Жаратылыстану: Бөлме өсімдіктері

 

                              Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

                                             технологиялық картасы                             

« Балауса»   2  сәбилер тобы                                                               Тәрбиеші: Нухаева Б.Б.

Білім беру саласы:Қатынас.Таным

Бөлімдері: Жаратылыс тану                                                               

Тақырыбы:Бөлме өсімдіктері.

Мақсаты:Балалардың табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы білімдерін толықтыру.Қазтамақ пен фикус гүлі туралы айтып,оларды бір-бірінен ажырата білуге ,тани білуге үйрету және күту ерекшеліктерімен таныстыру.Бөлме өсімдіктерін қалай күту керектігін іс жүзінде көрсету арқылы еңбекқорлыққа баулу..

 Көрнекіліктер: бөлме өсімдіктерін күтуге қажетті заттар (сүрткіш,су құйғыш,су құятын ыдыс ,алжапқыш),үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: қазтамақ,дәрілік өсімдіктер.

Билингвальды компонент: өсімдіктер-растения,жапырақтар-листья,сабақ-стебель.

Іс-әрекет кезеңдері

 

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

 

Педагог балалардың назарын топтағы бөлме гүлдеріне аударады.

-Мыналар нелер?

-Гүлдер не ішінде өсіп тұр?

-Мұндай гүлдерді қалай өсіреміз

-Дұрыс,бұл гүлдер бөлмеде өседі.

Сондықтан оларды бөлме өсімдіктері деп атайды.Бөлме өсімдіктері ауаны тазартады.

 

 

Педагогтің сұрақтарына жауап береді.

Гүлдер.

-Құмыра ішінде өсіп тұр.

-Үйде ,топта өседі.

 

Ұйымдастыру-

іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімді өзектендіру.

-Қазір мен бір өсімдікті сипаттаймын ,ал сендер қандай өсімдік екенін табындар.

-Жапырақтары сопақша,үлкен,түсі қою жасыл.Бұл қай өсімдік?

(Фикус гүлін көрсетеді)

-Бүгін сендер жаңа бөлме өсімдігі-хош иісті қазтамақпен таныстырамын.

Қазтамақтың сабаға жасыл,шырынды,сабағынын бойымен хош иіс беретін жапырақтары өседі.

Оның гүл шоғырлары хош иісті және әртүрлі түсті болады,бірақ көбіне қызыл гүлі бар қазтамақтар көп кездеседі.

Билингвальды компонент: өсімдіктер-растения,жапырақтар-листья,сабақ-стебель.

Тыныс алу жаттығуы: «Гүлдердің хош

 

Айтылған сипаттама бойынша фикусты табады.

 

 

 

 

 

Мұқият тыңдайды.

 

 

Қайталайды.

Қазтамақ гүлінің иісін иіскеп,тыныс алу жаттығулуарын орындайды.

 

 

иісі».

-Қазтамақтың хош иісін сезіну үшін терең тыныс алайық.

-Қазтамақ-дәрілік өсімдік.Одан дәрілік майлар жасалады.Хош иісі бөлмеге ұсақ шіркейлерді келтірмейді.

-Балалар,қазтамақтың фикустан айырмашылығын қарастырайық.

-Фикус қандай күтімді қажет етеді?

Жапырақтарындағы  шаңды немен сүртеді?

-Не үшін жапырақтардағы шаңды сүртеміз?

(Жапырақтары ауаны тазартады)

-Өсімдіктерді қалай  суару керектігін көрсетіңдерші.

-Су құйғыштың тұмсығын гүл ыдысының шетіне салып,суды шашыратпай суару керек.Бөлме өсімдіктерін қалай күтіп-баптау керектігін түсіндіреді.

Сергіту сәтін өткізу:

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салады,

Жел күшімен шайқалған.

Таңғажайып сәт.

Есік қағылып,бөлмеге дәрігер Салауат кіреді.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен мейірімді Салауатпын.Таңертенң маған көжектер келіп,құлақтарының ауырып тұрғанын айтып еді.Ал менің дәрі салғышымда дәрілер таусылып қалыпты.Балалар,сендердің топтарында дәрілік өсімдіктер бар ма?

-Балалар,сендерге үлкен рақмет!Сендер маған көмектестіңдер,енді мен өз достарымды емдеп аламын.Сау  болындар!

Үлестірмелі материалдармен жұмыс орындатылады.

«Қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер

сұрағына жауап беру.

Жеке жұмыс.

 

.

 

Қазтамақ пен фикусты салыстырады.Сабағы мен жапырақтары әртүрлі екенін айтады.

 

 

-Фикус гүлінің жапырақтарын сулы шүберекпен сүртеді.

 

 

 

Қазтамақ пен фикусты күту жолдарын айтады.

 

 

 

 

 

 

Қолдарын жоғары көтереді,шайқайды .т.б

 

 

 

 

Дәрігер өсімдіктер бар екенін,оның ішінде қазтамақтың атын атайды

Балалар дәрігер

Салауатқа қазтамақ гүлін береді,онымен қоштасады.

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындайды,жауап береді.

Рефлек

сивті-түзетуші

лік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін қорытындылайды.

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:бөлме өсімдіктерін бір-бірінен ажырата білуге арналған тапсырмаларды.

Қандай түсініктерді игерді: табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы мәліметтерді. 

 Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бөлме өсімдіктерін күте білу дағдыларын іс жүзінде.                                                            

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.