Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

  • Жүн және одан жасалатын заттар

  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»

  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

  • Көңілді математика әлемі

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • циклограмма

  • Геометриялық пішіндер мен денелер.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

  • Қыркүйек айына арналған преспектива 2022-2023жж

  • Балабақша тәрбиешілерін артық есеп беруден арылтатын бұйрық туралы

  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2022

  • Мектептің мектепалды даярлық сыныбына арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудыңүлгілік оқу жоспары(5 жастағы балалар)

  • Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары

Коучинг сабақтар
Home›Коучинг сабақтар›Жұмбақтар сайысы

Жұмбақтар сайысы

By admin
13 мая, 2020
2609
0
Share:

Тақырып: Жұмбақтар сайысы
Мақсаты: 1.Оқушылардың ойлау шапшандықтарын дамыту
2.Сайысқа деген қызығушылықтарын арттыру
3.Ұжымшылдыққа, қамқор болуға тәрбиелеу.
Жұмбақ — ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Ол ертеден келе жатқанмен әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған.
Жұмбақ – қарым – қатынас жасаудың ерекше бір құралы. Жұмбақты шешу, оны ойлаудың өзі де өнер. Олай болса осы сайысымыз арқылы өз өнерімізді, білімімізді ортаға салайық.
— Балалар, өздерің түсінгендей бүгінгі сабақ сайыс сабақ түріне өтеді. Сайысқа қатысуға екі топ келіп отыр. Олар өздерін таныстыра жатар. Енді осы екі топқа әділ бағаларын беретін әділқазы алқаларымен танысайық:
Тәрбие жөніндегі орынбасар Жаңабаева Айсұлу
Кітапханашы Сүлейманова Дина
Көрнекілігі: Интеративті тақта.
. Сайыстың өту барысы.
«Жұмбақтар сыр шертеді» атты сайысымыз мынадай бөлімнен тұрады.
І кезең. Таныстыру
2 кезең. Сөзжұмбақ шешу.
3 кезең. Кім жылдам?(Әр топқа жаңылпаштар айтылады соны жылдам қайталап айту)
4 кезең. Үй тапсырмасы (Үйден дайындап келген жұмбақтарын жасырады.)
5 кезең. Сурет жұмбақ (қай суретте өзгеріс барын айту)
6 кезең. Әріптер жұмбағы.
7 кезең. Сандар жұмбағы.
8 кезең. «Ойна да ойла ( суреттегі бейнені қимыл — әрекет, ым — ишарамен топ басшысына түсіндіру.)
Сайысқа қатысушылар «Алғырлар», «Тапқырлар» тобы болып екіге бөлінеді.
Енді топ мүшелерімен танысуға көшейік. (әр топ — топ аты, ұраны және сәлемдесуімен таныстырады.)
Алғырлар
Ұраны: Жарыс десе жанамыз, Білекті бірді жығады,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз. Білімді мыңды жығады.
Тапқырлар
«Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.»
Сәлемдесу:
Қиындықтан қашпаймыз. Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз Көрсетеміз бізде қандай күш барын,
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз, Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз. Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
2. Бөлім: Сөзжұмбақ шешу.(Алғырлар тобына)
Ж
Ұ
М
Б
А
Қ
1. Төрт түліктің бірі.(жылқы)
2. Не көрсең көзін аш?(бұлақ)
3. Тышқанның жауы.(мысық)
4. Араның қорегі.(бал)
5. Періште не көрсе жолдан таяды?(алтын)
6. Тамақ ішетін құрал.(қасық)
2. Сөзжұмбақ (Білгірлер тобына)
Ж
Ұ
М
Б
А
Қ
1. Тауық жүнінен жасалатын зат (жастық)
2. Әже айналдыратын таяқ (ұршық)
3. Жеті қазынаның бірі (мылтық)
4. Қанаты бар ұшпайтын судағы құс (балық)
5. Көктемнің бірінші айы. (наурыз)
6. Мысық Мақтақызды несін төкті? (қатық)
3 «Кім шапшаң?» ойыны
Ойынның шарты, мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты қай оқушы жаңылмай, мүдірмей қайталайды және тез айтады сол оқушы жеңіске жетеді.
Асан бақша жақтан.
Ақ сабақ асқабақ әкелді,
Басқа жақтан.
Басқарақ асқабақ әкелді.
Қондық жаңа қонысқа,
Қалың екен жоңышқа.
Қоныстағы жоңышқа,
Оралады қонышқа!
Жабайы маралдар бар,
Араларында жаралы маралдар бар.
Шалшық, балшық,
Балшық, шалшық,
Балшықтан ал шық
4 Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы бөлімінде екі топ бір — біріне үйден дайындаған жұмбақтарын жасырады.
5 Өмірде жоқ, Өңірде бар.
Ауырда жоқ, Жеңілде бар (ң әрпі)
Дыбысы жоқ өзінше, Тынысы жоқ өзінше,
Қатаңдатып жіберер, Өзге әріпті көзіңше (Ъ белгісі)
Қос аяққа ұқсаған.
Тізесінен тұсаған (А)
6. Бөлім. Сурет жұмбақ
Қатар тұрған қос қазық ,
Қол ұстасқан достасып (Н)
Топ сақина секілді
Оң бүиірі кетілді (С)
Жалғыз таяқ болып тұр
Төбесінде доп тұр (І)
Әріп десең бүйірі тоқ,
Сан десең салмағы жоқ(О)
ә.Сан жұмбақ
Ала шапан киініп
Қарбыз жатыр үйіліп
Қарбыздарды шетінен
Санап шықтым екіден
Бесеу болды жұп саны
Нешеу болды түп саны (10)
Алдында үш балапан
Артында үш балапан
Ақ тауық пен балапан
Айтшы санын ,балақан (8)
Көлден ұшты жеті қаз
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане ,кім тез шешеді(5)
Талдан ұшты топ торғай
Емес бірақ көп торғай
Алдында оның бастаушы
Артында төртеу қостаушы
Ойың жуйрік болса егер
Торғай нешеу ,есепкер (5)
Жаңа ғана шалғында
Алты бұзау жүр еді
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі
Нешеуі енді жайылып
Жүргенін айт ,айырып? (5)
Тал басында
Тізіліп
Он жапырақ тұр еді
Жел соқты да
Үзіліп
Ұшып кетті біреуі
Ізінше оның
Жұлынып
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі (4)
Табақта бес алма
Қолымда 2 алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма?
Бір алма атама
Бір алма апама
Нешеуін алады,
Нешеуі қалады? (5)
4.Сөзжұмбақ шешу
5.Санамақ.
7.Кел ,санайық,санайық,санайық та табайық
Ойын бастаушы;Жаңа ойынды көрейік ,ойын аты санамақ
Санап талдап берейік,әрбір атты даралап.
Ал,санайық,санайық,ретіменен әдепкі
Құралдарды табайық,құрылысқа қажетті.
Балалар;
Балта,балға,бұрғы,егеу,күрек,сүргі,қашау,зембіл,ара,қайрақ,қалақ,қайла.
-Тоқта қайта сана
Жә,жә,жетті ,қанша болды бәрі?
Балалар;12 болды саны.
Ойын бастаушы;
Ойын шартын жаңалап,тағы ойнайық санамақ
Енді аң мен құстарды ,түгендейік саралап.
-Бүркіт,елік,үкі,қарға,құлан,түлкі,барыс,бұғы,тартар,шымшық,бұлбұл,арқар
Балалар;12 болды барлығы.
-Ал санайық,санайық мақсат мынау ондағы
Ағаштарды табайық,көпшілікке белгілі.
-Қарағай,қайың,шырша,үйеңкі,емен,арша,самырсын,терек,алма ағаш,долана,жиде,қарағаш,шие.
Балалар;13 болды бәрі.
Ал,санайық,санайық, интернаттағы қыздарды
Дильназ,Жұлдыз,Айдана,Әйгерім, Инабат,Жайна,Ағырке,Мөлдір,Бану,
Таңшолпан,Сымбат,Мерей,Жанат,Әдемі,Гүлдана.
Балалар;15 болды барлығы.

Previous Article

Жеңіс күні

Next Article

«Қызыл телпек» ертегісі. Көркем әдебиет оқу қызметі

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Коучинг сабақтар

    «Я выбираю здоровье. Глагол»

    16 мая, 2020
    By admin
  • Коучинг сабақтар

    Қашықтықтан оқуда ағылшын тілі пәнінен тиімді «QUIZZE» ойындары

    15 мая, 2020
    By admin
  • Коучинг сабақтар

    Түркістан облысы Кентау қаласы «Серт» шағын жинақталған жалпы орта мектебінің тренері Закирбаева Айша Сайдуллаевнаның коучинг сабағының жоспары

    18 мая, 2020
    By Закирбаева Айша
  • Коучинг сабақтар

    «ЖАҢАЛЫҚҚА БАСТАҒАН – ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА» АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КОУЧИНГ

    9 мая, 2020
    By admin
  • Коучинг сабақтар

    Жаңартылған білім берудің тиімділігі мен ерекшеліктері

    27 сентября, 2020
    By admin
  • Коучинг сабақтар

    Бағалау және оның түрлері

    11 мая, 2020
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    Математикадағы жеті түсті гүл

  • Балабақша

    «Көктем гүлдері»

  • Балабақша

    День Независимости

 

Жаңа жарияланымдар

  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды
  • Жүн және одан жасалатын заттар
  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»
  • «Менің үйім»
  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат
  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы
  • Көңілді математика әлемі
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • циклограмма
  • Геометриялық пішіндер мен денелер.
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

Күнтізбе

Февраль 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
« Янв    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика