Ертегі айта білеміз бе?
Білім саласы: Коммуникация
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы:Ертегі айта білеміз бе?
Мақсаты: Балаларды ертегі арқылы тілін дамытып сахналау дағдысына үйрету.
Міндеттер :1.Ертегіні түсініп,сұраққа жауап беруді үйрену;
2.Ертегідегі жаңа сөздер арқылы балалардың сөздік қорын дамыту;
3.Балаларды достыққа,татулыққа тәрбиелеу;
Әдіс — тәсілдері: Түсіндіру, ойын, сұрақ — жауап, әңгімелеу, сергіту, шаттық шеңбер.
Көрнекілігі: Сиқыршы, маскалар, киімдер, үнтаспа, үйшік, ертегі кітаптар, шыршалар.
Оқу қызметінің барысы :
Шаттық шенбері :
Армысың ардақты Аспан ата !
Армысың мейірімді Жер ана !
Армысың шұғылалы Алтын күн !
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң , Қайырлы күн !
Қуанатын күн бүгін !!!
Тәрбиеші: Балалар сендерге ертегі тыңдаған және ертегіні сахналаған ұнайды ма ?
Балалар : — Ия үнайды.
Тәрбиеші : Сендер ертегі білесіңдер ме ?
Балалар : Ия білеміз.
Тәрбиеші : Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер мені мұқият тыңдап отырыңдар. Жұмбақтың шешуін табуға тырысыңдар.
- Үйін жинап ертеңмен
Мейіз тауып алыпты
Мысығы келмеген соң
Ол өкпелеп қалыпты.
Бұл қай ертегі ?
Балалар : Мақта қыз бен мысық ертегісі.
- Атай өзі салғанын
Көрді өсіп қалғанын
Ары тартты , бері тартты
Бірақ оны тарта алмады.
Бұл қай ертегі ?
Балалар : Шалқан ертегісі.
- Апасынан қашып кетті
Атасынан қашып кетті
Кездестіріп біраз аңды
Біраз жолдан асып кетті.
Бұл қай ертегі ?
Балалар: Бауырсақ ертегісі.
- Лақтарым, шұнақтарым , ашыңдар есікті.
Аналарың келді сендерге сүт әкелді.
Бұл кай ертегі ?
Балалар : Қасқыр мен жеті лақ ертегісі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.Сендер көптеген ертегілерді біледі екенсіңдер.
Балалар бүгін біз «Үйшік «ертегісін есімізге түсірейік.
Тосын сәт:( музыка)
( Осы кезде есік қағылып ертегі ханшайымы кіреді.)
Ертегі ханшайымы : Сәлеметсіңдер ме балалар?
Мен ертегілер елінен келдім.Мен бүгін сендерді ертегі еліне апарамын.Канекей, бәріміз көзімізді жұмайық.Балалар көздерін жұмады.(музыка ойналады)
Ертегі ханшайымы: Күн күледі жадырайды
Құстар келіп сайрайды
Кел , балалар келіңдер
Ертегіге еніңдер.
Тәрбиеші: Балалар біз ертегі еліне келдік.
(Балалар көздерін ашқан кезде, жабық тұрған заттарды ертегі ханшайымы ашып қояды.)Үйшік ашылады.
Балалар үйшік ертегісін сахналап көрсетеді.
Тәрбиеші :Бұл орманда болған оқиға.Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Орманда келе жатқан тықырлауық тышқан әдемі үйшікті көріп қалады.
Тышқан : Мен тықырлауық тышқанмын
Өз үйімнен шыққанмын
Дос іздеимін өзіме
Тату болам өзіңмен.
Сүп — сүкімді , кіп — кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады?
Үйшікте ешкім тұрмаған соң тышқан үйшікке кіріп тұрады.
Біраз уақыттан кейін әдемі үйшіктің жанына секіріп бақа келеді.
Бақа : Мен бақамын, бақ – бақ
Басым менің жалпақ
Су түбінде көп жүріп
Басым содан жалпақ.
Тышқан: Сендердің қандай өнерлерің бар?
Бақа : Мен ән айта аламың.
Ән : Орманда шырша туыпты . 1 шумақ
Тышқан: Келіңдер онда бірге тұрайық.
Тәрбиеші 🙁 Сол кезде орман ішің аралап жүрген сұлу түлкі келеді.)
Түлкі :Мен сұлу түлкімін
Жай өтпес бір күнім
Ішінде жүремін
Айғай шу күлкінің.
Сүп — сүйкімді , кіп — кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады ?
— Мен тықырлауық тышқанмын
— Мен бақылдауық бақамын.
— Ал сенің қандай өнерің бар ?
Түлкі : Мен тиым сөздер білемін.
Босағаны керме.
Үйге қарай жүгірме.
Кел бірге тұрайық.
(Орман ішіндегі ағаштарда секіріп жүрген тиын әдемі үйшікті көріп қалады.)
Тиын: Мен тиінмін, тиінмін
Қысқа жылы киіндім
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің.
Сүп — сүйкімді , кіп — кішкентай әп әдемі үйшікте кім тұрады ?
— Мен тықырлауық тышқанмын
— Мен бақылдауық бақамын.
— Мен сұлу түлкiмiн.
— Ал сенің қандай өнерің бар ?
Тиын : Мен мақал — мәтел айтып берейін.
Өнер — бұлақ
Білім — шырақ.
Кел бірге тұрайық.
( Орманда қорқақ коян ытқып-ытқып секіріп, әдемі үйшікті көрді.)
Қорқақ коян: : Мен қоянмын, қоянмын
Сәбізді жеп тоямын
Жемістерді көп жинап
Қысқа сақтап қоямын.
Сүп — сүйкімді , кіп — кішкентай әп әдемі үйшікте кім тұрады ?
— Мен тықырлауық тышқанмын
— Мен бақылдауық бақамын.
-Мен сұлу түлкімін
-Мен тиынмын.
-Ал сенiн қандай өнерiн бар?
Қоян : Келіндер , мен сендермен бірге бойымды сергітіп алайын.
Сергіту сәтті : Ұзын құлақ , сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды ,
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің. (тәрбиешімен бірге)
(Осы кезде орманда көкжал касқыр келе жатты әдемі үйшікті көріп қалады.)
Көкжал қасқыр : Мен көкжал қасқырмын
Ауылды торимын
Аңшыдан қорқамын
Сайларда жортамын.
Сүп — сүйкімді , кіп — кішкентай әп әдемі үйшікте кім тұрады ?
— Мен тықырлауық тышқанмын
— Мен бақылдауық бақамын.
-Мен сұлу түлкімін
-Мен тиынмын.
-Мен қорқақ коянмын.
Кел бірге тұрайық.
(Осы кезде орманда қорбаңдап жүрген аю әдемі үйшікті көріп қалады.)
Аю : Мен аюмын , аюмын !
Балды жақсы көремін
Балпаң — балпаң билеймін.
(деп аю үйшіктің қасына келіп , отыра қалады. Осы кезде барлық аңдар үйшіктен жүгіріп аюдың қасына барады, қолынан ұстап, шеңберге тұрады.)
Бәрі бірге : Біз балдырған баламыз
Досты көп табамыз
Қашанда , қайда да
Достар бірге боламыз
Тәрбиеші: Осылай бәрі тату тәтті әдемі үйшікте өмір сүріпті.
Қорытынды :Балалар сендерге ертегі еліне саяхат ұнады ма ?
Балалар біз бүгін қандай ертегіні тамашаладық?
Бүгінгі ертегіде кандай кейіпкерлерді кездестірдік?
Балалар аю сендерге сыйлық алып келіпті.
Балалар оқу кызметіне өте жақсы білім көрсеткеңдеріңе рахмет..