Мен Азаматпын

                                                      Тексерілді: _______________     

                                                                 «____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: Ханарық ЖОМ

Күні: 4.03.2020ж

№: 24

Мұғалімі: Рахмеджанова Гулноза

Сыныбы: 4-А

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Мен Азаматпын

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: Әділдік, адалдық, шыншылдық.

Мақсаты: Оқушыларға азаматтық парыз туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға әділдік ұғымы туралы түсінік беру.
  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды адал болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

[1]https://angimeler.wordpress.com

 

Сабақтың барысы:

1.        Ұйымдастыру кезеңі.

5         Т – ережесі:

1.        Тәртіп.

2.        Талап.

3.        Тыныштық.

4.        Тазалық.

5.          Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып — білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

  «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

2. Үй тапсырмасы.

1. №23 – сабақ. 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №24 – сабақ, «Азамат» мәтінін оқып келу

Сұрақтар: 

• Серіктің азамат бола бастағанын неден байқауға болады?

• Нағыз азамат болу қандай іс-әрекеттерден бастау алады деп ойлайсыңдар? Неліктен?

• «Азаматтық парызды дұрыс орындау» дегенді қалай түсінесіңдер?

• Азаматтық парызын дұрыс орындап жүрген қандай адамдарды білесің? Айтып бер.

• Өзіңді азаматпын деп санайсың ба? Неліктен? Айтып бер.

Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

3. Сабақтың дәйексөзі.

Әлемде парыздан артық қуатты қозғаушы күш жоқ әрі болмайды да

Бауыржан Момышұлы

Сұрақтар:

1.        Өзіңіз парыздарыңызды орындап жүрсіздер ме?

2.        Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Сендер Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырсыңдар.

Сондықтан әрқайсың өз отанымызды сүйіп адал қызмет етулерің қажет. Отанға адал қызмет ету сендердің парыздарың. Ол үшін жақсы оқып, тиянақты білім алуларың керек. Балалар

— елінің беделін көтеретін;

— елінің атын шығаратын;

— елінің қамын ойлайтын;

— елі үшін еңбек ететін;

— елі үшін өмір сүретін — нағыз АЗАМАТ Сендерсіңдер. Мен сендерге сенемін.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.https://angimeler.wordpress.com

2. http://kz-minusovki.ucoz.kz

Материалдар,

дерексөздер,

ұнтаспа,

оқулық,

дәптер

 

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Бала Бұлбұл

 

Бұлбұлдың ерекше әншiлiк қабiлетiн таныған ұстазы:

— Бұлбұл, ержеткен соң кiм боласың? – деп сұрады.

Шәкiрт ойланбастан:

– Әншi болам, – дедi езуiне тәттi күлкi үйiрiлiп.

– О-о! Әншi болу үлкен арман, әрi үлкен өнер. Әншi болу үшiн ұстаздың талаптарынашыдасаң, сенi үлкен жол адастырмай арманыңа жеткiзедi,– дедi ұстазы.

– Ол қандай талап? Мен бәрiне де төземiн, – деген Бұлбұлдың даусынан сенiмдiлiктi аңғару қиын емес.

– Асықпа, оны әлi-ақ сезiнесiң, — деп, ұстазы шәкiртiн ойландырып тастады.
Әншi болудан басқа ойы жоқ балауса Бұлбұл ұстаз сөзiнен ешнәрсе түсiне алмады.Ертесiне ата-аналар жиналысы болды. Оған оқушылар да қатысты. Барлық ата-анамен жеке сөйлескен ұстаз кезегi келгенде Бұлбұлдың анасына:

— Балаңыз туралы айтыңызшы. Бала жас шыбық секiлдi. Қисық өскен бұтағын кесiп, түзеп отыру керек. Бүгiн оның мiнезi мен iс-әрекетiндегi кемшiлiктi жасырамын деп, ертең үлкен қателiкке ұрынып жүрмейiк, – дедi.Ұстаздың көкейiндегiсiн түсiнген ана:

— Бұлбұлдың балалығы болар, – деп, сөзiн жұмсақ бастады. Онысы баланың көңiлiн ойлай сөйлесейiк дегендi меңзегенi едi.

-Көп ұйықтайды, арманшыл. Үлкен мақсатына тек қиялмен жетем дей ме деп қорқамын. Еңбектенуi де аз. Бала ширақ болу керек емес пе?! Ата-анаға қазiр қолғабыс тигiзбегенде, қашан тигiзбек? Әйтпесе…

Анасының сөзiн естiп отырған Бұлбұл қып-қызыл боп кеттi. Жиналыс соңында Бұлбұл мен ұстаз оңаша қалды. Ұстаз тағы да жұмбақтап:

–  Әншi болу үшiн ұстаздың талаптарына шыдау керек демеп пе едiм. Қалай, шыдайтын түрiң бар ма?–дедi.

Әлi де болса сөздiң мәнiсiн толық түсiнбеген шәкiрт:

– Мұғалiм, ендi ерте тұратын боламын, – дедi балалық мiнез танытып.

–  Тек ерте тұру ғана емес, ата-ана алдындағы балалық парызды ақтау бар. Тәртiпке өз-өзiңдi көндiруiң керек. Келесi жиналыста анаңның саған деген алаңдаушылығын қуанышқа айналдырарыңа сенемiн, – дедi.

Бұлбұл үнсiз басын изедi.

Шынында да ол осы оқиғадан соң, ата-анасын таң қалдырды. Ерте тұрып, барлық шаруаға үлгердi. Сабақты да жақсы оқыды. Сахнада ән де салды.

 

·  Ұстаз шәкіртіне қандай талаптар қоюымүмкін?

·  Оларды орындау тәрбие жағынан қандай нәтиже береді?

·  Осы мәтіннен қандай құндылықтарды байқадыңыздар?

·  Сендер болашақта қандай кәсіп иесі болғыларың келеді?

·  Ата-аналарының айтқан ақылдарын тыңдап ой түйесіңдер ме?Отбасында кімді үлгі тұтасыңдар? Әңгімелеп берсеңдер.

 

5 Т – ережесі:

Тәртіп.

Талап.

Тыныштық.

Тазалық.

Татулық.

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

6-тапсырма.

Мәтінді оқыңдар. Рөлдерге бөлініп, сахналап көрсетіңдер

 
6.        Топпен ән айту.

Байқоңыр

Өлеңін жазған Әбжан Омарқұлұлы

Әнін жазған Мэлс Керейбаев

Байқоңыр, Байқоңыр,

Бұл – ғарыш алаңы.

Ғажайып сонда өмір,

Паш еткен даламды.

Қайырмасы:

Ұшамыз алысқа,

Шолпанға, Марсқа.

Құс жолы құпия,

Жетеміз ғарышқа!

Боламын ғарышкер

Тоқтар мен Талғаттай.

Көк жүзі күлімдеп,

Ер ұлын тапқандай.

Қайырмасы:

Ұшамыз алысқа,

Шолпанға, Марсқа.

Құс жолы құпия,

Жетеміз ғарышқа!

 
7. Үй тапсырмасы.

1. №24 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №25 – сабақ, «Құмды дала қызығы» мәтінін оқып келу

 
8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…

Д е м   а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе   1………………2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *