«Пішіндер мен түстер»

Ұйымдастырылған оқу-қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі: Математикалық негіздері

Тақырыбы: «Пішіндер мен түстер»

Мақсаты:Улкен,кіші,ұзын,қысқа ұғымдар туралы білімдерін пысықтау.Геометриалық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап,түстерді ажыратуға баулу.Балаларды тапқырлыққа,ізденімпаздыққа,тәрбиелеу.

Алдын ала жүргілетін жұмыстар:Пішіндер туралы дидактикалық ойындар ойнату.

Әдіс-тәсілдер:Сұраұ-жауап,пішіндерді ажырату,түстерді айыра біледі,тапсырмаларды орындау.

Көрнекіліктер:Геометриалық пішіндер: Шарлар,ұшбұрыш,шаршы,шеңбер,үйлер,сәбіздер, қояндар.

Сөздік:көктем,төлдер,қызыл,жасыл,сары.

Билингвілдік қ компонент:қызыл-красный,сары-желтый,жасыл-зеленый

Сабақ барысы:

 

Қонақтармен амандасу:

Сәлеметсіздер ме.

Шеңбер:

Ерте тұрып күнде біз ,

Терезені ашамыз.

Сәлем, дейміз күнге біз,

Шаттық әнге басамыз.

Қайырла таң аташым,

Қайырлы таң апашым,

Қайырлы таң достарым,

Дейміз келіп досыма.

Ғажайып сәт:

Қолында шарлары бар, әндетіп Көктем кіріп келеді.

Көктем:

-Сәлеметсіздер ме балалар! Осы жер «Ғажайып білім әлемі ме?»

-Ия ,Көктем «Ғажайып білім әлеміне»қош келдің.

-Маған көмектесе аласыңдар ма? Маған егер сен осы математикалық тапсырмаларды орындасан көктемде күн тез жылып кетеді деді.Көмектесіндерші.

-Кәне ,балалар ,көмектесейік.

-Балалар мен сендерге құры қол келген жоқпын,өзіммен бірге түрлі түсті шарлар әкелдім.

1тапсырма:

-Мына шар қай түсті?

-Қызыл түсті шар.

-Дұрыс,ал мынау ше?

-Жасыл түсті шар

-Дұрыс, мына шар қай түсті?

-Сары түсті шар.

-Бәрекелді балалар,керемет.

-Олай болса,барлығымыз түрлі -түсті пішіндер туралы слайд тамашалайық.

Пішіндер слайд көрсетіледі.

2тапсырма:

-Алдарыңдағы пішіндердің бұрыштарын санайық.

-Ұшбұрыштың үш бұрышы бар.

-Шаршыда төрт бұрыш.

-Ал, шеңберде бұрыш бар ма?

-Шеңберде бұрыш жоқ.

Дидактикалық ойын: «Заттардың түстері қандай?»

Сергіту сәті: (әуен қосылады)

Бала,бала.балақай.

Кәне қайсы алақан.

Саусақтары айбәт,

Былыай,былай ойнап.

Бір қадам алға басамыз,

Алақанмен соқ ,соқ, соқ,

Бір қадам артақа басамыз,

Аяқтармен топ, топ ,топ.

-Сендерге тағы бір өтінішім бар.

-Айтыңыз.

-Көктемде жануарлар,аңдар төлдейді.Ормандағы екі қоян өз үйлерінен адасып кетіпті, соларға көмек керек.

-Балалар, үлкен қоян ұзын жолмен үлкен үйіне бару керек, ал кішкентай қоян қысқа жолмен кішкентай үйіне бару керек.

Балалар тапсырманы орындайды.

-Қояндардың қарындары ашты қой деймін,мен білмей тұрмыз мына үлкен сәбізді кім жейді?

-Дұрыс ,үлкен сәбізді үлкен қоян жейді,ал кішкентай сәбізді кішкентай қоянға береміз.

-Балалар,мен сендердің балабақшаларыңда осындай тапқыр, ақылды, білімді,балалардың барына қуанып тұрмын.Ендеше мен сендерге тәтті дәмдер әкелдім, ауыз тиіндер(таратады)

.Сау болыңдар!

-Балалар,бүгінгі оқу -қызметі барысында қандай іс -әрекет жасалды,не білдік.

-Түстерді.

-Үлкен, кішкентай үйлер.

-Бұрыштарын санадық.

-Қысқа  және ұзын жол.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *