Денсаулық және спорт елі
Мақсаты: Жаттығуларды орындау барысында шыдамдылық, ептілік,
күш – жігерлі денсаулыққа тигізер сүйіспеншілігін
қалыптастыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: Секіруге керілген жіптер,2 доп, 2 кәрзеңке,
әр балаға лақтыруға таяқша,1 дана тақия.
Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме қонақтар! «Денсаулық және спорт елі» атты спорттық сайықа қатысушыларды қарсы алайық (спорттық киім киген балалар қолдарына жалауша ұстап, бір – бірден саппен жүріп жалаушамен жаттығу жасайды)
Әнұран орындалады..
«Сәлеметсің бе?» коммуникативік ойыны.
Залға «Спутник» және «Зымыран» тобының ойыншылары шақырылады. Өз тобымен сапқа тұрады.
Жүргізуші: Төрешілер алқасымен таныстыру.
Топ басқарушылар екі адым алға.
Бір – бірін құттықтау, қошеметтеу.
«Спутник» топ басшысы.
Біз «Зымыран» командасын құттықтаймыз
Барлығы бірге: Батылдық пен өжеттілік,
Ал осында көрсетіңдер.
«Зымыран» топ басшысы: Құрметті «Спутник» тобы
«Жақсы болсын нәтижелі ойының»
деп шын көңілден тілейміз!
Барлығы: Бүгін шаршауды білмеңдер.
Барлығымызға қуаныш сыйлаңдар!
Жүргізуші: Міне 2 топ кездесіп бір – бірін құттықтады. Оларға жарыста үлкен жетістік тілейміз.
Жатып алмай төсекте,
Ерте тұрып жүгірсек,
Шынықтырып денңді,
Күш қуат жинап бойыңа,
Өзіңді нағыз спортшымын деп есепте
Оларға сәтті қадам!
- «Бақа» кедергілерден бақа болып секіреді.(Қорытындысы шығарылып отырады)
- «Таяқ лақтыру» ұлттық ойыны.
Барлық бала тізіліп тұрып алысқа лақтырады.
Төрешілер қорытынды шығарады.
- «Мерген» жаттығуы.
Допты кәрзеңкеге түсіреді.
(Тігінен қойылған нысанаға допты лақтырады)
- «Тауық күрес» (иық итеріп бір – бірін шеңберден шығару керек) Ойынға екі топтан 1-1 ден бала қатысады.
- «Тақия тастамақ» ұлттық ойыны.
Алаңда белгіленген жерде ойыншылар екі тізбекте тізіліп тұрады. Тақия ілінген бағана қарама – қарсы қойылады.Екі топ мүшелері белгі бойынша тақияны киіп мәреге жету керек.
6 . «Қара жорға» биі.
Ал қазір әділқазы алқасы біздің сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайды. Ол жеңімпаздарға сыйлықтар табысталады.