Математикалық ұғымдарды қайталау.
Шуканаева Рая
«» тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы.
Өтілетін күні: Тәрбиеші: Шуканаева Рая
Білім беру саласы:Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: Математикалық ұғымдарды қайталау.
Мақсаты: Дидактикалық материалдармен жұмыс жасай отырып, балаларға математикалық ұғымдарды қайталату. Кеңістікті бағдарлай білу. геометриялық пішіндерді айыра білу дағдыларын дамыту және пішіндердің өзіндік қасиеттерін ескеруді үйрету.
Әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс — әрекеті |
Балалардың іс — әрекеті. |
Енгізу. |
Дәлелді ояту. |
Шаттық шеңбері. «Дос болайық,бәріміз» Х.Талғаров. |
Шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталау. |
Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз, Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз. |
Ұйымдастыру – іздену |
1. Қызығушылықты ояту. Дид ойын: «Сөз тіркестері» Қарапайым салыстыру терминдерін мысал сөздер арқылы қалыптастыру, сөз қорын молайту. Мыс: «Апай Алимадан биік,» ал, «Алима апайдан аласа» немесе Апай үлкен, Айна кішкентай т.б 2. Ой дамыту. Кеңістікті бағдарлау Дид ойын: «Жол картасын бейнеле » Ағаш, тау, күн, бұлт, тас, көл, гүлдер , құстар т.б. суреттерді үстел үстіндегі жасыл матаға өздерінің орналасу реті бойынша қою.
3.Ой қозғау. Сұрақ-жауап — Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер? — Атау. -Айырмашылығы неде? 4. Мағынаны тану.-Пішіндердің ортақ белгісін анықтау. (төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек) Мысалы: -Үшбұрыштардың түсі, пішіні бірдей. -Ал, айырмашылығы неде? -Көлемінде. Сергіту сәті.«Қырғауылдай тапқырмыз» 5. Қызықты ойын: Дид ойын:«Кім жылдам?» құрастыру жұмысын жүргізу. (үй, машина, шырша, қайық т.б) -Сұрақ – жауап. -Не жасадың? -Қандай бұрыш?-Түсі қандай? |
Оқу қызметін қызығушылықпен тыңдау. Сөз тіркестерін айта білу. Өз ойынан сөз айта білу.
Кеңістікті бағдарлауда суреттерді дұрыс орналастыра білу
Білетін пішіндерін дұрыс атау. Айырмашылығын айта білу.
Қойылған сұрақтарға толық жауап бере білу.
Құрастыру жұмысын қызығушылықпен орындау. Сұраққа жауап беру. |
Мысалдар: Сызғыш жолақшадан ұзын, жолақша сызығыштан қысқа. Аружанның сөмкесі ауыр, Ерсайынның сөмкесі жеңіл.
Сергіту сәті: Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз.(қанат жаю) Түлкі болып қашамыз, қашамыз.(орнында жүгіру) Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,(аяқтарын жоғары , марш түрінде) Орнымызға қонамыз, қонамыз.
|
Рефлекстік түзету.
|
Дид ойын: «Ұзын, қысқа.» Мақсаты: Мыс: Жіп ұзын дегенде қолды алға созу, жіп қысқа дегенде қолды жинау. Сұрақ – жауап. Балаларды мадақтау. |
Ойынға белсене қатысу. Қызығушылық таныту. Достарын бағалау. |
|
Күтілетін нәтиже.
Білуі: Геометрияляқ ұғымдарды, сөз арқылы айтуды, салыстыру терминдерін. болу керек.
Игеруі: Ойын арқылы пішіндердің қасиетін игереді.
Меңгеруі: Геометрияляқ пішіндер және олардың бір – бірінен айырмашылығы жайында түсініктері меңгереді