Балабақшадағы ересек топтарда танымдық қабілетті дамыту
Балабақшадағы ересек топтарда танымдық қабілетті дамыту
Канаталиева Динара Шамуратовна
БҚО, Ақжайық ауданы,
«Нұрбақыт» бөбекжайының тәрбиешісі
Балабақшада тәрбие шаралары ойын әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Бала ойынмен өседі. Халқымыз бала мінез-құлқының қалыптасуында ойын әрекеті де елеулі мән атқаратынын жақсы аңғарған. Ойында баланың қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі, мінез-құлқы қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ. Ойын адамның дамуына, қалыптасуына әр түрлі әсер береді.
Танымдық іс-әрекет адам өміріндегі үрдістен қалыптасады. Бала дайын ақыл-оймен, танып-білуге дайын қабілетпен тумайды. Ол осы материалды тез қабылдайды, егер оның бұл материалға деген таным көмегінен туатын немесе қолданушылық қызығушылығынан туғанда ғана жеңіл салыстырмалы түрде тез меңгереді.
Мектепке дейінгі білім берудің басындағы басты мәселе болып олардың оқуға деген мотивациялық дайындығының жетіспеуі, осыдан оқуға деген тұрақты қызығушылығының жоқтығынан көрінеді.
«Суреттің жұбын тап» ойыны.
Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін дамыту
Қажетті құралдар: Магниттік тақта, магниттер, 12 жұп суреттер: фасоль – горох, анар — алма, шәйнек — кесе, қораз — әтеш, аққу – шағала, шегіртке – құмырсқа, күрек – тырна, қызғалдақ – раушан, ешкі – қой, қасқыр – аю, картоп – сәбіз, кітап – дәптер.
Ойын өтілу барысы:
Психолог магниттік тақтаға ойынның суреттерін іледі. Суреттердің орналасуы: жоғарғы қатарына – фасоль, алма, шәйнек, қораз, аққу, құмырсқа, күрек, қызғалдақ, ешкі, қасқыр, кітап, сәбіздің суреттерін қояды. Төменгі жағына – горох, анар, кесе, әтеш, шағала, шегіртке, тырна, раушан, қой, картоп, дәптердің суреттерін қояды.
Балаларға жоғарғы қатардан сурет таңдап төменгі қатардан сол суреттің жұбын тауып топтастыру керек екенің түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және неліктен олай ойлайтының айтады. Мысалы: фасоль суретіне мен горохтың суретін жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуіде асқа жатады.
Психолог негізгі дұрыс жауапты алғанан соң, суреттің орның ауыстырып жұбтарын бірінің астына бірін қойып отырады. Содан соң балалардан қалған суреттердің жұбтары қандай болғанын еске түсірулерін сұрайды.
«Түлкінің балалары мен бүркіт»
Мақсаты: зейінің, ерік жігерін дамыту.
Ойын барысы
Балалар 1,2 санау арқылы немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге бөлінеді. Бүркіттер түлкілерді аңдып бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің ішінен біреуі түлкі болып қалғандары түлкінің балалары болады. Түлкі ортаға тұрып қандайда бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып өзгертіп жасай береді. Түлкінің балалары анасының жасағандарын қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім қимылдарды жасауға үлгірмей немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді. Анасымен қалған түлкі баласа жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері ауыстырылып 2-3 рет қайталанады.
Ескерту. Ойынды көңілді әуен қосып ойнаған жақсы.
«Көкөністер» ойыны.
Мақсаты: Баланың сөздік қорын байыту, зейінің дамыту, өзара келісімге келуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Көкөністердің суреті бала санына қарай.
Ойынның өтілу барысы:
Психолог әрбір балаға көкөністің суреті бейнеленген карточкаларды таратады. Балалар шеңбер құрып тұрады да, әрқайсысы қолдарындағы қандай көкөніс екенін айтады. Содан соң психолог шеңбер ішіне кіріп қандайда бір көкөністің атауын атайды. Аталған көкөністің суреті бар бала шеңбер бойымен айнала қашады, ал жүргізуші баланы қуа жөңеледі. Ойыншы ұсталап қалмауы үшін балалардың қолындағы қандайда бір көкөністің атауын атауы қажет. Сол кезде кімнің қолындағы көкөністің атауы аталса сол ортаға шығып, қаша жөңеледі. Ал, 1 ойыншы көкөністің атауын атаған бойда орнына тұрады. Жүргізуші ұстап алам дегенше келесі көкөністің аты аталады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ескерту: Алғашқы ойын кезінде психолог жүргізуші орнына ойнайды, кейінен жүргізушіні балалар арасынан таңдайды.
«Суретті есіңе сақта» ойыны.
Мақсаты: көру есін және зейінің дамыту.
Қажетті құралдар: Ойын карточкалары бала санына қарай.
Ойынның өтілуі барысы:
Психолог әр балаға ойынға араналған карточкаларды таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. 10 сек. соң карточканы аударып «суретте не орналасқан» деп сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін карточкаларды ауыстырады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ескерту: Дұрыс жауапқа балаларға жұлдызша немесе фишка беріп отырады. Осылай жеңімпаз анықталады.
«Ұқсас сөздер» ойыны
Мақсаты: синонимдерді анықтау дағдыларын дамыту.
Барысы: психолог ойын ережесімен таныстырады. «Балалар бұл ойында мен атаған сөзге, ұқсас сөз айтуларың керек». Мысалы: психолог «үлкен» сөзін ұсынады, балалар: «ірі, дәу, зәулім».
Мейірімді — жанашыр, жылыжүрек, жақсы.
Аласа — кішкентай, биік емес және т.б.
«Сиқырлы дыбыстар» ойыны
Мақсаты: ойлауды, берілген дыбыспен сөзді атау іскерлігін дамыту.
Барысы: Мұғалім балаларға сиқырлы дыбыстармен ойын ойнауды ұсынады:
— «Ш,Ж, С» дыбысына басталатын сөздерді атаңдар.
— «Р» дыбысы бар көкөніс, жеміс-жидектерді (жүгері, алмұрт, қарақат), «Л» дыбысы бар заттарды (үстел, гүл, қаламсап) атаңдар.
«Күннің сәулесі» ойыны
Балалар шеңбер құрып отырады.
— Балалар, біз ойнап – ойнап шаршадық. Ендеше, демалып, тынығып алайық . Ал, көзімізді жұмайық. Бір уақытта күннің сәулесі :
көзімізге түсті – көздерімізді ашамыз;
маңдайымызға түсті – қабақтарымызды қимылдатамыз;
мұрнымызға түсті – мұрнымызды шиіреміз;
ернімізге түсті – еріндерімізді қимылдатамыз;
иегімізге түсті – иегімізді қимылдатамыз;
қолдарымызға түсті – қолдарымызды қимылдатамыз, жоғары көтеріп, төмен түсіреміз.
Өте жақсы біз тынығып қалдық, күн сәулесі бізбен ойнады да, жоқ болып кетті.
Адамның көңіл – күйін қалай түсінуге болады?
— Балалар, біз қай кезде, неге қайғырамыз?
— Көңілің жоқ кезде не істейсіңдер?
— Ал егер де анаңның, досыңның көңіл – күйі болмаса, қалай байқайсың?
— Көңіл – күйі жоқ адамның бет — әлпеті қандай болады?
— Көңіл – күйін қалай сұрауға болады?
— Қалай ойласыңдар, балалар, ауа – райы біздің көңілімізге әсер ете ма?
— Егер де үйде қонақтар көп болып, олардың көңіл – күйі күшті болса, ал сенің көңілің жоқ , сен үйдегі қонақтарға көрсетесің ба?
— Қалай ойлайсың сенің көңіл – күйің оларға әсер ете ма?
— Ал қазір барлығымыз қолымызды ұстап бір – бірімізге қараймыз, және жақсы сөздер айтамыз.
Сөйтіп, көңілімізді көтереміз.
3. Көңіл – күй неге ұқсайды?
— Балалар, өздеріңнің көңіл – күйлеріңді қандай ауа – райымен, қай құбылыспен ұқсатасыңдар?
Балалар кезек – кезек айтып шығады, бірақ психологтың өзінің бастаған дұрыс: «Менің көңіл – күйім аппақ, үрпейген аспандағы бұлтқа ұқсайды, ал сенің?»
Соңында психолог қорытындылайды.
4. Өзіңнің көңіл – күйіңді салып бер.
Ал қазір балалар, алдарыңда тұрған бұлттың ішіне көңіл – күйлеріңді салыңдар.
Ойын оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын арттырады, сабақ қызықты өтеді. Ойын белгілі бір қабілеттердің қосындысы, оны былай көрсетуге болады: зейін + қабылдау + ес + ойлау + пайымдау. Ойынды халқымыз балаларын тәрбиелеуде ертеден пайдаланған. А.Байтұрсынов «…баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйретуі керек» деген қағидасын басшылыққа алған жөн. Ойын – үйрету әдісінің ерекше түрі. Ол үйренуді мәжбүр етпейді, баланың өз еркімен, ынтасымен орындалады.