Аққала

Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы мағлұмат беру.  Балалардың қыс мезгілі және қыс айлары жайлы түсініктерін дамыту. Саусақ моторикасы арқылы шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру. Ермексаздың да қандай түсін алатыны беріледі. Ермексазды ширату, илеу әдістерін қалыптастыру.

Дамытушылығы: Балалардың ойлау, есте сақтау, сұраққа жауап беру қабілетін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: таныстыру, түсіндіру, сұрақ-жауап, саусақ жаттығуы, қимылды ойын, мадақтау, қорытындылау.

Көрнекілігі: слайд, үлгі, релактация, аққала, ермексаз, тақтайша, үстік, сулы шүберек.

Барысы:

-Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы?! Жылдың қазір қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктер байқалады?

-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнағанды ұнатасыңдар?

Ендеше, балалар мына тұрған сиқырлы тақтамызға көңіл аударайық. (қысқы орман бейнеленген).

-Балалар, бізге «қысқы орманнан» аққала қонаққа келе жатырған секілді.

Ғажайып сәт. Аққала келеді.

-Сәлеметсіздер ме балалар! Балалар сендер көңілсіз секілдісіздер, қанекей мен сендердің көңіл- күйлеріңді көтеріп бір серпілтіп тастайын. Менімен ойнағыларың келеме?

Ойын: «Көңілді аққала»

Шарты: Балалар үш-үштен екі топқа бөлініп жарысады. Аққаланың бөлшектерін ретімен орналастырады.

Аққала:Ой, жарайсыңдар балалар! Мен бұл аққаланы сендерге сыйға тартамын. Мен сендердің көңілдеріңді көтергеніме қуанып тұрмын, енді мен өзімнің «қысқы орманыма» оралайын. Сау болыңдар!

-Ал, балалар, жақсы көңіл-күймен, берілген тапсырманы орындаймыз.

 

Саусақ жаттығуы: Қар жауады оң жақтан,

Қар жауады сол жақтан,

Қар лақтырып ойнасақ

Су болады қолғаптар.

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан,

Қар лақтырып ойнасақ

Су болады қолғаптар.

 

Аққала қардан жасалады, оның әрбір бөлшегі дөңгелек пішіннен тұрады. Алдымен үлкен дөңгелек , содан соң орташа дөңгелек, ал басы одан кішілеу дөңгелектен жасалады. Аққаланың сонымен қатар қолдары болады, оларда дөңгелек пішіннен болады. Әр бөлген ермексазымызды алақанның ортасына салып дөңгелектейміз. Оларды бірінің үстіне, бірін қойып, басына төртбұрышты етіп қалпақ кигізіп, көзін қара түсті моншақтан, қызғылт түсті ермексазды  ширату арқылы мұрнын жасаймыз және ұсақ детальдарын орналастырамыз.

Мүсіндеп  балаларға көрсету.

Балалардың жұмысын қадағалап, оларға көмектесу.

Балалар қызығушылықпен аққаланы мүсіндеп шығады.

Балалардың  жұмысын «аққалалар қалашығына»  орналастыру.

Балалардың  жұмысын тексеріп, оқу қызметінің соңында  мадақтау.

Ұлпа қарларды сыйға тарту.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.