Жеңіс күні

Сабақтың тақырыбы: Жеңіс туы желбіре
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд
Сабақтың жүру барысы:
Өздеріңе белгілі 1941 жылы 22-маусым күні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан елімізге Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер-жердегі ауыл-селоға тарады. Ер азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұранып кетті. Қасиетті жеріміз бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн. адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына биыл 66 жыл толып отыр. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басым иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
(1 минут үнсіздік)
Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 66-шы көктемі де келіп жетті.
66 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
66 жыл шуақты күн таратты әнін.
66 рет көктемде содан бері
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады.
Ару қыздар – алаулап от кешкендер,
Сыздап тұр – ау әлі күн оқ тескен жер.
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде
Ару қыздар – алаулап от кешкендер.
Алаулап от жалындар,
Отқа ораған далалар.
Жарты ғасыр өтсе де,
Естен кетпес сол жылдар.
Қару алып ағалар,
Қырға шығып аналар.
Жеңу үшін дұшпанды,
Ту көтерді бабалар.
Бақытты өмір күн үшін,
Мәңгі тыныш түн үшін.
Қан майданда елім қан кешіп,
Ұлы жеңіс орнатты.
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамған
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
Соғыс жалмап аға-іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
Ән «Ел қорғауға әзірміз»
Жүргізуші: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикалармен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1млн 870 мың қазақстандықтар болған.
Туған жер өскен орта, байтақ дала
Махаббат, ыстық жүрек, құмарлана
Сүйеді Төлегендей ер баласын
Баулыған батырлыққа отан- Ана!
Ажал боп төнген жауына,
Дауылды көктің қыраны.
Оралды Алатауына,
Ерліктің өжет бір әні.
Таңғалтқан батырлығымен,
Тарланбоз Талғат ағамыз.
Жүргізуші: Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін қатты сағынғанда, қолы қалт босағанда анасына жазған сағыныш хаттары бір толастаған емес. Бұл 1943 жылдың күз айы болатын.
Мәншүктің хатын оқу
Ән «Батыр бала Болатбек»
Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз,
Көбейе берсін ырыс – құт.
Бақытты болсын балалар
Соғысты сүймес адамдар
Өркендей берсін қалалар,
Гүлдене берсін далалар.
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерленген құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұланы
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді әке боп,
Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді алақай!
Тоя жейтін нан болып
Ойлап – ойлап тұрдым көп,
Сұрақ қойдым білгім кеп:
— Қуанышты мереке —
Жеңіс күні қай күн? – деп
Атамнан да сұрадым,
Әкемнен де сұрадым,
Ағамнан да сұрадым,
Анамнан да сұрадым.
Тосты бәрі құлағын:
— Дұрыс, — десті сұрағың.
— Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні шырағым!
«Қазақтың қос шынары»
Ән «Әркашан күн сөнбесін»
Ән «Ақ көгершін»
Қорытынды
Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міні!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!
Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті!
Жер бетінен жамандық мүлдем кетті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

Тақырыбы:
Мақсаты: Балаларға батырлық,ерлік туралы түсінік беру, бала бойына батырлық жігерлік қасиеттерді қалыптыстыру. Рухани отансүйгіштік сезімді дамыту, сөйлеу мәдениетін, тілдік қорын байыту.
Білімділігі: Балалардың Отанға деген білімділігін арттыру.
Дамытушылығы: Әңгімелесу арқылы баланың ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларды достыққа , бейбітшілікке тәрбиелеу.
Керек құралдар: Батырлар суреттері.
Қолданылытын әдіс-тәсілдер: әңгіме, сұрақ-жауап, мақтау, мадақтау.
-Қанекей балалар, бір-бірімізге жылылық беріп, жақсы тілектерімізді айтайық.
Шаттық шеңбері:
Бүгін күн жылы болып,
Еліміз аман болсын!
Әдепті болайық.
Бәріміз аман болайық!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем.
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Үш ай бар.
Айларды атайықшы?
-Наурыз,сәуір,мамыр.
-Балалар , біздің мемлекетіміздің аты қандай?
-Қазақстан.
-Қаламыздың аты қандай?
-Жаңаөзен.
-Қазақстан Республикасының Президентінің аты кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-Өте жақсы балалар.
-Балалар біз жақында 1-мамыр ынтымақ, бірлік достық күнін тойладық.
-Балалар біздің бүгінгі сабағымызда біщдің әрқайсымыздың жадымызда өшпес із қалдырған Ұлы Жеңіс күніне байланысты болады.
Жер бетіндегі барша ізгі ниетті адамзат екінші дүниежүзілік соғысытың жеңіспен аяқталғанына 72 жыл толуын зор тарихи оқиға ретінде атап өтетін болады.
Жеңіс күні бүкіл бүкіл адамзат аңсаған күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9-мамыр азаттық күрестің айбынды күні.
-Балалар, батыр деп біздер кімдерді айтамыз?
-Елін ,жерін қорғайтын адамды.
-Дұрыс айтасыздар, батыр деген олар дұшпанға қарсы тұратын елін, жерін қорғайтын батыр ағаларымызды айтамыз.
-Ендеше балалар, батырлар елін, жерін немен қалай қорғағандарын білесіңдер ме?
-Қару жарақтармен,автомат, пулемет.
-Жарайсыңдар. Соғыс кезінде неше түрлі қарулар болған, соның ішінде пулеметті жақсы меңгеріп еліміздіқорғаған батыр ержүрек апаларымыз апаларымыз Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова.
Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздарын мақтанышпен атайды. Ата-анасына ерте айырылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай,дамыл түсіреді.Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай дамыл таппастан әскерге өзі сұранып жоғарыға мынадай өтініш жазады.Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым жа жоқ, апайым да жоқ, сондықтан да өзімді жіберіңіз. Ел үшін қан төгіп ,жан беріп жатқан Отандастырына қалай да өз жәрдемін бергісі келді. 1942 жылдың тамыз айында Қызыл армия қатарына алынды. 1943 жылдың 15 қазанында Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,1 биіктігінде қан төгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі –пулеметімен дамылсыз оқ атып ,ерен оның ажал оғы болып өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті.
1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім білігін іс-жүзінде көрсетуін рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты.
Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласынаң құрсауда қалғаны оны қатты алаңдатын еді.
1944 жылы 14-қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Қазақстанның халық қахарманы Бауыржан Момышұлы кейінгі ұрпаққа үлгі етіп патриоттыққа көптеген мақал-мәтелдер қалдырған.
-Отанда опасызға орын жоқ.
-Ерлік тәрбиеден туады.
-Ерлік-бірлікт емес, жүректе.
-Жарайсыңдар ,балалар.
Сергіту сәті:
Бір,екі,үш
Бойға жинап күш!
Шынығамыз таңертең.
Ағалардай Отанға Солдат болам мен ертең!
-Дұрыс айтасыңдар,балалар жер шарындағы барлық балалардың тілегі осындай екен. Бейбітшіліік дегеніміз балалар аспанымыз ашық ,күніміз жарық, айналамыз толған гүл, міне осы бейбітшілік
Өмір. Ендеше балаларымыздың тілегіне тақпақтар ұсынамыз.
1-бала
Елге қауіп төнбесін.
Егестен адам өлмесін!
Есен-аман болайық
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
2-бала
Ойлап-ойлап тұрдым көп,
Сауал бердім білгім кеп,
Қуанышты мереке,
Жеңіс күні қай күн деп
Атамнан да сұрадым,
Көкемнен де сұрадым
Апамнан да сұрадым
Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні шырағым.
3-бала
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыма қатер бұлты төнген күнде
Болдырмауға соғысты.
Тойлаймыз біз жеңісті,
Қалалар келіп қалпына
Құлпыра түсті жер үсті.
4-бала
Жеңіс келді ән болып
Келді ауылға алақай,
Жеңіс келді алақай
Тоя жейтін нан болып.
5-бала
Батырларға әр қалада
Ескерткіштер орнады
Орналды ел жаңара
Ардагерлер арманы.
6-бала
Әлия бұл күнде
Әпкеміз деп жүреді
Көрінбейді медалбдан
Батырлардың кеудесі.
-Әрқашан еліміз тыныш болсын! Күніміз ашық жарқын шуақты болсын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *