Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы

Абдигалиева Ақкүміс

Мақсаты: 1.     Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» Елбасымыздың

тапсырмасын бұқара халыққа кеңінен насихаттау.

  1. Бағыттарын талдау.
  2. Еңбек ету жолдарындағы кездесетін қиындықтарды қарастыру.

Өту түрі:         Дөңгелек үстел

Көрнекілігі:    Интерактивті тақта

Өту барысы:   Ұйымдастыру.

Топқа бөлу:    Еңбекқор, талапкер, қуаныш
Топтың ережесі:
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық

Тыныштық сәті:

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ — қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек — қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте — бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан — жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан — жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір — түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

 

Дәйексөз:
Бүгінгі дөңгелек үстелдегі пікірталасымыздың дәйексөзі Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.
Бұл Абай атамыздың сөзі.Ендеше бүгінгі пікірталас еңбек жөнінде болмақ.

1.Кіріспе.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда әлеуметтік мемлекеттің мықты іргетасы қаланды. Жүргізілген әлеуметтік реформалардың нәтижесінде негізгі мақсаты азаматтардың әл-ауқатын арттыру болып табылатын әлеуметтік қорғаудың көпдеңгейлі жүйесі құрылды. Қазіргі заманғы жаһандық міндеттер мен үдемелі индустриялдық-инновациялық даму әлеуметтік қорғау жүйесінің алдына серіктестік қатысу принципі бойынша барлық мүдделі тараптардың, яғни мемлекет, бизнес және азаматтардың бірігіп тиімді жұмыс жасауын талап ететін, жаңа міндеттер қойды.

Осыған байланысты, әлеуметтік жаңғырту стратегиясында тек мемлекет қана емес, сонымен қатар, экономикалық даму мен қоғамдық игіліктерді бөлу арасындағы оң байланысқа қол жеткізу үшін әрбір Қазақстан азаматының белсенді өмір көзқарастары да маңызды орынға ие.

Әлеуметтік заңнаманы жаңарту, әлеуметтік – еңбек қатынастарының тиімді үлгісін қалыптастыру, өмір сүру сапасының қазақстандық стандарты, әлеуметтік жаңғыртудың ақпараттық – мәдени құрамдас бөлігі және әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесі,міне осының бәрі әлеуметтік жаңғыртудың негізгі басымдықтары болып табылады.

2.Баяндама: «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам».

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2012 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамалық бағдарламасының мақаласында  Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын жариялады және оны республиканың әлеуметтік  жаңғыртылу саясатының негізі деп атады. Елдің әлеуметтік жаңғыртылуының мәні біреудің асырауында болушылықтан белсенді өмірлік орнына жетуге — азаматтардың санасын түбегейлі өзгерту тұспалданады.  Мемлекет басшысы мақалада ХХ ғасырдың 60-шы жылдары кеңінен насихатталған, тұтынушылар қоғамының тұжырымдамасының  бұлдыры бар екені туралы айтты.»Бүкіл әлем бұл тұтуыну идеологиясы құртатын болып табылатынына, барлық әлем ерекше шиеленіске көздерін жеткізді. Ол әлемнің дамыған елдерінде бұқаралық әлеуметтік біреудің асырауында болуды тудырды және дағдарыстың ең басты себебінің бірі болып табылады. Бұндай жалған идея тек қана бүкіл әлемде емес сонымен қатар дамыған елдерде де іске асырыла алмайтын, құрылымдық баламаны тауып алуға болады. Бұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының идеясы болып табылады», — деді Назарбаев.Оның пікірінше, шетелдік тәжірибе осы үдеріс азаматтардың күшеюін қолдайтынын, олардың шығармашылықты шамаларын ашатынын көрсетеді. Назарбаев — «Сондықтан адамдардың өз құқықтары мен еркіндіктерін белсенді қорғауға деген ұмтылысын көбейтеді, қоғамды өздігінен ұйымдастыру деңгейін арттырады», — өзінің мақаласында деп жазды.Ол сондай-ақ қоғамда мемлекеттің шексіз емес екенін, ол азаматтардың жағдайының жақсаруына ықпал ететін серіктес деп түсіну керек екенін айтты.Сондықтан да Президенттің Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының идеясын құру туралы  идеясы өзінің мазмұны мен мағыналық жағынан ұлттық трендті көрсетеді. Бұл әр қазақстан халқы үшін де, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар үшін де әрекетке өзгеше жетекшілік ету.Осы стратегиялық құжат тағы да мемлекет басшысының біздің елді дамыту бағытын дұрыс алып келе жатқанын көрсетеді. Бұл құжат маңызды және өзекті салаларды – еңбекті, білімді, жастардың әлеуметтік бағыттарын, денсаулықты, үй мәселелерін қозғайды. Сондықтан елімізде жаңа мектептер,  ауруханалар, мәдени орталықтар салынып жатыр, бұған мемлекеттік кешенді бағдарламалар бағытталды. Әлемдік экономикадағы белгісіздікке қарамастан, оның ішінде сыртқы нарық, Қазақстан оң өзгеріске қол жеткізді.                                                                                                                          Осы кезге дейін еліміз халықты жарылқаушы және әл-ауқатты мемлекет деп есептелініп келген еді. Бүгінгі таңда бұл тұжырымдама орнына жаңа, яғни еңбекші мемлекет, еңбекке қолайлы жағдай жасау мемлекеті туралы идея қалыптасты.Яғни, біз ерінбей,еңбек етсек  еліміз бізге қолайлы жағдай жасауға толық мүмкіндігі бар.Ендеше еңбек жөнінде пікір алмасып отырайық.(доп лақтыру әдісі)                                                                                                 1. Еңбектену адамға не үшін қажет?
2. Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?
3. Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба?
4. Өз еңбектеріңнің жемісін көргенде қандай сезімде болдыңдар?                          Видеоресурс  «Құмырсқа мен ала қоңыз»
Шығармашылық іс — әрекет, топтық жұмыс
1 — топ: Еңбекқор тобына «Еріншек баламен еңбекқор балаға» мінездеме беру
2 — топ: Талапкер тобына «Адал еңбек» постер қорғау
3 — топ: Қуаныш тобына «Еңбек пен бақыт – егіз» тақырыбында шығарма жазу.
Сиқырлы кәмпит ойыны:
1.«Еңбек», «Еңбексүйгіштік» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
2. Қандай адамды «еңбекқор» дейміз?
3. Адал еңбек дегенді қалай түсінесің?
4. Еңбектің жемісі деп нені ойлайсыңдар?
5. Еңбексүйгіштік пен еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып бер
6. Еңбексүйгіштіктің бойындағы жақсы қасиеттерді атап бер?                                          Қорыту:                                                                                                                                         Қырға шықсаң, өрлеп,
Мұның аты – Еңбек.
Кесте тіксең, зерлеп,
Мұның аты – Еңбек
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең – Еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек, -демекші, еңбек – адамның өзіне, өміріне және қоғамға пайда келтіретін іс — әрекет. Еңбек арқылы адам өз арманы мен мақсатына жетіп, қуанышқа, бақытқа бөленеді.Осымен «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» атты дөңгелек үстеліміз аяқталды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.