Бағдаршам

Мақсаты: Бағдаршам қызметімен таныстыру.Жолда жүру ережелерімен таныстыра отырып,көшеде дұрыс жүруге үйрету. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру.Балалардың есту,есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.Жолда жүргенде сақ болуға,бағдаршам көздерінің тәртібін білуге,байқампаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Жол макеті,бағдаршам,жаяу жүргіншілер жолы,жол белгілерінің суреттері,мәшинелер.
Тәрбиеші: -балалар,бүгін біздер автобусқа отырып көшеге саяхатқа шығамыз.Міне, біздің Жәнібегіміздің ең үлкен көшесі Ықсанов көшесіне келдік.Мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Үш көзі бар қаз-қатар,
Кезек-кезек ашады.
Үшеуінен байқасам,
Үш түсті нұр шашады
Балалар:-Бағдаршам.
Тәрбиеші: -Ия,дұрыс таптыңдар.Мынау балалар бағдаршам.
-Бағдаршамның неше көзі бар?Олардың түстері қандай?
Осы кезде зырылдауықпен Қоян келеді.
Қоян: -Сәлем достар, мына көшеде не істеп жүрсіңдер?
Тәрбиеші:-Сәлем қоян.Біз мұнда жол ережесін үйренуге келдік.Ал,сен не істеп жүрсің?
Қоян: -Мен мұнда ойнап жүрмін.
Тәрбиеші:-Қоян,сен жол ережесін білмейсің бе?
Қоян:-Мен барлық жол ережесін білемін.
Тәрбиеші:-Ендеше жолда неге ойнап жүрсің?Сен жол ережесін білмейтің сияқтысың ғой.Онда сенде балалармен жол ережесін үйреніп ал.
Қоян:-Жарайды.
Тәрбиеші: -Балалар,бағдаршам қандай қызмет атқаратынын білесіңдер ме?
-Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.
Бағдаршамның үш көзі — үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады.
-Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды,ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді. — Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлікпен жүруге де өте қолайлы.
-Енді,мен сендерге жол белгілерімен таныстырып өтейін.
-Балалар,жолда бағдаршаммен қатар көптеген жол белгілері тұрады.Олардың түрлері өте көп.Біз бүгін солардың негізгі түрлерімен танысамыз.
-Мына белгі шеңберге ұқсайды,түсі қып-қызыл ол белгі тоқта,қозғалысқа тыиым салынады дегенді білдіреді.
-Ал мына белгі ақ жолақтары бар,бұл жаяу жүргіншілер жолы деген білгі.
-Бұл белгі «Велосипед жолы» дегенді білдіреді.
-Ал,балалар сендер бағдаршам туралы тақпақ білесіңдер ме?

Қызыл көзін ашқанда,Үш түсті түсі бар,
Аяғыңды баспа алға. Жөн сілтер түрі бар.
Сары көзін ашқанда, Бағдаршам дегеннің
Қарап қалма аспанға. Сырын жақсы біліп ал Даян.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергі жасқан ба.

Қызыл шамы жанғанда Дана. Жасыл көзі жанғанда
Тоқтай қал аманда.Алдымыздан жол ашылды
Сары көзі жанғанда,Өте бер аманда
Дайын бол амандаАрмат. Жолымен қарасты. Айсезім

Тәрбиеші:-Жарайсыңдар,балалар!
Ойын: «Бағдаршам»
Ойын шарты: Жасылтүсті дөңгелекті көтергенде,балалар бір-біріне соқтығыспай машина болып гуілдіп әрлі-берлі жүреді.Ал қызыл түсті дөңгелекті көтергенде олар тоқтайды.Сары түсі дөңгелекті көрсеткенде жан-жағына қарап жүруге дайындалады.
Қоян:-иә,иә жол ережесі енді есіме түсті.Барлықтарыңыз маған қараңдар,мен сендерге,жолдан қалай өту керектігін көрсетемін.
Тәрбиеші:-ал,балалар,бәріміз қоянға назар аударайық.
Қоян:-Жолдың келесі бетіне өтпес бұрын бірінші сол жақтарына,содан кейін оң жақтарына қарайсыңдар.
«Көлік жоқ,өтуге болады» деп қоян зырылдағымен зулай жөнеледі.Бұрылыстын шыққан көлікті байқамай да қалады.Көлік қоянды қағып кетеді.
Жүргізуші:-Қоян,сен не жол ережесін білмейсің бе?Неге жаяу жүргіншілер жолымен өтпейсің?
Тәрбиеші:Бізге тез «Жедел жәрдем» керек.Қоянымыз қарақаттанып қалды.
Осы кезде дабылмен «Жедел жәрдем» келеді.Қоянның жарақатын таңып алып кетеді.
Тәрбиеші: -Жол ережесін есіме түсірдім деп,балалар,қоян бізді алдаған сияқты.Сендерге жол ережесі түсінікті ме?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші:-Олай болса,жол ережелерін қайталап шығайық.
-Балалар біздің саяхатымыз сендерге ұнады ма?
-Олай болса,балалар өзіміздің тобымызға баратын уақыт болып қалды.Автобусымызға отырып,қайтайық.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *