Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ тілін оқыткда АКТ-ды (ақпараттық коммуникациялық технологияларды) қолдану.

АКТ – ны (ақпараттық – коммуникативтік технологияларды)

оқу – тәрбие процесінде қолдану.

Павлодар  қаласы,
«№49  Санаторлық сәбилер  бақшасы» КМҚК  

Қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі – Асемгуль Нуржановна Кунанбаева

Тақырып: АКТ – ны (ақпараттық – коммуникативтік технологияларды ) оқу – тәрбие процесінде қолдану.

       Ақпараттық – коммуникативтік технологияны балабақшада қолдану – қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті мәселесі болып отыр. Компьютерлік технология біртіндеп мектепке дейінгі білім беру жүйесіне білім берудің аса тиімді тәсілі ретінде жәймен еніп келе жатыр. Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың өзектілігі ақпараттық қоғамның қарқындылығымен, мультимедиялық технологиялар, электрондық ақпараттық қорлардың кеңінен тарауы, оқытуда, қарым – қатынас жасауда және тәрбиелеуде желілік технологиялардың мәжбүрлі қолданылуында болып отыр. Осыған байланысты АКТ – ны мектепке дейінгі оқыту процесінің ажырамас бөлігі деп сеніммен айтуға болады. Бұл балалардың жаңа ұрпағына үйреншікті және қолжетімді болып қана қоймай, сонымен қатар қазіргі заман педагогтарына өте қолайлы.
АКТ деген не? АКТ – ның біріктірілуі технологияның екі түріне байланысты: ақпараттық және коммуникативтік.
«Ақпараттық технология – еңбек өнімділігі мен тиімділігін арттыруға негізделген ақпараттарды сақтауға, өңдеуге, тасымалдау және бейнелеуді қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдердің, құралдардың жиынтығы». Қазіргі заман сатысында бұл әдістер мен тәсілдер және құралдар компьютермен өзара тікелей байланысты болып отыр.
Коммуникативтік технологиялар — адамның сыртқы ортамен байланысының, қарым – қатынасының әдіс — тәсілі мен құралын анықтайды. Ол коммуникация обьектілерінің жоғары интеллектуалды түрде өзара қарым – қатынас жасауларын қамтамасыз етеді. АКТ – ны қолдануға педагогтың еңбек өтілі мен білімі маңызды емес, оның АКТ – ны меңгеруге ықыласы мен ұмтылысының болуы маңызды. Өз жұмысында компьютерлік технологияларды қолдану педагогке көмектеседі:
— енжар тыңдаушыларды белсенді түрде қызмет етуге тартады;
— оқыту қызметінің одан да көрнекі әрі жедел болуына;
— балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға;
— танымдық қызығушылық белсенділігін арттыруға;
— тәрбиешінің өзін тәртіпке шақырып, оның жұмысқа деген қызығушылығын арттырады.
— ойлау процесін жеделдетеді.
АКТ – ның көмегімен өзіндік кәсіби дамуға қолайлы жағдай туады: электронды оқулықтар, мақалаларды қолданып, Интернет желісінде электронды пошта арқылы әріптестермен пікір алмасулар жүргізуге болады. АКТ – ның көмегімен тәрбиеленушілердің ата – аналарымен хабарласып, қарым – қатынас жасау тиімді екендігі шындық.
АКТ бұл:
— дамытушы заттық кеңістік ортасын қайта құру;
— балаларды дамыту үшін жаңа құралдар жасау;
— жаңа көрнекіліктер қолдану;
— баспада әртүрлі жағдайларға байланысты болмайтын кейбір қосымша ақпараттарды алу;
— әртүрлі анимациялар мен бейнефильмдер;
— Интернет желісінің іздеу жүйелері педагогтердің даму мен оқыту бойынша туатын барлық сұрақтарына қажетті материалдың барлығын, сондай – ақ кез – келген фотосуреттер мен иллюстрацияларды ұсынады.
АКТ – ны қолдану:
— педагог балалармен өткізілетін ұйымдастырылған іс – әрекеттерге көрнекіліктер таңдап алады;
— қосымша танымдық материалдарды таңдап алады;
— тәжірибе алмасып, басқа педагогтармен танысады;
— топтың құжаттарын, есеп берулерді көркемдейді;
— Рower Рoint бағдарламасы бойынша презентациялар әзірлейді.
Бүгінгі күні АКТ:
— ақпараттарды экранда ойын түрінде көрсетеді, бұл балалардың жоғары қызығушылығын туғызады, өйткені ол мектепке дейінгі жастағылардың негізгі қызметі – ойынға жауап береді.
— мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлау қабілетіне сәйкес материалды көрнекті, түсінікті етіп қолжетімді түрде ұсынады;
— материалды көп мөлшерде жүктемей, қозғалысымен, дауысымен және мультипликациясымен балалардың назарын өзіне аударады;
— мектепке дейінгі жастағы балалардың зерттеушілік қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, дағдылары мен таланттарын дамытуға мүмкіндік береді;
— балаларды есептің шешімін тапқанда, қиындықтарды жеңген кезде марапаттап отырады.
Мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды қолдану педагогтың шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашып, мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық дамуының әртүрлі жақтарының дамуына оң әсерін тигізеді. Оқу іс – әрекетінің жоғарғы динамикасы балалардың материалды тиімді меңгеруіне, есте сақтауларын, қиялдауын және шығармашылығының дамуына септігін тигізеді. Слайд – шоулар мен бейнефильмдер қоршаған ортадан бақылауларды:: гүлдің өсуі, планеталардың Күнді айналуы, толқынның қозғалысы, жаңбырдың жаууы сияқты мезеттерді көруіне мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, ақпараттық технологиялар баланы оқыту мен дамыту процесін тиімді етіп, балаға да, педагогке де білім берудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.