«Бала тәрбиесіндегі ата –ананың рөлі»

Омарова Гулсим Торебаевна

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы. М. Әуезов  « Қай   істің   болсын   өнуіне   үш  түрлі   шарт  бар.   Ең   алдымен   әуелі   ниет   керек,   одан   соң   күш  керек,   одан   соң   тәртіп   керек». Жанұядағы тәрбие жайында пікір алмасу.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан-жақты менгеру қажет. «Ұлы данамыз Әл-Фараби ең бірінші білім емес, тәрбиеге берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені ата-ана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы ұстаз – ата-ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана нәзік те, қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.Ол- бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата-атаның парызы.Ертеде бір ғұламаға келіп: былай депті;

-Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс?-деп сұрапты. Ғұлама:

-Балаңыз қаншада?-деп сұрақ қояды.

-Бес-ақ ай толды,-дейді ата-ана. Сонда ғұлама басын шайқап:

Бес айға кешіккен екенсіз,деген екен.Яғни,баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек. Бала тәрбиесінің негізін құятын ең алдымен ата-ана. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік.Баланың  алғашқы ұстазы  және тәрбиелеушісі ата-ана болып табылады.

Шаттық  шеңбері:
Ата — аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір — біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір — бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз.Ата-аналарға рахмет айтып,орындарына отырғызу.

         Ата – аналарға арналған  тренинг:
Енді ата — аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.
Ал енді ата — аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек.

— Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар?

-Сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар?

-Сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар ?

Тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).

-Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.

-Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар.

-Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата — аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз.Сіздердің бұл

 

 

 

 

 

 

Таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік

(Музыкалық  сүйемел, қалам — қағаздар)Ұстаздарыңызға деген талап — тілектеріңізді «тамыр тобы»- тамырға, «діңгек тобы» — діңгекке, «жапырақ тобы» — жапыраққа жазыңыздар.
Осы ағаштың тамыры – ата — ана, діңгегі — тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз.

Қорытынды:Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек

-дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл- ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді.

Сондықтан, ата-аналар ең бірінші тәрбиелеуші ата-ана демекпін.Бірлесе отырып, тәрбиелейік. Тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.