.
Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.
11-бала.
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
12-бала.
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүр жасап.
Ауырмашы анашым.
13-бала.
Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын ақ мамам
14-бала.
Айтсаң болды тіл алам.
Әйбат мамам әй мамам.
Сені көрсем қуанам.
Сен керексің қашанда.
2. Екінші кәмпит.
№4 Ән: «Құттықтаймын мама!»
3. Үшінші кәмпит №5 Ойын: «Кәмпит тасу» (аналары мен балалары)
- Төртінші кәмпит №6 «Қанекей кір жуайық» (қыздар)
Жүргізуші: Балалар, кәне кім таға да әжелер, аналар туралы мақал-мәтелдер біледі? Ортаға шыға қойындар:
15 бала:
Анамның тілі,
Аяулы үні
16 бала:
Ақ бетіңнен сүйемін
Келші, келші ақ мамам.
17 бала:
Ананың сүті –бал,
Баланың тілі-бал.
18 бала:
Күннің шуағы- жылы,
Ананың құшағы- жылы.
Енді кезекті ұлдарымыздың биіне береміз.
№6 Би: Би: «Апазшылар биі» (ұлдар)
- Бесінші кәмпит №7 Би: «Қамажай» (қыздар)
Жүргізуші: Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған — анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Құттықтаймын анашым мерекеңізбен!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!