Сан есім

Шымкент қаласы

Мектеп:Абдраш Назарбеков атындағы 87 жалпы орта білім беретін  мектеп

Мамандық: Бастауыш сынып мұғалімі                                                                                                                             Зейнабилова Гульзада Толебаевна

    Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Қазақ тілі Мектеп: Абдраш Назарбеков атындағы 87 жалпы орта білім беретін  мектеп

 

 

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым.

Ортақ тақырып: «Саяхат»

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:  Зейнабилова Гульзада Толебаевна
Сынып: 2 А Қатысқандар:-24
Қатыспағандар саны:-
Сабақтың тақырыбы Сан есім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

 

 2.1.3.1 — күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

2.2.3.1 — мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

2.3.1.1 — мұғалім көмегімен жеке сурет арқылы шағын әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу

Сабақ мақсаттары

 

 

Жеке суреттерді пайдалана отырып, әңгіме құрап жазу.

Сан есімді сұрақ қоя отырып ажырату.

Сан есімге байланысты мақал- мәтел құрастыру.

Бағалау  критерийлері Жеке суреттерді пайдалана отырып, әңгіме құрап жазады.

Мәтінді оқып, сан есімді сұрақ қоя отырып ажыратады.

Сан есімге байланысты мақал- мәтел құрастырады.

Тілдік мақсат

 

Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы:

Сан есім, қанша? Неше? Нешінші?

Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері:

Егжей-тегжейлі, бекерден-бекер, туризм.

Құндылықтарды дарыту Қазақстандық патриотизм, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық.
Пәнаралық байланыстар Математика, дүниетану
Алдыңғы меңгерілген білім Сөз таптарын біледі,

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

3 мин.

 

 

 

2 мин.

 

 

 

5 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин.

 

(Мк) Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал: Оқушыларды шаттақ шеңберге тұрғызу (Оқушылар өзінің есіміне сын есімді қосып айтады).

 

 

Топқа бөлу

Оқушылар сөз таптарына байланысты сөздермен топқа бөлінеді.

1-топ «Зат есім» 2-топ «Етістік» 3-топ «Сын есім»

Білу. (Ұ) «Иә, жоқ» ойыны арқылы сөз таптарын бекіту.

Сұрақтар:
1. Зат есімге кім? Не? сұрақтары қойылады?              -иә

2. Бота сөзі жалпы есім?                                                -жоқ

3. Үйлер сөзі зат есімнің көпше түрі?                           — иә

4. Не істеді? Қайтті?  сын есімнің сұрақтары?            -жоқ

5. Ойнайды сөзі етістік?                                                  -иә

 

 (Ұ, Ө) Білу және түсіну. Видеожазба  тамашалау. Видеожазбаны мұқият көріп, тыңдап қай қалаға саяхатқа шыққанымызды анықтап, тақырып бойынша түсінік қалыптастыру.

Ашық және жабық сұрақтар:

Видеожазбада неше қалаға саяхатқа шықтық? Жауабы: 1

Қай қалаға? Иә Астана қаласы.

Астана қаласының қанша зәулім ғимараттарын көрдік, санадық па? Жауабы: (1,11)

Бұл сөздер заттың несін білдіріп тұр? Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сөз таптарының бірі «Сан есім».

Сан есім дегеніміз не?

Ереже құрастыр.
Қорытынды шығару. (топтар постерға сан есім туралы ереже құрастырады).
Мұғалім қорытындылап салыстырып, ережемен таныстырады.

 

 

 

 

 

А4 қағазына жазылған сөз таптары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақта.

Сабақтың ортасы

5 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           2 мин.

5 мин.

 

 

 

(Ұ,Мк) Қолдану. 1-тапсырма. Белсенді оқыту.

 «Допты лақтыру» ойыны. Ашық және жабық сұрақтарға жауап береді.

Мәтінді түсініп оқу арқылы, диалогке түседі.

— Туризм дегенді қалай түсінесің?

— Саяхатшылар саяхатта жүргенде не істейді?

— Мәтіндегі қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді ата?

Дескриптор: 

—      мәтінді түсініп оқиды.

—      сұрақтарға жауап береді.

—  қанша? неше? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді табады.

Қалыптастырушы бағалау:

«Білдім, білемін, үйренгім келеді» кестесі арқылы.

Білдім Білемін Үйренгім келеді
     

 

(Т) Талдау. Саралау тәсілі. 2-тапсырма. «Астанаға саяхат» тақырыбына байланысты, әр топқа Астана қаласының әдемі ғимараттарының суреттері беріледі. Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді пайдалана отырып, жұмыс жасайды.

I-топқа Байтеректің суретін салу.

II- топқа Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді пайдалана отырып, әңгіме құрастырады.

III- топқа Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді пайдалана отырып, өлең шығарады.

(А)

(В)                           (С)

 

 

Дескриптор:

—          сурет бойынша әңгіме құрастырады;

—          әңгімені құрастыру барысында сан есімді қолданады.

Қалыптастырушы бағалау:

«2 жұлдыз 1 тілек» әдісі арқылы

 

 

ергіту сәті. Көңілді күн,

(Ө) Қолдану. Жазылым. 3-тапсырма Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз. Сан есімнің астын сыз.

Дескриптор:

— мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып, қатесіз көшіріп жазады.

— сан есімнің астын сызады.

Қалыптастырушы бағалау:

Бір-бірінің қатесін тексеру арқылы бағалау.

Энциклопедия

журналдар, сөздік кітаптар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин.

Жинақтау. 4-тапсырма.  «Ойлан, жұптас, бөліс» ойыны.

Әр топ суреттер арқылы сан еісмге байланысты мақал-мәтелдер құрастырады.

1-топ:

Жүз теңгең болғанша,

Жүз досың болсын.

ІІ-топ:

Алтау ала болса ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі  келеді.

ІІІ-топ:

Батыр бір рет өледі,

Қорқақ мың рет өледі.

 

Дескриптор: 

—       сан есімге мақал-мәтел құрастырады;

—       мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіреді.

Кері байланыс:

«SMS» хабарлама арқылы. Оқушыларға қағаз ұялы телефондарға сабақтың қалай өткендігі туралы, ол қалай жемісті жұмыс істегені туралы бір-біріне қысқа хабарлама (SMS) жазу ұсынылады.

 

Үйге тапсырма: 26 жаттығу. Жұмбақты шешу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А4 қағазда салынған ұялы телефон суреті.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *