Отбасындағы бала және еңбек тәрбиесі

Досанов Айдар Косалович

Ақтөбе қаласы, Ойыл уданы

Қараой мектеп – балабақшасы

Еңбек пәнінің мұғалімі

 

Отбасындағы бала және еңбек тәрбиесі

 

Отбасы — адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы – ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.
Отбасында балалардың мүмкіндіктерін барынша дамытып, оны өмірде қолдана білуге, еңбек етуге, еңбектің қандай түрін болса да атқаруға психологиялық тұрғыдан даяр болуға, шығармашылық әрекетке даярлыққа, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп отыруға тәрбиелеу қажет. Жеке бастың пайдасы мен ұжымдық пайданың үйлесімділігін табуға, іскерлікке, ізгілікке, өздігінен іздегуне, өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелеудің мәні зор.
«Балының құқы жөніндегі конвенцияда» отбасында баланың құқын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейрімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке-бірлікті, түсіністікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқы қорғалуы тиіс.
Баланың ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.Баланы тәрбиелеу үрдісінде баланың ата-анасына және ата-анасының баласына қатысты сезімдері өте маңызды болып келеді: бұл тиянақты екі ұшындай. Және де егер ата-аналар – балалар қарым-қатынасының негізінде махаббат болмайтын болса, қалғанының бәрі жасанды және қалтылдақ іргетаста (қорқынышта, бағынуда, кінәлі сезімде және т.б.) болады. Барлық ата-ана баласын еркелетіп өсіреді. Тек, осы еркелету шектен тыс болса, оның зияны өте зор. Керісінше, біздің көптеген ата-аналарымыз баласының қалаған барлық тағамын ішкізіп, қалаған барлық киімін үстіне жапсырып, қалаған барлық заттарын сатып алып береді. Мұны ұл-қызының мұқтажсыз өмір сүруіне жағдай жасау деп түсінеді. Содан бала ешнәрсенің нарқын да, парқын да білмей өседі. Ержете бастасымен-ақ ата-анасына өтініш көбейіп, «аспандағы айды алып бер», — деуден де тайынбайды. Тіпті, өсе келе баланың өтініш, тілегін бұлжытпай орындалуға тиісті талапқа, бұйрыққа да айналады.Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар – әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі – отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекетіміз мықты болуы мүмкін емес. Бала – ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *