Пән: Математика. Тақырыбы : «Көбейту мен бөлудің байланысы» 2-сынып

 

 

Математика

Күні: 28.01
Мұғалімнің аты-жөні :     Жұртшыбаева М.С
Сынып: 2  «А»

Сабақ-75

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Көбейту мен бөлудің байланысы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1.2.2 — көбейту және бөлу — өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау
Сабақ мақсаттары Көбейту, бөлу амалдарын шығаруға машықтандыра түсу.Білім , білік дағдыларын кеңейту, ой-өрісін, қиялын қабілетін дамыту.Көбейту бөлу кестесін құруды, көбейту мен  бөлудің байланысын ұғындыру
Бағалау критерилері көбейту және бөлу кестесін біледі және оларды қолданып амалдар орындай алады.
Тілдік мақсат Жауаптың негізділігін талқылау. Қойылған сұраққа берілген жауаптың дұрыстығы туралы айту  Көбейту мен бөлудің компоненттері.
Құндылықтарды дарыту

 

Сабақ барсында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, бірлесіп тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады.
Пәнаралық байланыстар Тақырып бойынша презентация қолдану арқылы АКТ – мен байланыс, екіден болатын дене мүшелерін айту арқылы Ғылымға кіріспе пәнімен байланыс орнайды.
Алдыңғы меңгерілген білім Көбейтуді, бөлуді түсіну; бөлудің көбейтуге кері амал екенін ұғыну; көбейту және бөлу кестелерін білу.   Сызбаның дәлме-дәл құрылысы
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет  

 

Сабақтың басы

 

 

Ұйымдастыру кезеңі;

Өткен тапсырманы пысықтау.

28-қаңтар

Сынып жұмысы

Мд

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті

20 • 2 = 20 + 20 = 40

2 • 20 = 40

6 • 3=

2 ×5

9 • 2=

 

 

Сабақтың ортасы Білу

Көбейту мен бөлудің байланысы

Мақсатым: Мен көбейту мен бөлудің өзара кері амалдар екенін білетін боламын.

1-тапсырма

Суретке қарап, оған берілген жазбаны түсіндір.

Түсіну

2-тапсырма

Көбейту мен бөлуге өзара байланысты теңдіктер құрастыр.

3 • 4 = 12

4 • 3 =

12 : 3 =

12 : 4 =

2 • 3 = 6

Қолдану

3-тапсырма

Есептер бойынша өрнектер жаз. Оларды шығар және салыстыр.

а) Балалар аулада скейтбордпен жарысып ойнады. Олар әр командаға 4 баладан бөлінді. Егер 2 команда болса, онда аулада барлығы неше бала болғаны?

ә) Балалар аулада скейтбордпен жарысып ойнады. 8 бала әр командаға 4-тен бөлінді. Неше команда болды?

б) Балалар аулада скейтбордпен жарысып ойнады. 8 бала 2 командаға теңдей бөлінді. Әр командада неше баладан болды?

4-тапсырма

Өрнектер құрастырып, олардың мәнін тап.

65 санына 53 пен 21-дің айырмасын қос.

500 бен 100 сандарының қосындысынан 200-ді азайт.

65 пен 21 сандарының айырмасын 24 пен 2 санының қосындысына арттыр.

1000 санынан 600 бен 100-дің айырмасын азайт.

16 мен 12 сандарының қосындысына 40-ты қос.

5-тапсырма.Топтық жұмыс

Көбейту мен бөлуге өзара байланысты теңдіктер құрастыр.

5 · 2 = 10

2 · 5 =

: 5 =

: 2 =

Жинақтау

Арнау дәптер

2*6      3*6      4*5

6*2      6*3       5*4

12:2     18:3      20:4

12:6      18:6     20:5

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

Кері байланыс

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *