Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • Армысың, әз-Наурыз!

  • «Бала — біздің болашағымыз»

  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы

  • 1 наурыз -Алғыс айту күні

  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ

  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

  • Жүн және одан жасалатын заттар

  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»

  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

  • Көңілді математика әлемі

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • циклограмма

  • Геометриялық пішіндер мен денелер.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

Балабақша
Home›Балабақша›Ауаның ғажайып қасиеттері

Ауаның ғажайып қасиеттері

By admin
26 июня, 2019
2864
0
Share:

Шукбарова Гульфайруз Айтугановна

Мақсаты: Балаларды ауаның қасиеттерімен  таныстыру. Сонымен қатар,  балалардың таным процесіне қатысу тәжірибесін игеру, олардың интеллектуалдық қабілеттерін, зерттеу дағдыларын, және  дербес  эксперимент  жүргізуге  қызығушылығын арттыру.

Қажетті құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, «Астрономия» жинағы, манеж, жарықшам, түсті шарлар, целлофан қалталар, су құюға арналған пластик ыдыс, стакандар мен түтікшелер.

                                                     Өтілу барысы:

Балаларды ортаға шеңбер бойына жинап, Ж.Смақовтың «Мен ғарышкер боламын» өлеңін   барлығымыз бірге   жатқа айтамыз.

Аспан, аспан, арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын…

Мен ғарышкер боламын.

Тәрбиеші: Балалар, «ғарыш» дегеніміз не?

Балалар: «Ғарыш» дегеніміз аспан әлемі

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, «Ғарыш» дегеніміз аспан әлемі. Біздің  жер шары да осы аспан әлемінің бір бөлігі. Аспан әлемінде   күнді айнала қозғалатын аспан денелері Күн жүйесін құрайды.

Күн жүйесінде 8 планета бар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун. Бұл планеталардың барлығы белгілі бір реттілікпен Күнді айналып жүреді.

1-эксперимент: «Астрономия» жинағындағы  арнайы телескоппен планеталарды зерттеу.

2-эксперимент:    «Планеталардың Күнді айналуы.»  Балалар  алдын ала дайындалған  манежге  ортада «күн» қызметін атқарып тұрған жарықшамды айналдыра  түсті пластик шарларды домалатады. Шарлар   шамды айнала домалағанда  балаларда  планетардың күнді  айнала жылжитыны туралы түсінік қалыптасады.

 

Тәрбиеші: Балалар ,  сендер білесіңдер ме, біздің планетаны айнала қоршаған ауа қабаты – атмосфера  деп аталады екен.

Жұмбақ   жасыру:

Көзге  көрінбейді ,

Жұтсаң білінбейді.  (Ауа)

Тәрбиеші: Ауа  не  үшін  керек?

Балалар: Біз ауамен дем аламыз. Ауа  болмаса өмір сүрмейміз, тұншығып қаламыз.

Жан – жануарлар да  ауамен дем алады. Өсімдіктер өсуі үшін де   жылы ауа қажет. Тәрбиеші:Жарайсыңдар! Жауаптарын өте дұрыс!

Интерактивті тақтада адам ауамен демалған кезде ауаның мұрын қуысы арқылы еніп,қолқа  арқылы өкпеге жетіп, ауыз қуысы арқылы сыртқа шығатыны туралы слайд көрсетіліп түсіндіріледі.       Ал, осы ауаның түсі, иісі, салмағы бола ма?

Балалар: біз оны білмейміз….

Тәрбиеші: ендеше, эксперимент жасауды

жалғастырайық.

3 – эксперимент: «Ауаны жинап алайық»

Целлофан  қалталарды алып, аузын ашып ауа толтырады. Енді қалтаның аузын бұрайды. Қалташалар томпайып шыға келді.  Яғни қалтаның ішіндегі не ?   (ауа)

Ауаны көзбен көруге болмайды. Себебі, ауа- түссіз.

4-эксперимент: «Ауаны сезуге бола ма?»

Ауа толтырылған қалташаны тіс шұқығышпен тесеміз. Енді сол жерге жайлап алақанымызды жақындатамыз. Ауаны сезуге болады.

5-эксперимент: «Ауаны қозғайық»

Қолдан жасалған  желпуіштермен ауада желпиді. Ауа қозғалғаны сезіледі. Ауа қозғалғанда жел пайда болады.

6- эксперимент: «Ауада салмақ бар ма?»

Алдын ала үрленіп дайындалған шарлар таразыға байланған. Шардың біреуін инемен жарғанда таразының үрленген шары бар бөлігі төмен түседі. Яғни, шардың ішіндегі ауаның салмағы бар.

Осы үрленген шарларды суға салып көрейік……….

Шарлар суға батпайды. Ендеше, ауа  судан жеңіл деген сөз.

Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар! Балалар, сендерге эксперимент жасаған ұнады ма?

Көңіл – күйіміз қандай? Бәріміз бірге «Шарлар» әнін орындасақ бола ма?

Балалар: Бірге орындайық.

Сергіту  сәті:  «Шарлар» әні

Қорытынды:

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі жұмысыздан кейін біз ауа туралы не білеміз?

Тағы бір еске түсірейікші……..

Жер шарын айнала не қоршап тұрады?

Ауаның түсі қандай?

Ауаның иісі бар ма?

Ауа қозғалғанда не пайда болады?

Ауа судан ауыр ма?

Ауа не  үшін керек?

Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар! Таза ауа, таза су – денсаулық кепілі. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатқа қамқор болуға тырысайық.

Күтілетін  нәтиже: таныс материалдармен дербес эксперимент жасай алады, себеп – салдар байланыстарын орната біледі.

 

Previous Article

Ғажайы табиғат

Next Article

Көңілді аялдама

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІТехнологиялық карта

    Технологиялық карта: «Түлкі мен тырна»

    30 октября, 2016
    By admin
  • Балабақша

    Орманға серуен

    21 июня, 2019
    By admin
  • Балабақша

    1 цифры. Жылдам – баяу.Үшбұрыш

    30 января, 2019
    By bilimger
  • Балабақша

    «1-5 дейінгі сандар. Тура және кері санау»

    5 декабря, 2017
    By admin
  • Балабақша

    3-4 жастағы балалардың даму ерекшеліктері

    6 февраля, 2019
    By bilimger
  • Балабақша

    Бағдаршам

    25 июля, 2017
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    Қызықты орман

  • БалабақшаБалабақша әдістемесі

    Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

  • Аттестаттау материалдарыАттестация материалдары

    1-БЛОК: Орыс тілі қазақ тілінде оқыту сыныптарында

 

Жаңа жарияланымдар

  • Армысың, әз-Наурыз!
  • «Бала — біздің болашағымыз»
  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы
  • 1 наурыз -Алғыс айту күні
  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды
  • Жүн және одан жасалатын заттар
  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»
  • «Менің үйім»
  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат
  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы
  • Көңілді математика әлемі
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

Күнтізбе

Март 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
« Фев    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика