Ы. Алтынсарин шығармалары

Ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні 27. 11. 2019ж Тәрбиеші: Ешжанова М.Қ
Білім беру саласы: Коммуникация
Білім көзі Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: «Ы. Алтынсарин шығармалары»
Мақсаты: Ертегіні оқуға,балалардың зейінін аударып,ертегіге деген қызығушылығын арттыру. Оның мазмұнын түсіндіру.
Міндеттері: Өз ойын жеткізе білуге үйрету. Ертегі кейіпкерлерін рөльге бөліп көрсете білуге,балаларды кішіпейілдікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1.Ертегінің мазмұнын түсінеді.
2.Бір-біріне қамқор дос болуды біледі.
3.Қимыл арқылы көрсете алады.
Сөздік жұмыс: қатық,ін
Билингвалды компонент: мысық-кошка,қыз-девочка
Көрнекі құралдары: Мақта қыз,мысық,суреттер,ойын түрлері.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру,аралас сабақ.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 1.Кіріспе Балалармен бірлесе отырып шаттық шеңбері орындалады.
Ауадан қуат алайық.
Алақанға салайық,
Жерден нәр алайық.
Алақанға салайық,
Күннен шуақ алайық,
Күн шуағын апайларға сыйлайық! Үш тілдік сәлемдесу. Балалар бүгінгі ашық оқу қызметінде Жаңа тақырып: Ы. Алтынсариннің «Мақта қыз» ертегісі кейіпкерінің сендерге тапсырмаларымен орындау. Ы .Алтынсарин шығармаларын атап өту. Шығармалары: еңбекке ауызбіршілікке,білімге деген ынтасын арттыру.Жаңа тақырып: Ы.Алтынсариннің туған жылымен, қай жерде туылғанын айту. Ы . Алтынсариннің « Кел,балалар оқылық» деген өлең шумағын айту.
Бір аллаға сыйынып,
Кел,балалар оқылық.
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Біздің ашық оқу қызметімізде «Мақта қыз бен мысық». Балалар бірлесе отырып,өткен әріптерді атап көрейік А,О,Р,Л,Ш,С,У. Жарайсыңдар балалар
Ғажайып сәт!
Мысық : бірнеше ашық хаттарды әкелді. Достарым сендер маған көмек бересіңдерме? Мен Мақтақыздың құйрығын алғым келеді.
1-ойын: «Сыйқырлы текшелер» дидактикалық ойындар.
ал ол а-ла са ша ша-ра
дауысты,дауыссыз дыбыстарды табу.
2-ойын: Ертегі кейіпкерлерінің жүрісін салу.
Қоян,аю,тауық,маймыл.
3-ойын: Сәйкестендір ойыны
Гүл тәтті
Алма хош иісті
Қуат қызықты
Кітап ақылды
Сергіту сәті
Дөңгелене тұрайық
Керегені құрайық
Уықтар боп иіліп
Достық үйің құрайық
4-.Дидактикалық ойын: «Мұқият бол»
Балаларға ұнтақ беріледі. Айтылған әріптерді жаздыру.
5-ойын: Мақал-мәтелдер
Ас-атасы нан.
Жері байдың-елі бай.
Жалқаудың ертені бітпес.
Ақылды қария-ағып жатқан дария.
Ата-анаңды сыйласаң,көп жасарсың.

6. Суреттермен жұмыс
Тышқанның суреті бейнеленген (дәндерді қорапшадан көрсету)
Тауықтың суретімен(жұмыртқа)
Дүкен суреті- (сағыз)
Қыздардың суреті-(су)
Ағаштың суреті-(жапырақ)
Сиырдың суреті-(сүт)
Мысық:Балалар сендерге рақмет. Мен Мақтақыздан құйрығымды алатын болдым.
Мақтақыз: Мысық сен барлық тапсырмаларды достарымен бірлесе орындадыңдар. Міне мен саған құйрығынды берейін.
Қортынды: Балалар сендерге бүгінгі «Мақтақыз бен Мысық» ертегісі ұнадыма?Жарайсыңдар!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.