«Менің балабақшам» технологиялық картасы
Ортаңғы «Ақ ерке» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 25.09.2017
Тәрбиеші: Казбекова Б.Е
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Пән: «Қоршаған орта»
Өтпелі тақырып: «Менің балабақшам»
Тақырыбы: «Менің балабақшам».
Мақсаты:Баланың өзі және өзінің топтағы жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Балабақша қызметкерлері туралы ұғымдарын кеңейту. Ересектерге көмектесуге ынталандыру.
1.Тәрбиелік-Тәрбиешінің үлгісі бойынша әңгіме құрастыру; сурет бойынша сұраттарға жауап бере алу.
2.Дамытушылық — Балалардың бір-біріне деген қамқорлығын арттыру.
3.Оқыту-сұрақ-жауап, әңгімелеу
Педагогикалық технологиялар:ойын түрінде
Ресурстармен қамтамасыз ету: Әр балаға арналған ммазмұнды суреттер, жеке жұмыс жасау.
Билингвалдық компонент: Балабақша-детский сад, тәрбиеші-воспитатель.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
«Ізгі сөздер»
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға,
«Қайырлы таң!»- деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
«Қайырлы күн!»- тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!»- деп кіремін.
Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын айтып, өлең мазмұнына қарай қимыл-әрекет орындайды.
2.Негізгі бөлімі: Тәрбиеші ұжымдық жұмыс арқылы балаларға балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстырып, оларды бағалауға, құрметтеуге үйрету мақсатында «өз үйім – менің бірінші үйім, балабақша – екінші үйім»деген тақырыпта әңгіме жүргізеді.
— Балалар балабақша дегеніміз не? -Екінші үйіміз
— Балабақшада біз не істейміз? -Ойнаймыз, оқимыз
— Ал балабақшаны біз екінші үйіміз деп айта аламыз ба?- Иә
— Бұл үлкен үйімізде бізге кім қамқорлық көрсетеді, аялайды? -Апайлар
— Балабақшада сендер үшін қаншама адам жұмыс істейді?
— Қане, олар кімдер және не істейді екен?-апай, аспазшы, дәрігер, т.б.
Жүректен жүрекке шеңбері. Алдын ала берілген өлеңді жатқа айту.
Жүректен жүрекке шеңбері.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығармыз.
Бізді жақтап отырған,
Сендерге де мың алғыс!
Балабақша туралы әңгімелеу.
Тазалықшы – екінші үйімізде өз үйіміздей жылы, таза болсын деп бөлмемізді жуып, тазалайды.
Аспазшы — біз үшін дәмді тамақ әзірлейді.
Дәрігер – сендердің дендеріңнің сау болуын қадағалайды.
Кір жуушы – біздің сүлгілерімізді жуып береді.
Тәрбиеші апайлар – сендер жақсы адам болып өсулерің үшін бәрін үйретеді.
Тәрбиеші: Ал осымен сабағымыз аяқталды.
Сау болыңыздар!
Сау болыңыз!
3.Қорытынды:Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Балалар немен айналысқандары, не білгендері, не үйренгендері жайлы әңгімелеп айтады.