«С-Ш» дыбыстарын ажырату

Сабақтың тақырыбы: «С-Ш» дыбыстарын ажырату

Сабақтың мақсаты: С-Ш дыбыстарының артикуляциясын нақтылау, дыбыстарды буында, сөзде, пароним сөздерде, сөйлем ішінде ажырату, дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру, фонематикалық қабылдауын, байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын арттыру, ойлау, зейін, есте сақтау қабілетін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: айна, слайд, суреттер, трафареттер, ойыншықтар т.б.

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Балалар, бүгін біздің сабаққа насос пен жылан қонаққа келді. Сендерге өздерінің ғажайып қалтасын әкеліп, заттарын көрсеткісі келеді. Ал біріншіден еске түсірейік, насос қандай дыбыс шығарады? (ш-ш-ш), ал жылан ше? (с-с-с). Олай болса, С-Ш дыбыстарының артикуляциясына тоқталайық.
С дыбысын айтқанда ерін езу тартып, күлген кездегідей, тістер көрінеді.
— Тілдің ұшы төменгі тістердің түбіне тиеді.
— Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында жырашық болады, сонымен ауа жолы жүреді, жабық дауыс шымылдығының дірілінен С дыбысы шығады.

Ш дыбысын айтқанда ерін дөңгеленеді де, алға қарай жиырылады, тыныс тілдің арасынан бірқалыпты шығады, алақанды ауызға жақындатқанда жылы дем сезіледі. Жабық дауыс шымылдығының дірілінен Ш дыбысы жасалады.

С-Ш дыбыстары дауыссыз, қатаң.
2. Дидактикалық ойын. «Ғажайып қалта». Дыбыстардың сөздің басында, ортасында, аяғында кездесуін айту.
3. Дыбысты буында, пароним сөздерде дұрыс айту.
Са-ша сым-шым
Со-шо ас-аш
Су-шу ос-ош
Сы-шы ус-уш
Сай-шай ыс-ыш
Сал-шал асық-ашық
Асыл-ашыл асыл-ашыл
Қасық-қашық ста-шта-ста
4. Ойын. «Ашық буынды жабық буынға алмастыр» (доппен)
Са-ас ша-аш со-ос шо-ош су-ус шу-уш әс-сә шұ-ұш ше-еш

5. «Көңілді тіл туралы ертегі»
Көңілді тіл өзінің үйшігінде тұрып жатады. Көрсетейік: қалай ашылып-жабылады?Тіл үйінде отыра алмайды, далаға шығады(тілін шығару). Міне ол күнге шығып, жылынып жатыр(жалпақ тіл астыңғы ерінде). Кенеттен жел соқты, тіл тоңып кетіп үйіне кірді де есігін жауып алды. Тіл тәтті қайнатпамен шай ішіп, төменгі ерінге қайнатпа жұғып қалды, оны

жалады(төменгі ерінді жалау). Соңынан тісін тазалады. Тіл үйшігінде ұзақ отыра алмады. Далаға шықса, күн жарқырап тұр екен (күн жасау), балалар футбол ойнап жүр екен. Ол да қосылды, қақпаға доп соқты.(еріндерін жымитып, мақта допқа үрлеу). Көңілді тіл шаршап, үйшігіне келіп ұйықтады.

6. С-Ш дыбыстарына сөздер, есте қалғанын дәптерге жазу, талдау.
7. Трафаретпен жұмыс.
8. С-Ш дыбыстарын сөйлемде айтуға машықтандыру.
9. Көп нүктенің орнына С-Ш дыбыстарын қойып, мәтінді оқу.
Мысық пен тышқан.
Мы…ық ты…қанды қуды. Ты…қан далаға қа…ты. Ол аға…тың ара…ына тығылды. Мы…ық ты…қанды таба алмады.
10. Саусақ қимыл жаттығуы.
11. «Адасқан әріптер» ойыны. Әріптер адасып қалыпты, олардың сөздегі орнын табуға көмектесейік.
Шабақ оқып, бес алдық, Бөркін киіп башына,
Бүгін алдық, кеше алдық. Үйден сықты асыға.
Ілінді сортан қармаққа, Төбет шүйек кемірді
Шортанды өзің салмақта. Содан күнде семірді.
12. Жаңылтпаш айтып жарысайық.
Сорпа іштік Асан массаж жасар
Сорпа ыстық. Массаж жасап шаршар.
Сондықтан
Қорқа іштік. Шын еңбекші — өрмекші,
Өрмекші шын — өрнекші.
13. Ойлау көркі – шешу. Айырмашылығын тап.

14. – Бүгін қандай дыбыстарды дұрыс айтып, қайталадық?
— С-Ш дыбыстары дауысты ма, дауыссыз ба?

15. Үйге тапсырма беру.
— С-Ш дыбыстары кездесетін мақал-мәтелдер жаттап келу.

16. Әр оқушыны біліміне, белсенділігіне қарай мақтап, мадақтау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *