Ағаш және оның қасиеті

Бұралқиева Ақмарал Әсембекқызы

Орта топ — Зерттеу жұмысы

Білім саласы: «Әлеумет», «Коммуникация»

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің  тақырыбы: «Ағаш және оның қасиеті»

Бағдарламаның мазмұны: Балаларды ағаштың қасиетімен таныстыру. Жасалған істен шешім  шығара білуге  үйрету.                                       Айналадағы заттарға ұқыптылықпен қарауғатәрбиелеу

Керекті құрал жабдықтар: Видео слайд, карточкалар, хат, ағаш кесегі әр балаға, тас, су құйылған ыдыс, сіріңке әр балаға, шеге әр балаға,ағаш қасық,темір қасық.

Алдын ала жұмыс : бөренемен таныстыру,ағашты бақылау,әңгімелесу тақпақтар жаттау .

Билингвалды компонент: Ағаш –дерево, бөрене – бревно .

 

Оқу қызметінің жүру барысы :

Ұйымдастыру кезеңі :

Шаттық шеңбері : Арқалап ап,ырыс құт

Келеді әне Күн шығып

Қайырлы таң тыныштық!

Қайырлы таң тіршілік !

Қайырлы таң достарым!

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Здравствуйте гости!

Балалар, бүгін азанда топқа кірсем үстел үстінен хат көрдім . Ол хат

сендергежолданыпты.Бірақ кімнен екенін біле алмай тұрмын

Тәрбиеші хатты оқып шығады.

  • Хаттың кімнен келгенін білдіңдер ме? (Буратинодан )
  • Әрине, Буратинодан

— Балалар неге Буратиноны ағаштың қасиеті қызықтырып отыр екен?

-Өйткені Буратино ағаштан жасалған.

-Ендеше Буратиноның хат арқылы жіберген ойынын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Ағаштан жасалған затты ата»

Сұрақ-жауап

Үйлеріңде ағаштан жасалған қандай заттар бар?

-Ағаш заттарды неден жасайды?

Жарайсыңдар!

Буратиноға тақпақ айтып береміз бе?

-Ия

 

Шерхан:

Шебер ұста боламыз

Балтамен ағаш шабамыз

Сүргімен оны жонамыз

Киіз үйлер құрамыз

 

Санжар:Деревянная матрешка

Влезла с Машей

На окошко

По карнизу ходит кошки

И не может сосчитать

То стоит одна матрешка

То матрешка целых пять

Айсана:

Көше бойы аралас

Қаптап өскен қара ағаш.

Жемісі жоқ болса да ,

Саясы көп дара ағаш .

 

Қобыланды:

Бақшамызда көп ағаш

Өскен жақсы балалар

Ең әдемі меніңше

Құс ұясы бар ағаш

 

Жарайсыңдар!

 

Сергіту сәті: «Тербеледі ағаштар»

Балалар ағаштың қандай сиқырлы қасиеттері бар екенін білгілерің келе ме?

-Ия

-Ендеше біз қазір зертханаға барамыз. Зертханада тәжірибелер жасаймыз.

 

Тәрбиеші зертханада ұқыпты болуды тапсырады,ескертеді.

 

Тәжірибе 1 «Батады-батпайды»

-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар,ағаш суда батады ма,батпайды ма?

-Ендеше сендермен тәжірибе жасап көрейік

Қолдарыңа тасты алыңдар суға салыңдар

-Не байқадыңдар? (тас батып кетті)

-Енді қолдарыңа ағаш кесегін алыңдар суға салыңдар

Ағаш жайында не айтуға болады?

Ол батты ма ,батпады ма?

(тәжірибе жасап,балалар шешім шығарады:ағаш жеңіл,су бетінде қалқып жүреді).

-Ия балалар ағаш суда батпайды екен.

Осы ағаштың қасиетін адамдар қайда пайдаланады?

(Адамдар ағаштан қайық,кеме жасайды)

-Сендер қалай ойлайсыңдар Буратино суда батып кете ме?

 

Балалардың жауабы:

 

Тәжірибе 2: «Сынады,сынбайды»

-Қолымызға шегені аламыз,оны сындырып көрейік (сынбайды)

Демек,ол қандай? (қатты)

-Ендеше сіріңкені алып,көрейік. Не айтуға болады? (Сіріңке – сынғыш келеді, демек ағашты сындыруға болады)

Тәжірибеден шығаратын шешім: ағаш және ағаштан жасалған заттар сынады,демек оларға ұқыпты қарап,сындырмау керек (кетеміз)!

Ағаш темірден иілгіштеу,өңдеуге тез келеді .

Сондықтанадамдар ағаштан көп заттар жасауды ойлап тапқан.

Ағаштан жонып,кесіп,аралап көп заттар жасауға болады.

-Ағаштан қандай ойыншықтарды білесіңдер? (Балалардың жауабы)

 

Тәжірибе 3

Қанекей судан ағаш кесегін алайық.Қараңдаршы не болған? Ол қарайып, ісініп кетіпті.

Шешім:ағаш суды бойына сіңіреді,осыдан ол ісініп  өз қасиетін жоғалтады.

 

-Ағаштан жасалған заттар бұзылмау үшін не істейміз? (бояймыз)

-Мінекей сондықтан ойын алаңындағы ойын құралдарын бояп,сырлаймыз.

 

Қоштасу шеңбері:

-Біз бүгінгі оқу қызметінде немен таныстық?

-Бізге хат кімнен келді?

-Тәжірибе кезінде ағаштың қасиеті жайында нені білдік?

-Ағаш жеңіл,суда қалқып жүзеді,ағаш сынады.

-Ұқыпты болу керек бояп, сырламаса өз қасиетін жояды

 

Балдай тәтті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойынменен өседі,

Ойымызбен санамыз.

Қол ұстассақ бәріміз,

Жарасады сәніміз.

Көріскенше күн жақсы,

Сау болыңыз бәріңіз

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *