Мамандықтар туралы ойым
Мектеп: №28 ІТ мектеп-лицейі | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар туралы ойым | |||||||||||||
Күні: 04.12.19.
Сабақ: №38 |
Мұғалімі: Жекебаева Анар Құсайынқызы | ||||||||||||
Сынып: 4 «Ә» | Қатысқаны: | Қатыспағаны: | |||||||||||
Сабаққа негізделген оқу
мақсаты |
4.1.3.1. Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі
негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіруді үйренеміз. 4.2.5.1. Шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтауды үйренеміз. |
||||||||||||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар:
Шығарманың сюжеттік дамуын болжай алады. Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын анықтайды. Оқушылардың басым бөлігі: Оқиғаның композициялық бөліктерін ажыратады. Кейбір оқушылар: Мәтін бойынша кейіпкердің мінез — құлқын немесе іс-әрекетін бағалайтын сұрақ құрастырады және жауап береді. |
||||||||||||
Тілдік мақсат | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: мамандық туралы
ойлар, тракторшы, кінәсін мойындау, түсіністік. |
||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: автордың негізгі ойын қай
кейіпкерлердің сөзінен табуға болады? |
|||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | дүниетану, әдебиет | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Бір мамандық жайлы жарнама жасауға деректер іздеу үшін
ғаламтор қолдана алады. |
||||||||||||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы
Білім |
Мамандық түрлерін біледі, маңыздылығын айта алады. | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған әрекет | Дерек
көздері |
|||||||||||
Басталуы
3 – 4 минут
3 минут
|
1.Қызығушылықты ояту.
«Сұрақтар аллеясы» әдісі. Оқушылар дәліз жасап тұрады. Жүргізуші ортаға бір баланы шығарады. Оған өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. Ол дәліздің соңына жеткенге дейін өзіне қойылған сұрақтарға жауап беруге тырысады. Осылайша әдіс кезекпен жалғасын табады. «Суреттер сөйлейді» тәсілі бойынша жауап алу. — Сурет туралы не айтуға болады? «Мамандық» сөзін шығарып алу. — Олай болса сабағымыздың тақырыбы қалай аталмақ деп ойлайсыңдар? — Енді сабағымыздың мақсаты қандай болмақ? Ойларын тыңдап, сабақ мақсатын оқыту. Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжаймыз, оның себебін түсіндіреміз. |
слайдтар сабақ тақырыбы мен мақсаты |
|||||||||||
Ортасы
30 мин
4 минут
3 — 4 мин
4 минут
2 минут
10 — 12 минут
5 — 7 минут
3 минут
|
2. Жұппен жұмыс.
Тапсырма: суретте берілген немесе өздерің таңдаған мамандықты сипаттап айтыңдар. Қиын, оңай, зиянды, зиянсыз, қызықты, қауіпті, өте қажет сөздерін пайдаланып, таныстырылым жасаңдар. Дескриптор: берілген тірек сөздерді қолдана отырып, өз пікірлерін білдіреді. Мағынаны тану. Тыңдалым. «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша мәтіндегі ттүсінбеген сөздерінің мағынасын түсіну. Кеудесіне нан пісу – дандайсу, менсінбеу. Шамдану — ашулану Ағат ой – жаңсақ, теріс ой. Оқулықпен жұмыс. «Аялдамамен оқу» әдісі бойынша оқыту. 1-аялдама.Талғаттың дандайсуы. 2-аялдама.Балалардың өзенге баруы. 3-аялдама.Талғаттың Бекетайды ренжітуі. 4-аялдама.Талғаттың дауға тап болуы. — Әрі қарай оқиғаның қалай өрбитінін болжап көрейікші. (Ойларын тыңдап, автордың ойымен салыстырып оқытып жіберу.) «Сен маған, мен саған» әдісі 1. Мәтіннің басты кейіпкері кім? 2. Мына сурет туралы не айтуға болады? (Тақтадағы мәтін мазмұнына сай сюжет туралы сөйлету.) Топтық жұмыс. 1- топ Тапсырма: сюжеттік дамуын анықта. Бағалау критерийі: әңгіменің дамуын болжап, оның себебін түсіндіре алады. 2-топ Тапсырма: баяндалған әңгіменің жүйесі бойынша мәтінді үш бөлікке бөл және әр бөлімге тақырып қой. Бағалау критерийі: Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтап, тақырып қояды.
Дескрипторы: -мәтіннің құрылымдық бөліктеріне тақырып қояды; -мәтіннің басы; -негізгі бөлім; -мәтіннің соңы. 3-топ «Прожектор» әдісі Тапсырма:
Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің басын, ортасын және соңын білдіретін бөліктерді тауып, Z таңбасымен белгілеп көрсет. Оқиғаның шешімін көрсететін бөлікті тауып, көшіріп жазыңдар. Бағалау критерийі: Оқиғаның композициялық бөліктерін ажыратады. Дескриптор: -мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды; -оқиғаның шешімі болатын бөлікті табады. 4 -топ «Мамандықтың бәріне мән берсе…» әдісі Тапсырма: 1.Талғаттың ойы қалай өзгерді? 2.Тракторшы мамандығы туралы не білесің? 3.Трактор, комбайндардың жұмысы қазіргі замандағы озық техниканың жетістігіне бола ала ма? Себебін түсіндіріңдер. Бағалау критерийі: Талғаттың ойының қалай өзгергенін түсініп айтады. Тракторшы мамандығы туралы білетіндерін айтып, қазіргі замандағы жетістігін түсіндіреді. 5- топ. «Мен таңдайтын мамандық» Тапсырма: мамандықтар суретін қойып, өздерің таңдаған мамандықтың қыры мен сырын айтып өтіңдер. Дескриптор: -таңдаған мамандықтары туралы ойларын дұрыс жеткізе алады. ҚБ тапсырмасы Мәтін бойынша кейіпкердің мінез-құлқын немесе іс-әрекетін бағалайтын сұрақ құрастыр және жауап бер. Сұрақ__________________________________________________________ Жауап:________________________________________________________ Рефлексия. Пайыздық көрсеткіштер арқылы өздерін бағалайды. (100, 70, 50% көрсетілімнің тұсына барып, өздерін бағалайды.) |
парақша қағаздар
аудио — таспа
слайд
Тапсырма парақтары
слайдтар
Тапсырма
парақша — лар
|