«Құрсаумен ырғақты – гимнастикалық жаттығу»
Айгаракова Айтолқын Аманбаевна
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№16 «Ертегі» балабақшасы
Қызметі: Дене нұсқаушысы
Материал тақырыбы: «Құрсаумен ырғақты – гимнастикалық жаттығу»
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене тәрбиесі
Тақырыбы: Құрсаумен ырғақты – гимнастикалық жаттығу.
Мақсаты:
Білімділік: Күрделі емес музыкалық формаларды меңгеруі, музыкамен әртүрлі қозғалыстарды – жүгіру, секіру, би және гимнастикалық жаттығуларды орындау, балалардың қозғалыс дағдыларын және қозғалыс тепе-теңдігін жақсарту.
Дамытушылық:_Ырғақты-гимнастикалық жаттығулар арқылы балалардың қозғалыс координациясының дамыту. Балалардың қолдың, бастың, дененің және аяқтың қозғалыстарының үндесуін және оларды синхронды орындауға үйрету. Тепе-теңдік сақтап тақтайшалармен жүруге.
Тәрбиелік: Жаттықтыру.
Керекті құралдар:Құрсаулар, тақтайшалар, сылдырмақ, үн таспалар.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, нұсқау беру, мадақтау.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қорғаушы |
1.Бір қатар сапқа тұру. 2.Амандасу (үш тілде) 3.Аяқтың ұшымен, өкшемен жүру; екі сапқа тұру, шеңбер бойымен жүгіру, шеңбер бойымен отырып жүру, екі шеңберге бөліну, бір саптан екі сапқа бөлініп жүру, қаздарша жүру.
|
-Бір қатар сапқа тұрып қонақтармен амандасады. — Аяқтың ұшымен, өкшемен жүру; екі сапқа тұру, шеңбер бойымен жүгіру, шеңбер бойымен отырып жүру, екі шеңберге бөліну, бір саптан екі сапқа бөлініп жүру, қаздарша жүру жаттығуларын орындайды.
|
Іздену- ұйымдастырушы |
Құрсаумен ырғақты-гимнастикалық орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
1.«Шатыр» жаттығуы. Б.қ. н.т., құрсауды жоғары, төмен түсіру арқылы, оңға, солға бұрылу. Құрсауды желпіту арқылы оңға, солға бұрылу. Б.қ. келу. (5-6 рет). 2.«Көбелек» жаттығуы. Б.қ. н.т., Құрсауды жаурынға қойып оңға, солға бұрылу. Б.қ. келу. (5-6 рет). 3.«Шәркей» жаттығуы. Б.қ. н.т., құрсаудан оң және сол аяқтың ұшын кезекпен шығару. Құрсаудан қос аяқтап кезекпе кезек шығару. Б.қ. келу. (5-6 рет). 4.«Отшашпақ» жаттығуы. Б.қ. н.т., құрсауды оң жаққа қойып, жоғары көтеріп, төмен түсіру арқылы оңға, солға бұру. Б.қ. келу. (5-6 рет). 5.«Сегіздік» жаттығуы. Б.қ. н.т., құрсауды оң жаққа қойып, жоғары, төмен түсіру арқылы, оңға, солға бұру. Б.қ. келу. (5-6 рет).
|
-Балалар әуен ырғағымен әртүрлі қозғалыстарды – жүгіру, секіру, би және гимнастикалық жаттығуларды орындай алады.
|
|
6.«шарлар» жаттығуы. Б.қ. н.т., құрсауды оңға, солға домалату. Б.қ. келу. (5-6 рет). 7.«Белдемше» жаттығуы. Б.қ. н.т., Құрсауды белден айналдыру. Б.қ. келу. (5-6 рет). 8.«Секіру» жаттығуы. Құрсаудан аттап секіру. 9.«Отшашпақ» жаттығуы. Б.қ. отыру, құрсауды тіке ұстап оң және сол аяқты кезекпе кезек көтеріп, түсіру. Қос аяқты кезекпе кезек тіке көтеріп, түсіру. Б.қ. келу. (5-6 рет). 10.«Алға ұмтылу» жаттығуы. Б.қ. денені тіке ұстап отыру. Денені төмен иіп, құрсауды алға созу, денені тіке ұстап, құрсауды өзіне тару. Б.қ. келу. (5-6 рет). 11.«Баспа» жаттығуы. Құрсаумен аяқты жоғары көтеріп түсіру. Құрсаудың ортасына аяқты салу. Б.қ. келу. (5-6 рет). 12.«Қайың құрсау» жаттығуы. Құрсаудың ортасына аяқты кезекпен кезек көтеріп, түсіру. Б.қ. келу. (5-6 рет). 13.«Қайықша» жаттығуы. Етпетінен жатып, құрсаумен аяқты жоғары көтеріп түсіру. Б.қ. келу. (5-6 рет). 14.«Қорапша» жаттығуы. Етпетінен жатып, аяқты жоғары көтеріп, құрсауға аяқты іліп жату. Б.қ. келу. (5-6 рет). 15.«Құрбақа» жаттығуы. Құрсаудың ортасына бүктеліп жату.
Негізгі қимылды жаттығулары.
1.Тақтайшалардан тақтайшаларға қос аяқтап тепе-теңдікті сақтап секіру. 2.Таяқшалармен жүру. 3.Құрсаудың ортасынан көлденең қапталдап өту.
Нүктелі массаж жаттығулары. Мақсаты: Нүктелі уқалау – өз ақзаңа көмектесудің ең қарапайым түрі. Нүктелі уқалау жаттығулары балаларды өз денсаулығына қамқор болуға, денесінде болып отыратын зат алмасулардың бәріне әсер етеді. Шарты: Массажды жасағанда денені қатпарландырмай, тартып, созып тұрып жасайды. Алдымен алақанымызды ысқылап қыздырып аламыз. Қысып ұстау – Алақанның арасында қысып ұстау арқылы орындалады. Биологиялық белсенді нүктенің орналасқан жерін қысып ұстап, езгілейді. Сондықтан қабылдауға екі трек жағынан салып, екінші қолымен қатты басу.
|
-Балалар қызығушылықпен, татулықпен берілген жаттығуларды дұрыс орындап шығады.
—Тақтайшалардан тақтайшаларға қос аяқтап тепе-теңдікті сақтап секіріп, тақтайшалармен жүріп, құрсаудың ортасынан көлденең, қапталдап өтіп негізгі қимылды жаттығуларын орындай алды.
-Нүктелі массаж жаттығуларын қызығушылықпен орындайды. |
|
Ысқылау: 1.Бұл тәсілде алақанға батыра ұстап тұрып шыр айналдырады. 2.Оң алақанымызға жаңғақты 3 рет сағат тілімен, содан соң сол алақанымызға жаңғақты 3 рет сағат тілімен орындалады 3.Енді осы жаңғақты оң саусақтарымен 3 рет сағат тілімен, сол саусаққа қойып орындалады. 4.Осы жаттығуларды саусақтың сырты жағымен орындау. Қимыл-қозғалыс ойыны:«Жұбыңды тап» Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдылыққа, қызыға ойнауға баулу. Ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды қарым-қатынас, ұжымда ойнай алуға тәрбиелеу. Шарты: Балалар құрсаумен шеңбер жасап тұрады. Нұсқау берілгенде сан ретіне қарай жүгіріп келіп, шеңбер бойымен , ия құрсау ішінде жұптасып үлгеру керек. Жұптаса алмаған бала ойыннан шығады. |
-Ойынды жұптасып ойнайды. |
Рефлексті коррекциялаушы |
Тыныс алу жаттығулары:
Мақсаты: Зат алмасуын үдетеді, тыныс алу тереңдігі, жиілігі, өкпенің қимылы, кеуде қуысының дем алуға қатынасуын реттеп, бір жүйеге түсіруге, адам денесінде болып отыратын зат алмасулары артады. -Жәй жүру, сапқа тұру.
-Қорытынды. -Мадақтау.
|
-Тыныс алу жаттығуларын орындайды.
-Жәй жүріп, сапқа тұрып, берілген сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Әуен ырғағымен жүру, жүгіру дағдыларын орындауды.
Нені игереді: Таяқшалардан таяқшаларға қос аяқтап тепе-теңдікті сақтап секіруді, тақтайшалармен жүруді.
Нені біледі: Нұсқау бойынша жалпы жетілдіру жаттығуларын орындайды.