Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар?

Пән: Дүниетану
Сынып: 3
Күні:
Мұғалімнің аты – жөні: Абжанова Ж.М
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар?
Оқу мақсаты 3.1.3.2 қала мен ауылдың байланысын зерттеу,мысалдар келтіру

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Өзі тұратын елді- мекеннің басты көшесін, ғимараттарды айтады.

Көптеген оқушылар: Өзінің тұратын қаласын, ауылын атайды. Басты көшесін, ғимараттарын,әңгімелейді.

Кейбір оқушылар: Өзі тұратын елді- мекеннің көрікті жерлеріне зерттеу жасай алады, гүлдендіру мақсатында жарғы құрастырады.

Бағалау критерийлері Өзінің тұратын қаласын, ауылын атайды және басты көшесін, ғимараттарын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:
Кеңістіктегі дүниені,қоршаған ортаны және олардың орналасуын сипаттайды
Пәнге тән лексика мен терминология:
Ғимарат, ескерткіштер, фабрика, завод, ферма, фазенда.
Ғимарат-сәулет өнерінің белгілі бір үлгісімен салынған құрылыс, үй.
Ескерткіштер-елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы.
Фабрика- қолымен емес, машинамен көп көлемде зат шығару.
Завод-машиналар жүйесін қолдануға негізделген өнеркәсіп орны.
Ферма-жеке меншік шаруа қожалығы.
Фазенда-шаруа қожалығы
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
— Ауылға барып көрдіңдер ме?
— Қаланың көрікті жерлерін санамалап бер?
— Қала мен ауылдың байланысын ажырата аласың ба?

Құндылықтарды дарыту Топтық жұмыс жасау арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу. Жеке және жұппен жұмыс барысында саралап оқыту арқылы тұлғаға бағытталған құндылықтар жүзеге асады

Пәнаралық байланыстар Әдебиеттік оқу, көркем еңбек
АКТ қолдану дағдылары АКТ-ны қолдану нәтижесінде оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдылары дамиды.

Бастапқы білім Өзі тұратын мекен- жайын, қаланың, ауылдың көрікті жерлерін атайды.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезендері Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут І. Сабақта жағымды психологиялық ахуал туғызу.
Орындарынан тұрып,қимылдар жасау арқылы айтады.
Қайырлы күн, балалар! Көңіл-күйлерің қалай?
-Рахмет, балалар.
Балалар бір-бірімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайық
Көк аспанда күн күлсін
Оң қолымда ту тұрсын
Қыз қолында гүл жүрсін
Көк аспанда күн күлсін
Бірге жүрсін бүлдіршін
Ән шумақтары бойынша топқа бөліну
1-топ
М.Мақатаев «Отан»
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем ,
Ағынды өзен асқар тау, гұлін сүйем
Мен оның қасиетті тілін сүйем
Мен ның құдіретті тілін сүйем
Мен оның құдіретті үнін сүйем
2-топ
Ж.Смақов «Отан туралы»
Гүлдердің ертемен
Қауызын ашқанын
Көктемнің көкпенбек
Мөп-мөлдір аспанын
Таулардың қол жетпес асқарын
Ұнатам бәрін де,
Өйткені ол Отан-
Ұлы Отан.
3-топ
Үй тапсырмасын сұрау
«Бинго » ойыны Балалар қазір бинго ойнатылады. Сіздерге билет таратылады. Бингода қай сан келеді,сол оқушы жауап береді.
1.Сыныптастар дегенді қалай түсінесің?
Сыныптастар-олар бір сыныпта бірге оқитын немесе бұрын бірге оқыған оқушылар
2. Ұжым дегеніміз не?
Ұжым дегеніміз-мақсат-міндеттері ортақ болатын топтағы адамдарды айтады.Олар бірлесіп жұмыс істейді немесе оқиды.
3. «Мектеп» деген сөз қандай ұғымды білдіреді.
4. Қазақстанда қандай тарихи қалалар бар?
Қазақстанда тарихи,көрікті қалалар өте көп. Ежелгі қалаларға Түркістан,Тараз,Алматы жатады.
5. Мектепте қандай мамандыө иелері жұмыс істейді?
6. Сынып ережелерін ата?
7.Еліміздің қалалары бір-бірімен теміржол арқылы байланысады.
8.«Отан» деген ұғымның мағынасын түсіндір
9. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі
Қандай суреттерді көріп тұрсыңдар?
— Осы суреттер арқылы әр топ өз ойларын айтып көріңдерші?
— Суреттерге қарап отырып қандай ат қоюға болады?
(Ұ Ж) Интербелсенді тақтадан киіз үй, өрісте жайылып жүрген малдар, ауыл мектебі, ауыл адамдарының суреттерін көрсетеді.
-Бұл қандай елді-мекен?
(О) Ауыл. (Тақтадан ауыл сөзі шығады)
Қалаға байланысты суреттерді көрсету
(М) Бұл қандай елді мекен?
(О) Қала(Тақтадан қала сөзі шығады)
(М) Ендеше бүгінгі сабақта не туралы айтатын боламыз деп ойлайсыңдар?
(О) Қала мен ауыл.
(М) Дұрыс айтасыңдар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қала мен ауыл»
«Джигсо» стратегиясы постер қорғау
1-топ: Өзің тұратын ауылың туралы айтып бер.
(Ж)- Сіздерге таныс ұғымкөше болып шықты.-Көшенің бойында нелер орналасқан?-Сол үйлерде кімдер тұрады?(достарым, отбасым, туыстарым, көршілерім т.б )-Сіз қай көшеде тұрасыз?-Сол үйде кімдермен тұрасыз? (отбасыммен)-Ауылда үйлерден басқа тағы не бар?(мектеп, дүкендер, аурухана, почта т.б)Сол тұрып жатқан сіздің үйіңізді басқаша қалай атауға болады? (мекенжай)-Елді мекен деп нені айтамыз? (ауылды, қаланы)-Сіздің ауылыңыз немесе қалаңыз орналасқан жерді қалай айтасыз?(географиялық орын)-Отан деген сөзді басқаша қалай айтамыз? (Атамекен, туған жер
2-топ: Менің қаламды танытатын мәдени орындар, қаламның атын шығарған адамдар
3-топ:Ауыл немесе қала туралы бір-екі шумақ өлең жолдарын құрасыру.Мақал-мәтел айту
• Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды.
• Туған жердей жерболмас, Туғанелдей ел болмас.
• Отаноттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық.
• Басқажердіңотынан, туғанжердіңтүтініартық. Интербелсенді тақта.

Ту,гүл

Қима қағаздар

Бинго таратпа материал

Интербелсенді тақтадан киіз үй, өрісте жайылып жүрген малдар, ауыл мектебі, ауыл адамдарының суреттері

Сабақтың ортасы

20 минут

Сергіту сәті «Ақ бұлақ» Youtube 2 минут «Айтарым бар әдісі».Өз қалаңның немесе ауылыңның көркеюіне қандай үлес қосар едің?
«Қай жерде өмір сүруге қолайлы?» пікірталасы.
«Елестетіңдерші, менің көшкім келеді, бірақ қалаға ма немесе ауылға көшерімді білмеймін.
Сендер мені қалаға немесе ауылға барып тұруыма үгіттей аласыңдар ма?». Сыныптыңжартысы ауыл тұрғындары болады. Ауылға көшуге қатысты маңызды дәлелдер келтіреді.
Қаланың екінші бөлігі қала тұрғындары болады. Олар қалада тұрудың артықшылықтары туралы айтып береді
Қалада тұрған жақсы ма әлде ауылдық жерде тұрған жақсы ма деген сұрақтың нақтыжауабы жоқ. Әр адам өзінің ішкі әлеміне, өмір сүру салтына қарай қайда тұратынын өзі таңдайды.
Егер сендер табиғатты, тыныштықты жақсы көрсеңдер, онда сендерге ауылда өмір сүрген жөн.
Егер сендер бір орында отыра алмасаңдар, жаңа эмоция мен жаңа таныстықтарды қажет етсеңдер, онда ауылда сендерге қызықсыз болады. Кім білім алып, мансабын құрғысы
келсе, онда қалада тұрғаны дұрыс.
Сергіту сәті

Кеспедегі сөздер(Ауылдың табиғаты, жайылым, егістік, құлып, мешіт, бау

Орталық алаң,Абай атындағы драма театры,ән айтатын субұрқақ,әкімшілік ғимараты
Интербелсенді тақта
Сабақтың соңы

10 минут

Ауызша кері байланыс (Жарайсың! Тамаша! Талпын!)
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл- күйді, бет-әлпеті салынған сүреттерді таңдау.Ақ көгершінге кері байланыс жазып қыран құсқа жабыстыру.

Түсінбедім
Сұрағым бар
Түсіндім

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап
отырсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға зерттеу жұмысы кезінде пайымдау мақсатындағы сұрақтар қою.
Қала мен ауыл айырмашылығын,ерекшелігін сипаттау,зерттеу арқылы тілдік құзіреттіліктері және зерттеу дағдылары қалыптасады. Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Оқушылар қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты салыстыруда,сипаттауда және зерттеуде «Бас бармақ», «Үш түрлі смайлик», «Бағдаршам» әдістері арқылы бағаланады. Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Қолданылған сергіту сәтімен белсенді оқыту әдістері оқушы денсаулығын сақтау мақсатына бағытталады.Қаланың көрнекі жерлеріне топсеруенге шығарда өмір қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі.
Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз )
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *