Отбасы құндылығы-ұлт болашағының негізі
Халықова Гүлім
Отбасы — адам өміріндегі орны толмас маңызды орта. Әрбір адам дүниеге шыр етіп келгеннен-ақ, отбасында ұлт болашағының негізін қалайтын ұлы тұлға болып қалыптасады. Бала отбасында алғаш рет өзіне ең жақын адамдарымен қауышып, айналасымен танысады, мінез – құлқы қалыптасады. Осы орайда отбасы құндылықтарының алатын орны зор. Әрбір отбасы өз Отанына жанашыр, ұлы тұлға тәрбиелеуге міндетті. Біздің ұлтымыздың өркендеуі, дамуы отбасында ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен жас буынның қолында. Қазіргі таңда отбасы мәселесі өзекті тақырыптардың қатарында.
Адам баласын қалыптастыруда отбасы тәрбиесі ғана емес, араласатын ортасы да үлкен рөл атқарады. Дегенмен де, бала санасы отбасында қалыптасатындықтан, отбасы тәрбиесі өте маңызды.Ұлтымыздың болашағының жарқын болуын,ешкімге бағынбайтын еркін болуын қаласақ, отбасында бала тәрбиесіне аса мән берілу керек. Себебі отбасы маңыздылығын түсіне білген азамат қана өз ұлтына, болашағына ерекше көзқараспен қарай алады.
Өкінішке орай, соңғы жылдары елімізде кездесіп отырған отбасылық тәрбиедегі олқылықтар мен кемшіліктер ауқымы үлкен ұлттық мәселеге айналуда. Сол мәселердің бірі ретінде тіл тағдыры, ұлттық дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарымыздың дұрыс сақталмауы алаңдатады. Ана тілімізді, тарихымызды, мәдениетті, ұлттық салт-дәстүрлерімізді білмейтін, білсе де өз ата тілінде сөйлеуге намыстанатын менің құрбыларым жыл өткен сайын көбеюде. Сондықтан әрбір ата — ана бала тәрбиесінде жоғарыда аталған құндылықтарымызға жауапкершілікпен қарауы тиіс. Барлық өнеге отбасынан басталады. Ұрпақтарының бойына сіңген ізеттілік дөрекілікке, қайырымдылық қатыгездікке, адалдық арамдыққа ауыспауын отбасынан бастап қадағалау қажет.
Садик.жасылыу
Садик жасылык