«Қыстайтын құстар және жыл құстары».
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Мерзімі:
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Тараулар: Жаратылыстану, сурет салу.
Тақырыбы: «Қыстайтын құстар және жыл құстары».
Мақсаты: Балалардың қыстап қалатын, жыл құстары құстар туралы түсініктерін кеңейту. Шығармашылық қаблеттерін дамыту.
Міндеттері:
Білімділік: Құстар туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау. Құстардың сыртқы бейнесі, тіршілігі, қорегі және қауырсын суретін салуды үйрету. Дамытушылық: Ой-өрісін, дүниетанымын, көру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: қарға, тоқылдақ, шымшық, жыл құстары, қыстап қалатын құстар.
Керекті құралдар: Үнтаспа, жемшашардың суреттері, құстарға себуге арналған әртүрлі дәндер.
Үштілдік компонент: Құстар-птицы, қарға-ворона-crow, сауысқан –сарока- madpie, көгершін-голубь-dove, тоқылдақ-дятель-woodpeacer, шымшық- синица-sniqeru, жыл құстары-перелетные птицы-midratory birds, қыстап қалатын құстар-зимующие птицы-winterind birds.
Іс-әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Шаттық шеңбері: «Қайырлы күн!»
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жайнай түсті даламыз.
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Қайырлы таң!
Доброе утро всем нам!
Доброе утро всем гостям!
Good morning,good morning,
Good morning to you.
Good morning,good morning,
I am glad to see you.
Осы кезде құстардын және көгершіннің дауысы естіледі. Төбеден қөгершін ұшып түседі. Ол бізге хат алыпкелді- деп айтады.
Әңгімелесу (хатты ашып оқиды) құстар өз достарынаң көмек күтетіндігі жазылғаның айтады.
-сендерден құстар қаңдай көмек тосады?
-қыстайтын құстар қандай қиындыққа ұшырайды?
Біз сендермен құстар ауласына барамыз. Оған мына сиқырлы қауырсын көмектесетінің айтады.
Жолымызды қар алып қапты, өту үшін бізге сиқырлы қауырсы көмектеседі.
Қар астынан жемшашар тауып алады.
Тезірек құстарымызды жемшашарға қондырайық.
Бәрі бірге айтады.
Шеңбер бойына отырады.
Көгершінге қызығышулық
білдіріп, оның әкелген хаты мен танысады, қуаныш сезімін
білдіреді.
Сұрақтарға жауап береді.
-Орменда азықтары азаяды сол себепті адамдары бар жерге ұшып келеді.
Қуанады.
Ұйымдастыру– іздестіру
Дидактикалық ойын: «Құстарды жемшашапға өрналастыр» (қақпақтармен)
Шарты: Жемшашарға құстардын ерекшеліктерін атап, тақпақтар, жаңылтпаштар айтып орналастырады ұсынады.
Мысалы: Көгершін бейбітшілік құсы. Ол ақ, сұр болады.
Чио-чио ворабей,
Клюй, клюй канапель.
Трещй, пищи канапель тащи,
Чио-чио, фью- фью- фью,
Чики-рики, чью- чью- чью.
Вот под елкай зеленой,
Скачут весело вороны.
Кар, кар, кар,
Кар, кар, кар,
Только к ночю умалкают,
И все вместе засыпают.
Кар, кар, кар.
— Оларды тағыда отырықшы құстар дейді.
— Неге мықты, шыдамды деп атайды ?
Жаңылтпаш айтуды ұсынады:
Дятел лечит древний дуб,
Добрый дятел дубу люб.
Қыс қатты-ақ,
Қыспаққа –ап.
Құс тоңып жүр,
Қыстап қап.
Дақ – дақ – дақ,
Емші құс тоқылдақ
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Денесі қауырсынмен қапталып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған.
Құстардың денесі бас, мойын және тұлға бөлімдеріне бөлінген. Құстардың көпшілік түрлері үш не төрт саусақты, құстардың тұмсығы, құстардың жақсүйектерінде тістері болмайды. Кептер дәнді тұтасымен ұстап, жүтады. Құстар қоректік заттарды тез қорытатындықтан, тынбай қоректенеді
Құстарды атайды:
Торғай, қарға, шымшық, сары бауыр шымшық, көгершін, сауысқан, ұзақ, тоқылдақ.
ерекшеліктерін айтып, жылы сөздер, тақпақтар айтып орналастырады.
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қар болар,
Бұтаға қонар қарғалар.
Үйге кірші торғайым
Мен аяздан қорғайын.
Жем шашамын, жегейсің
Үйшік жасап берейін.
Торғай, торғай тоқылдақ,
Жерден тары шоқып-ап,
Бөтегесі бұлтиып,
Шиқ-шиқ десіп отыр-ақ.
Сауысқан деген сақ болар,
Құйрық жүні ақ болар.
Жер бетіндегі жаңалықты,
Бізге келіп хабарлар.
Торғай, торғай, торғайсын,
Неге жақын қонбайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда сен де тоңбайсын.
Жаңылтпаш
Торғай тоғайды ұнатады,
Тоғай торғайды ұнатады.
Шымшық шымшықты шымшылады, шымшықтар
Тыныштықта тыншылады.
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Ала қарға қарға қонады,
Қара қарға жарға қонады.
-Оларды қыстап қалатын
құстар-дейді.
-Қыстайтын құстар суықтан, аяздан қорықпайды.
Құстардың көзі үлкен, өте жақсы көреді. Көздің айналасында қабағы бар. Есту мүшесі де жақсы жетілген. Иіс сезу мүшесі құстарда нашар дамыған. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл — күйін көтереді.
Дидактикалық ойын: «Бұл қандай құс ?»
Шарты: Құстар туралы слайд көруді, көрсетілген құстар туралы айтуды ұсынады.
Слайд
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз баптаймыз.
Бейбітшілік құсы, — деп,
Қай құсты біз мақтаймыз?
Слайд
Бір- ақ уыс көлемім,
Шыбын- шіркей қөрегім
Бау- бақшаны қорғаймын
-Ал атым ше ?
Слайд
Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай саңқылдақ.
Слайд
Қонып алып жарға,
Қарқылдайды (қарға)
Слайд
Түсі қара мақпалдай
Төсіне сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
Слайд
Тақылдатып, мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейді,
зиянкесті тазалар.
Слайд
Жұмбақтардың шешуін тауып, қызыға қарайды.
-Көгершін
-Кептер — басы кішкентай,
тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс. Кептердің қолға үйретілген «көгершін» дейді. Астық дәнімен қоректенеді.
-Торғай — ағаш қуыстарын,
індерді, үй-жайларды мекен-
дейді. Бұталардың дәнімен,
жемісімен қоректенеді.
-Сауысқан — ала қанатты,
ұзын құйрықты құс. Ол өте
сақ. Жылтыр, әшекейлі заттар-
ды жақсы көреді. Ақылды. Кез келген тамақты қорек етеді.
-Қарға- қарқылдап ұшады. Кез келген тамақты қорек етеді.
-Бұл-шымшық. Оның кеудесі сары болғандықтан, оны сарыбауыр — шымшық дейміз. Қауырсыны кішкентай отырықшы құс.Үйдің жанында, ауылда жүріп жемін табады.
-Бұл-тоқылдақ деген құс. Оны
тағы ағаш дәрігері деп атаймыз. Өйткені, ол ағаштағы жәндіктерді жеп емдейді. Еңбекқор құс.
-Қызыл төсті шымшық.
Оның кеудесі қызыл болады. Шымшық дала құсы, төсі қызыл, шиқылдайды, аспанда
ұшады. Дәнді дақылдармен көректенеді.
Сөздік жұмысы: Отырықшы – оседлый. Қарға-ворона, сауысқан-сорока, көгершін-голубь, жыл құстары-перелетные птицы, қыстап қалатын құстар-зимующие птицы.
Дегенімен де қыста құстар үшін өте қиын. Әсіресе қалың қар жауғанда, боран соққанда, қатты аязда азық тауып жеу қиынға соғады. Құстар қыс кезінде адамдар тұратын жерге жақындай түседі.
-Олар неге адамдарға жақын жерге келеді деп ойлайсындар?
-Оларға не берер едіндер?
Дидактикалық ойын: «Құстар кафесі»
Шарты: жемшашарға жейтін азықтарын тауып салу. Сонымен қатар шымшықтар шошқа майын ұнатады. Слайд көрсету.
Сергіту сәті
Қарға біздің қар, қар,
Сауысқаным саңқ, саңқ.
Торғайларым шиқ, шиқ,
Жапалағым ух, ух.
Көкек көкек, көкек деп,
Ұшады екен желпілдеп.
Тәжрибе
Шарты: Қауырсын мен мамықтарды салыстыруды, айырмашылықтарын айтуды ұсынады.
Демалу гимнастикасы
1.Мамықты үрлеу
2.Қауырсын мен мамықт
3. Қауырсын канатта орналасқан, ашылып жиналады. (желпуіш)
Әлемде әдемі құстар өте көп қауырсындары да, әртүрлі болып келеді.
Релаксация видео көру. Ормандағы құс
Кауырсын мен сурет салу
Мақсаты: Ұжымдық жұмысқа баулу. Дәстүрден тыс сүрет салуға дағдыландыру.
Шарты: Құс қауырсыны мен қырау басқан ағашты салуды ұсынады.
Жекелеме, хормен қайталайды.
Бірге қайталап айтады.
-Ағаштың қабығының астына, қуыстарға жасырынып қалған жәндіктерді тауып жейді.
-Олар адамдар бізге азық береді, жемшашар жасап көмектеседі деп ойлайды.
-Қарбыздың, асқабақтың, қауынның, шемішкенің дәні, әртүрлі дәнді дақылдар.
Тастар, көмір, топырақ, темір, шырша жанғағы, пинопласт арасынаң дәнді дақылдарды тауып салады.
Қимылын келтіре сергиді.
Қауырсын қатты, мамық үлпілдек, женіл.
Мамықтарды үрлейді, тыныс алу жолмен
Тоус құсының қауырсындарын салып, құсқа жабыстырады.
Рефлексивті–
түзетушілік
Қорытынды: Жер де, көк те құстың мекені болып саналады. Көк — құстың еркін мекені. Ал жерде көктегі сияқты емін — еркін сайраңдай алмайды.
-Құстарға біз қандай қамқорлық жасай аламыз?
-Құстарға тән ортақ қасиет қандай?
-Ал айырмашылығы неде?
Құстарды адамдар ерте заманнан – ақ дос санаған. Себебі ертегілерде адам басына қауіп төнгенде құтқарушысы, жақсылық жасаушысы Бақыт құсы ылғи да кездесіп отырған. Сондықтан да халық аңыздарында қанатты достарымызды айлалы, ақылды етіп көрсеткен көрінеді.
Рефлексия:
Бүгінгі күн көңілдерінен шықса, жемшашарға ақ какос унтағын, көңілдерінен шықпаса жемшашарға көк какос унтағын салындар.
Балалар өз ойларын айтады.
-Құстарды қорғау жемшашар салу керек.
-Барлығы ұшады, қанаты,
тұмсығы бар, жұмыртқалайды.
-Тұмсықтары, дене пішіні әр түрлі, түсі, дыбысы түрлі-түсті.
Өз тандауларын жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қыстап қалатын құстардың қысқы тіршілігін.
Болу керек: Қыстайтын құстар және жыл құстары туралы мағлұмат.
Істей білу: Адамдардың қамқорлығын түсінуді, қалауы бойынша материалдарды таңдап алуды, өз ойларын еркін жеткізуді.
Тәрбиеші: Жотабаева Ж.М