Елбасы еңбектеріндегі тәуелсіздік стратегиясы
Елбасы еңбектеріндегі тәуелсіздік стратегиясы
Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өзі жазған еңбектерінің ішінде «Қазақстан жолы» деген атпен дүниеге келген кітабының орны ерекше. Кітапта тәуелді емес жас мемлекеттің қалыптасу жолындағы айрықша іздері сөз болаы. Алғы сөзінде: «… осыдан он жыл бұрын дәл осылай болатынына ешкім сенген жоқ. Әсіресе, Астананың бүкіл Еуразия құрлығында жаңа рухани, экономикалық және саяси аңсардың орталығына айналарына кім сенетін еді? Қазақстан Еуразия құрлығындағы экономикалық және саяси реформалардың көшбасшысына, бейбітшіліктің эпицентріне айналарына кім сенетін еді? Менің осы кітапты жазуды қолға алуым нақ сондықтан еді. күшке түскенін айтқым келеді. … мен біздің Жастарыызға, өнгткен жылдардағы оқиғалардың – барлық өзгерістердің қалай бастағанын, қалай жүргенін, өзімізге аса қиын болған кезеңде қабылданған шешімшүдердің неізгі қисыны неде екенін көрсететін нақты фактілердің, шынайы сараптамалардың жетпейтіндігін түсінетін едім. Мне, сондықтан да мен бұл табыстарға жету үшін жүріп өткен жолдың әр қадамының қаншалықты қиын да азапты болғанын айтып бергім келді», – деп автор бұл еңбекті жазуға не түрткі болғандығына тоқтала кетеді [34, 44 б.].
«Қоғамның идеологиялық шоғырлануы — Қазақстан прогресінің шарты ретінде» (1993). Қазақстан тәуелсіздігі жаңа философияны — егеменді Қазақстанның идеологиясын, жаңа мемлекетті құрудың бағыттарын нақты белгілейтін дамуды қажет етті. Халықтың көпшілігі «казарма социализм» тұрғысынан ойлаған және көпшілігі әлеуметтік тәуелділік философиясын дамыған Қазақстанда нарықтық негіздерді енгізумен қатар тәрбие жұмысын жүргізу өте маңызды болды. Осыған сүйене оырып, Ұлттық кеңес Н.Ә. Назарбаевқа Республика азаматтарына өзінің тұжырымдамасымен жүгінуді ұсынды. Елбасының «Қоғамның идеялық шоғырлануы — Қазақстан прогресінің шарты» атты еңбегінде өз пікірлерін білдірді. Онда Елбасы проблеманы: қазіргі Қазақсан идеологияға мұқтаж ба, жоқ па? Ол идеология кез-келген мемлекетте, әсіресе дамушы елдерде жасалынған көзқарастар мен идеялардың жиынтығы екенін атап өтті. Ол сыртқы және ішкі саясат қағидаттарын, мәдениет пен білімнің одан әрі дамуын айқын анықтайды. Осы негізде, Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайға баға беріледі, өтпелі кезеңнің мәні мен Қазақстанның нақты тәуелсіздікке қол жеткізу және тұрақтылықты сақтау мақсаттары ашылады. Мұндай жұмыстың пайда болуы бұдан да маңызды болды, өйткені Қазақстанның қоғамдық ой-пікірі үлкен қайта құруға дайын болмады және өзінің қуатты әлеуетін нашар түсінді.
«Еуразияшылдық идеясы» (1994) еңбегінде құрлықтың орталық бөлігі планета картасында әрқашан ерекше орынға ие болды. Мұнда бірегей еуразиялық халықтар қауымдастығы құрылды. Евразия құрлықтық державалар алып жатқан және Ұлттарды бөлетін шөл сияқты үлкен табиғи бекініс ретінде саналды. ХХ ғасырдың геосаяси ойында континенттің жағалаулық жиегінен айырмашылығы Жүректік — құрлықтың жүрегі деген ұғым белсенді дамыды. Соңғы уақыттар және әлемдегі соңғы геосаяси
37
өзгерістер Қазақстан жері орналасқан құрлықтың өзегіне жаңа міндет қойды. Бұл аймақтың дамуына негіз болатын еуразиялық идеяға деген жаңа қызығушылықтың себебі. Бірақ, еуразиялық ұлт болғандықтан, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың пікірінше, мұнымен жалғыз қалу мүмкін емес. Еуразияшылдық ерекше категорияны құрайтын ұғымдар мен мәдениеттердің кең спектрін қамтиды — өз табиғаты бойынша көпір өркениеті болып табылатын еуразиялық өркениет. Құрлықтар, мәдениеттер және халықтар арасындағы көпір. Осыған тап болған Н.Ә. Назарбаев еуразиялық интеграция идеясына қисынды түрде келді, бұл тек тамырына қайта оралу ғана емес. Елбасы Н.Ә Назарбаев еуразиялық идеяның мәні — сөзсіз және қажеттілік — мәдени және саяси мәні туралы айтады.
«Тарих толқынында» (1999) өзінің кітабында Елбасы «біз жаңа Қазақстанды этнократиялық мемлекет ретінде емес құру (оның құрамына әлеуметтік жүйе этникалық негізде бір ұлт өкілдерінен құралған элитаның құрамына кіретін әлеуметтік жүйе) құру маңызды», — деп атап көрсетті. бостандықтар теңдігі қағидаттарына негізделген азаматтық қоғам ретінде қалыптасуы. «Тәуелсіздік – Құдайдың ұрпаққа берген үлкен сыйы, халқымыздың өшпес әрі мәңгілік құндылығы». Ал тәуелсіздік пәлсапасының басты ұғымы – мемлекет. Олай дейтінім, тәуелсіздік дегеніміздің өзі ұлтың, халықтың, ұлттық мемлекет құру туралы қиял-арманынан, мақсатынан, шалқар биігінен туындайтын мазмұн. Осылай болғандықтан тәуелсіздіктің нақтылы саяси бақыты, биігі – ұлттық мемлекет. Басында, ел ішінде саясаты жоқ халықта тәуелсіздік туралы тек арман және қиял ғана болыып қалмақ.
Еліміздің дамуында Елбасының саяси әрі сан қырлы реформалардың атқарған рөлі зор болды. Елбасы өз кезегінде жас елімізді жаңа сапа жоғарына көтеруге негіз болды. Қазіргі таңда елімізде реформалар практикасының нәтижелі екендігін әлемдік сарапшылар ғана емес, сонымен бірге шетелдердегі басты мемлекеттер көшбасшыларының өздері де мойындап әрі тамсанып отыр. Қазақстанның лидерлігі бақытты таңдалған өткен дәуірдің экономикалық әрі саяи моделіне бағытталған. Ол әрине мықты Президенттік яғни баснешылық билік және оған қоса тез экономикалық өзгерістер (реформалар). Елбасы еңбегінде қазақ елі экономикасының рыноктік моделін құру кезінде экономикалық іс- шаралардың жан-жақты ойластырлыған пәкетін жасап қана қоймай, оларды политикалық ерік-жігер және өз алдымызға дербестікті бекіту арқылы соларды айқын түрде жүзеге асыру мәселесі тұрғандығын баян етіледі. Тәуелсіздік стратегиясы ондаған немесе миллиондаған пенденің мүддесіне сай жоспарлануы өзгермес қағидат болуы шарт еді.
Тәуелсіздік стратегиялық жоспарда ең алдымен ел ретінде жан-жақты дамып, ішкі саяси түрақтылығға қол жеткізе отырып, мемлекеттік интсттут құрып, әртүрлі әлемдік ұйымдарға мүше болу жобасы жасалды. Стратегия Қазақстандық елдің өзін толық білуі жөніндегі мәселенің идеологиялық кірпішін қалаған республикалық тұңғыш ресми құжаттардың бірі болды. Стратегия екі экономикалық принципке негізделді. Біріншіден, жарысуға
38
негізделген социологиялық рыноктік экономиканы құру. Екіншіден, адамның экономикалық тұрғыдан өзін-өзі пайымдауы принципін жүзеге асыру үшін құқықтық және басқа жағдайлар жасау. Жалпы, стратегияда көзделген өзекті мәселе жоспарлы экономикадан рынокқа тоталитарлықтан либералдық саясатқа өту идеясы еді. «Былайша айтқанда, – деп жазады Елбасы бұл құжат турасында, –Стратегияның түйінді идеялық мәні «жақсы тұрмыс – баршамыз үшін» деген ұғым болды. «Жақсы тұрмыс – баршамыз үшін» деген принципті ұстана отырып, біздің мемлекет кәсіпкерлік еркіндік қызметтің кез келген қалаулы саласына күш жұмсау мүмкіндігін ниет еткешн әрбіреуді қамтамасыз ету арқылы баршаға қолайлы жағдай туғызатынын мәлімдеді. Мұндай жағдайда неғұрлым қабілетті, еңбекқор және іскер адамдар қоғамда соғұрлым жоғары әлеуметтік мәртебеге жететін болады.
Сонымен бір мезгілде біз экономиканың өсуі мен тұрақтануына, оның әлемдік қауымдастыққа өзгеруіне қарай еңбек кірістерін, зейнетақылар мен жәрдемақыларды көтеруге уәде бердік. Тарихтың өзі көрсеткендей, біз берген уәдемізді орындап шықтық. 1992 жылдың аяғында менің бұл стратегия тек үлкен жолдың басы ғана деп мәлімдеуіме сенетіндер аз болды. Дағдарыстың нағыз қызған шағында стратегия әрбір адамның тең мүмкіндіктерді өз еркімен таңдауына және өздерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси мүддесін жүзеге асыру үшін экономикалық тұрғыдан өзін-өзі пайымдауына жол ашатын көп укладты нарықтық экономикасы бар кәдімгі демократиялық қоғамды құруға арналған бағытын айқындады. Біз заң, халық еркі мен таза ақыл-парасат билік ететін қоғамды құруға ұмтылдық. Ол іскер де ақылды адамдардан тұратын ауқатты және табысты азаматтардың қоғамы еді» [35, 355 б]. Бұл стратегияның дамып, жүзеге асуына сенгендерден күмән келтіргендер санының көбірек болғандығына тарих куә. Әртүрлі сыни көзқарастарға да тарих беттерінен орын болды. Арада жылдар салып қарағанда автор бағыттардың жүйесі соншалықты хақ болып ұсынылғандығын, оның өте керемет бағдарлама болғандығын айтады. Саяси және экономикалық салаларда 4 бағыт және идеялық қосу саласында да 4 бағыт болды. Біріншіден, формальді-заңи тәуелсіздіктен нақты тәуелсіздікке көшу міндеті қойылды. Екіншіден, бұл кезеңде елдікті нығайту стратегиялық бағыт баолып анықталып, таңдалды. Үшіншіден, нақты және үлкен көлемді экономикаық реформалар бағыты таңдап алынды. Төртншіден, сыртқы экономикалық партнерлікті таңдаудағы прагматизм және тұтастай прагматикалық дипломатиялық саясат еді.
Елдің идеялогиялық жаңғырудың мағынасы келесіден 4 бөлімнеен тұрды. Алғашқы, ұлтаралық келісім. Екіншіден, ішкі ұлттық бірлік. Үшіншіден, қазақи қоғамды жаңғыру идеологиясы жария етілді. Төртіншіден, діни төзімділік пен дін ұстанушылар еркіндігі ашылды. Яғни, автордың айтуымен айтсақ, «ережелердің бәрі де уақыт сынынан шалнбай, құламай өтті». Бірінші табыстарға қарамастан әлі де шешімін таппаған болашақта шешілер, көптеген мәселелер біріктіріліп қалған еді. Автор нақты айтады: «Мені айрықша мазалайтындардың бірі – жан баласының болып
39
жатқан өзгерістерді қабылдамауы болды». Экономиканың қатаң құлдырауы мен дағдарысы жағдайында Президент Жоғары Кеңестің отырысында «Президенттік Меморандум» танымалған атпен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесіне Жолдаумен шығып сөз сөйледі. Ондағы басты мақсат мемлекеттік биліктің жоғарғы шенді, сонымен қоса, саяси партиялар мен бірлестіктер қазақ жерінде қалыптасқан мәселеге точнолықпен қарап, дұрыс шешім шығарса және аяғында өзара келісу арқылы әрі сындарлы, нақ жұмыс істесе деген өзегімде үлкен ой жатыр. 1994 жылы көптеген өзгерістерде бетбұрыс жылы болды. Меморандум ақша-кредит және банктік жүйелерін түбегейлі реформалауды көздеді. Мемлекет қалыптасқан дағдарыс жағдайынан шығудың жалғыз ғана жолы ретінде ақшаны дәлдікке жетуді
нақты місндет етіп қойды. 1996
реформалау үрдісі толық қарқынмен жүрді.
экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету,
шығару базасын, қаржы жүйесін, әлеуметтік сала мен өндірістік секшторды жетілдіру, бұған қоса мекемелерді жалғыз монополиялық үстемдіктен арылту, жекешелендіру, біреулерді құрдымға ұшырату енді біреулерді банкрота болудан құтқару-реформаның басты бағыты болды. Яғни Елбасының стратегиялық даму жолында еңбегі зор екендігі хақ.