«Абай-дана, Абай-дара қазақта «
Білім беру саласы: Әлеумет.
Бөлімі: Өзін-өзі тану.
Тақырыбы: «Абай –дана, Абай –дара қазақта!
Мақсаты: 1.Балаларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлымен таныстыруды жалғастыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
2. Сөйлеу, мәнерлеп айту қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдеттерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Балалар, қанекей, бүгін қандай өзгеріс байқадыңдар? Жан-жағымызға қарайықшы! Әрине, бүгін біздің топқа құтты қонақтар келіпті, ең алдымен амандасып алайық!
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!.
Шаттық шеңбер:
Алақанда ашайық,
Күннің көзін жасайық.
Мейірімділік шоғын біз,
Қонақтарға шашайық.
Тәрбиеші:-Балалар мынау кімнің суреті.
Балалар: Абай Құнанбайұлы.
Тәрбиеші:-Абай Құнанбай кім?
Балалар: Ақын, жазушы, аудармашы.
Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар
Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді.
Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы.
Тәрбиеші:-Балалар Абай атамыздың тақпағын кім оқып береді?.
Алихан.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Аделя
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек , өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ.
Бес дұшпаның білсеңіз,
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой,
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Тәрбиеші:-Абай атамыздың бес асыл сөзі бар .
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым.
Бес жаман нәрседен қашық бол дейді.
Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.
Тәрбиеші- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар: төрт мезгіл бар.
Күз, қыс, көктем, жаз.
Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар.
Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі.
Тыныштық сәті: -Балалар көзімізді жұмамыз. Төрт жыл мезгілін көзімізге елестетеміз. Әр жыл мезгілінің ерекшеліктері бар. (Күз, қыс, көктем , жаз).
Көзімізді ашамыз.
Тәрбиеші:- Біздің Абай атамыздың төрт мезгілге арнап шығарған тақпағы бар екен.
-Ал енді балалар біз қазір төрт топқа бөлінеміз.
Алдарыңда қағаз бетіне түсірілген төрт жыл мезгіліне арналған ағаштар бейнеленген.Осы ағаштарды жыл мезгіліне сай бейнелейміз.
Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
Тәрбиеші:-Балалар қараңдаршы қандай тамаша көріністер.
Осы жыл мезгіліне арнап Абай атамыз тақпақ шығарған екен.
Суретті салып болған соң балалар жыл мезгіліне арналған тақпақтарын айтады.
Күз
Райяна
Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Қыс.
Жан, Айару
Ақ киімді денелі ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Үсті басы-ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Көктем
Інкар.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаз.
Асанали
Жаздыкүні шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек.
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда.
Жарайсыңдар балалар.
Абай атамыздың қырық бес қара сөзі бар екен.
Он төртінші сөз.
Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?
Біздің қазақтың жүректі кісі дегені-батыр кісі дегені.
Қырық төртінші сөз. (Нұрдос)
Адам баласының ең жаманы-талапсыз.
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу қызметінде белсенділік таныттыңдар. Өте жақсы.
Тәрбиеші:-Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?
Балалар: Ия.
— Бүгінгі оқу қызметінде қазақтың ұлы ғұламасын, керемет кемеңгер ақыны Абай Құнанбаев аталарыңның шағармашылығы мен өмірі мен таныстық.
Тəрбиеші: -Біз Абай Құнанбаев атамыздың өлеңдерін тақпақтарын, асыл сөздерін мәңгілік жадымызда сақтаймыз.
Тәрбиеші: -Ал енді,балалар оқу қызметінің соңында Абай Құнанбаев атамыздың өлеңін айтайық.
Ән: Көзімнің қарасы.