4 саны мен цифры.
«» ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Өтілетін күні: Тәрбиеші: Шуканаева Рая
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: 4 саны мен цифры.
Мақсаты: Балаларды 4 саны және цифрымен таныстыру. Құрамын анықтау, жасалу жолдарын түсіндіру. Екі топтағы заттарды саны бойынша салыстыруға үйрету.
Әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс — әрекеті |
Балалардың іс — әрекеті. |
Енгізу. |
Дәлелді ояту. |
І.Шаттық шеңбері. «Менің көмекшілерім.»
ІІ.Ғажайып сәт. Есік қағу. 0 санынан хат келу.
|
Шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталау.
Ғажайып сәтке қызығушылық таныту |
Мынау менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау басым ақылды, Барлық істі бастаған. Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым Барлық істі атқарған. |
Ұйымдас-тыру – іздену |
1.Хатты ашу үшін тапсырма Санамақтар сыры Бірге айту. 2. Ой толғау. Жоғалған сандар. Іздеу. -Бұлттан көмек сұрау. Бұлт, бұлт сен өте жоғары тұрасың, бәрін көресің,біздің сандарымызды көрдің бе? Көмектесші бізге. Бұлт Жарайды – Ол сандарды қоңыздар тығып қойды. Сендер қоныздардан сұраңдар. 2.1. Қоңыздарға кездесу. .Қоңыздардың тапсырмасы. 1-ші қоңыздың тапсырмасы: –Үшбұрыштың әр бұрышында отыру үшін неше торғай керек. – Төрт бұрыштың әр бұрышына отыру үшін неше мысық керек? 1-санын шығару. Қуанышты көңіл күй. Балалар алдарына санды қою. 2-ші Қоңыздың тапсырмасы. «Жол картасын» бейнеле Ағаш, тау, күн, бұлт, тас, көл, гүлдер т.б. суреттерді үстел үстіндегі жасыл матаға өздерінің орналасу реті бойынша қою. 2санын шығару. 3-ші қоңыздың тапсырмасы: Сергіту сәтін көрсет . 3 санын шығару. 4-ші қоңыздың тапсырмасы. Бір жылда неше мезгіл бар? Бөлмеде неше бұрыш бар? Жаңа сан 4 саны. Міне бізге бүгін 4 саны қонаққа келіпті, сендермен дос болғысы келеді 3. Жаңа оқу қызетін түсіндіру 4санымен таныстыру. 4санының құрамын анықтау. Дидактикалық материалдармен жұмыс. |
Санамақтарды бірге айта білу
Оқу қызметінде берілген тапсырмаларды Қызығушылықпен орындай білу.
Қоңыздардың тапсырмаларын орындауға қызығушылы таныту.
Тапсырмаларды орындау арқылы пішіндердің қасиетін меңгереді
Тапсырмаларды орындауда шапшаңдық көрсету
|
Санамақ Бір дегенің — Білім, Екі дегенің — Ілім. Үш дегенің — Ғылым. Төрт дегенің — Таным, Бес дегенің — Талғам,
Сергіту сәті: Сыңғыр, сыңғыр сырғалар, Құлағымда ырғалар. Оң қолымда білезік, Сол қолымда білезік. Саусақтарда сақина Бәрін қосып бір сөзбен, Атын атар қай бала. Әшекей бұйым 1, 2, 3 демалайық біз.
|
Рефлекстік түзету.
|
Дид ойын: «Көршісін тап» Балаларды мадақтау. |
Ойында шапшаңдық көрсету. Достарын бағалай білу. |
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: 4 саны және оның құрамы туралы білу керек.
Игеру: Дидактикалық материалдармен жұмыс жасай отырып, өз ойын жеткізе білуді игереді.
Меңгеру: Ойындар арқылы баланың қызығушылығы артып, бала заттарды ретімен қоя білу, ажырата білу дағдыларын меңгереді.