1 ЖЕЛТОҚСАН ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

1 ЖЕЛТОҚСАН ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

 

Мақсаты: ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз туралы мағлұмат беру. Президент күні туралы ұғым қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, елтаңба, ту.

Әнұран ойналады

Таңғы жиын – Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер?

-Күнді, күннің жарқыраған нұрын көреміз

-Күннің нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар?

-Алақай! Деп қолымызды шапалақтап қуанамыз

-Далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз, төменнен не көреміз?

-Жоғарыдан аспанды,күнді,бұлтты көреміз

-Төменнен жерді,шөпті,гүлдерді,суды көреміз

-Ендеше,бізде аспанға,жерге,күнге және келген қонақтарға сәлем берейік

-Сәлем саған Алтын күн!

Сәлем саған жер Ана!

Сәлем саған достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good moning!

 

-Балалар, біздің жеріміз,орман,тау,өзен-көл,өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ. Осыны ешқашан есімізден шығармауымызға тиіспіз.

-Балалар, біз қай елде тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында

-Еліміздің  рәміздерін білесіңдер ме?

-Елтаңба,Ту,Гимн ( Әнұран)

-Біздің елбасымызды білесіңдер ме?

Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев

Тұңғыш президентімізді білесіңдер ме?

— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Ол  біздің тұңғыш президентіміз

 

-Ия,балалар,бүгін 1 желтоқсан бірінші тұңғыш президентіміз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлаған күн.

Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз тәуелсіздік,еркіндік үшін күресіп, Отанымыздың болашағы, балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге күш салып,қаншама еңбек етті. Атамыздың өмір жолына шолу жасайық  (Слайдшоу көрсетіледі)

 

Келесі кезекті тақпаққа берейік:

 

Арлан

Елбасы елді  қорғайды,
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды

Ералы

Отан деген — Атамекен

Отан деген — туған жер

Нұрқанат

Отан- ана, Отан -пана

Қазақстан – туған ел!

 

Нұралы

Бір басында кемеңгерлік, даналық,

Елін сүйген елі үшін жаралып.

 

Жазира

Елорда – менің Астанам,
Елорда-менің бас қалам.

Малика

Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері  болмайды.

 

— Елбасымыз кім екен?
— Еліміздің астанасы қай қала?
— Рәміздерге нелер жатады.
Біз Елбасымызды құрметтеп, рәміздерімізді қастерлеп, Отансүйгіш болып өсуіміз керек.
Балалар  қазіргі таңда  біздің еліміздің елбасы Қасымжомарт Кемел ұлы Тоқаев

Бүгін біз Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағатында көп мағлұмат алдық . Осымен  тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

КМҚК«Павлодар қаласының №26 арнайы балабақшасы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1 ЖЕЛТОҚСАН ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

атты тәрбие сағаты

«Балдырған» ересек тобы

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.