Абай дана қазақта

Қазақтың көрнекті ақыны, қазақ жанашыры, өз өмірін елін уайымдаумен өткізген Абай — қазақта дана да дара тұлға.
Абайдың өлеңдеріқара сөздері қазақ халқы үшін үлкен өнеге болып қала бермек.
Жастайынан зерек болып, әкесі Құнанбайдың құнды тәрбиесімен нәрленіп өскен Абай елінің қамын жеген ерен тұлға.

Абайдың өлеңдері, қара сөздері сонау 150 жыл бұрын жазылса да, қазақ үшін әлі күнге дейін өнегелі рухани азық болып келе жатыр.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл) — ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.