Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • Балаларға арналған судағы қауіпсіздік ережесі

  • ҰБТ кезіндегі стрессеті жою

  • Робототехника — балаларды дамытуға бағытталған технологияның пайдасы

  • Ортаңғы топ балаларына арналған ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ «Физкультошка»

  • спорттық үйірме «Спорттық карусель»

  • Дене шынықтыруда Су- джок терапиясын қолдану.

  • Дене шынықтыруда Су- джок терапиясын қолдану.

  • «Батыр бабамыз — Бейбарыс»

  • Ертегілер еліне саяхат

  • Армысың, әз-Наурыз!

  • «Бала — біздің болашағымыз»

  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы

  • 1 наурыз -Алғыс айту күні

  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ

  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

  • Жүн және одан жасалатын заттар

  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»

  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

Балабақша
Home›Балабақша›Елбасым — мақтанышым!

Елбасым — мақтанышым!

By admin
24 декабря, 2017
3134
0
Share:

«Елбасым – мақтанышым!»

 

1-желтоқсан – ҚР тұңғыш Президенті күні екені баршамызға мәлім. Осындай атаулы күні Қарақия ауданы Жетібай ауылындағы 10 жылдық тарихы бар, бүлдіршіндердің сүйікті мекеніне айналған «Ғарышкер» балабақшасында «Елбасым – мақтанышым!» тақырыбында тәрбиеші Балмаганбетова Актоты Асубаевнаның жүргізуімен  мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл сайыстың мақсаты: балабақша тәрбиеленушілеріне біздің елбасымыз мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы екенін түсіндіріп, мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым – президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет екенін ұғындыру және Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған көптеген ақындардың өлең-жырларымен таныстыру болатын. Бұл сайыста балалар елбасы туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, байқауға түсті. Байқау соңында балабақша тәрбиеленушілері Қарақожа Іңкәр бас жүлдеге ие болса, Исметтулаева Молдир мен Темірхан Саягүл жүлделі І орынды, Лескен Жанайым мен Әбжет Аяжан ІІ орынды, ал Айтпай Әлімжан мен Ерсайын Айжарық ІІІ орынды теңдей бөлісті. Сайыс өз мәресіне жеткенде, балабақша директоры – Қаламбаева Гүлшат Серікқалиқызы дарынды бүлдіршіндерді дипломмен марапаттап, келешектерінен зор үміт күтетінін айтты.

Сонымен қатар, тұңғыш президентіміз – Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының өмір жолына шолу жасау мақсатында дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы Эльмира Абулталиповна мен тәрбиеші Лайла Тулепбаевнаның ұйымдастыруымен «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты фото-көрме жасақталды. Бұл фото-көрменің мақсаты: Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерімен таныстырып, жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, қадірлі тұлға екенін таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Көрмеде балалар елбасының жастық шағы мен отбасы туралы мәлімет алып, алғашқы еңбек жолынан бастап, қазіргі президенттік шағына дейінгі кезеңімен танысты. Әлемнің ірі елдерінің президенттерімен жүргізген келіссөздерінің суреттеріне қызығушылық танытып, мақтаныш сезімдерін жасыра алмады.

Бүгінде бүкіл елдің қолдауымен сеніміне ие болып, елді сындарлы жолмен болашаққа айқын бастап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын — Тұңғыш Президент күні біз үшін де өте қадірлі мереке. Ендеше мерекелеріңіз құтты болсын, қазақ елі!

Қарақия ауданы, Жетібай ауылы

«Ғарышкер»  балабақшасы МКҚК

БЕРДІҚОЖА БИБІФАТИМА

ХАННАЗАРҚЫЗЫ

Previous Article

Көңілді қыс.

Next Article

Математикалық ұғымдарды қайталау.

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІПсихология

    Баланы тану және түсіну

    11 октября, 2016
    By admin
  • Балабақша

    «Үш марғау», «Марғайға арналған түрлі түсті жіптер»

    22 января, 2018
    By admin
  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Тіл халық қазынасы

    15 апреля, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Тамаша көңіл күй әлемінде

    7 сентября, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Гүл туралы аңыз

    25 декабря, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Қонақ күтеміз

    26 июня, 2017
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    Баланың періште әлемі – тәрбиешінің бақыты

  • Балабақша

    Қиылған суреттер

  • БалабақшаӘдістемелік құралдар

    Мектепалды даярлық сынып балаларымен жүргізілетін әдістемелік жұмыстардың педагогикалық шарттары

 

Жаңа жарияланымдар

  • Балаларға арналған судағы қауіпсіздік ережесі
  • ҰБТ кезіндегі стрессеті жою
  • Робототехника — балаларды дамытуға бағытталған технологияның пайдасы
  • Ортаңғы топ балаларына арналған ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ «Физкультошка»
  • спорттық үйірме «Спорттық карусель»
  • Дене шынықтыруда Су- джок терапиясын қолдану.
  • Дене шынықтыруда Су- джок терапиясын қолдану.
  • «Батыр бабамыз — Бейбарыс»
  • Ертегілер еліне саяхат
  • Армысың, әз-Наурыз!
  • «Бала — біздің болашағымыз»
  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы
  • 1 наурыз -Алғыс айту күні
  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

Күнтізбе

Июнь 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
« Май    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика