Ертегі айта білеміз бе?

Білім саласы: Коммуникация

Бөлімі:Көркем әдебиет

Тақырыбы:Ертегі айта білеміз бе?

Мақсаты: Балаларды  ертегі  арқылы тілін  дамытып сахналау дағдысына үйрету.

Міндеттер :1.Ертегіні түсініп,сұраққа жауап беруді үйрену;

2.Ертегідегі         жаңа          сөздер арқылы балалардың сөздік қорын дамыту;

3.Балаларды достыққа,татулыққа тәрбиелеу;

Әдіс — тәсілдері: Түсіндіру, ойын, сұрақ — жауап, әңгімелеу, сергіту, шаттық шеңбер.

Көрнекілігі: Сиқыршы, маскалар, киімдер, үнтаспа, үйшік, ертегі кітаптар, шыршалар.

Оқу қызметінің барысы : 

Шаттық шенбері :

Армысың ардақты Аспан ата !

Армысың  мейірімді Жер ана !

Армысың шұғылалы Алтын күн !

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң , Қайырлы күн !

Қуанатын күн бүгін !!!

Тәрбиеші: Балалар сендерге ертегі тыңдаған және ертегіні сахналаған ұнайды ма ?

Балалар : — Ия  үнайды.

Тәрбиеші : Сендер ертегі білесіңдер ме ?

Балалар : Ия білеміз.

Тәрбиеші : Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер мені мұқият тыңдап отырыңдар. Жұмбақтың шешуін табуға тырысыңдар.

  1. Үйін жинап ертеңмен

Мейіз тауып алыпты

Мысығы келмеген соң

Ол өкпелеп қалыпты.

Бұл қай ертегі ?

Балалар : Мақта қыз бен мысық ертегісі.

  1. Атай өзі салғанын

Көрді өсіп қалғанын

Ары тартты , бері тартты

Бірақ оны тарта алмады.

Бұл  қай  ертегі ?

Балалар : Шалқан ертегісі.

  1. Апасынан қашып кетті

Атасынан қашып кетті

Кездестіріп біраз аңды

Біраз жолдан асып кетті.

Бұл қай ертегі ?

Балалар: Бауырсақ ертегісі.

  1. Лақтарым, шұнақтарым , ашыңдар есікті.

Аналарың келді сендерге сүт әкелді.

Бұл кай ертегі ?

Балалар : Қасқыр мен жеті лақ ертегісі.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.Сендер көптеген ертегілерді біледі  екенсіңдер.

Балалар бүгін біз «Үйшік «ертегісін есімізге түсірейік.

Тосын сәт:( музыка)                                

( Осы кезде есік қағылып ертегі ханшайымы кіреді.)

Ертегі ханшайымы :  Сәлеметсіңдер ме балалар?

Мен ертегілер елінен келдім.Мен бүгін сендерді ертегі еліне апарамын.Канекей, бәріміз көзімізді жұмайық.Балалар көздерін жұмады.(музыка ойналады)

Ертегі ханшайымы:  Күн күледі жадырайды

                                 Құстар келіп сайрайды

                                 Кел , балалар келіңдер

                                 Ертегіге еніңдер.

Тәрбиеші: Балалар біз ертегі еліне келдік.

(Балалар көздерін ашқан кезде, жабық тұрған заттарды ертегі ханшайымы ашып қояды.)Үйшік ашылады.

Балалар үйшік ертегісін сахналап көрсетеді.

Тәрбиеші :Бұл орманда болған оқиға.Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Орманда келе жатқан тықырлауық тышқан әдемі үйшікті көріп қалады.

Тышқан : Мен тықырлауық тышқанмын

                Өз үйімнен шыққанмын

                Дос іздеимін өзіме

                Тату болам өзіңмен.

Сүп — сүкімді , кіп — кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады?

Үйшікте ешкім тұрмаған соң тышқан үйшікке кіріп тұрады.

Біраз уақыттан кейін әдемі үйшіктің жанына секіріп бақа келеді.

Бақа : Мен бақамын, бақ – бақ

          Басым менің жалпақ

          Су түбінде көп жүріп

          Басым содан жалпақ.

Тышқан: Сендердің қандай өнерлерің бар?

Бақа : Мен  ән айта аламың.

Ән : Орманда шырша туыпты . 1 шумақ

Тышқан: Келіңдер онда бірге тұрайық.

Тәрбиеші 🙁 Сол кезде орман ішің аралап жүрген сұлу түлкі келеді.)

Түлкі :Мен сұлу түлкімін

Жай өтпес бір күнім

          Ішінде жүремін

          Айғай шу күлкінің.

Сүп — сүйкімді , кіп — кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады ?

— Мен тықырлауық тышқанмын

— Мен бақылдауық бақамын.

— Ал сенің қандай өнерің бар ?

Түлкі : Мен тиым сөздер білемін.

           Босағаны керме.

           Үйге қарай жүгірме.

Кел бірге тұрайық.

(Орман ішіндегі ағаштарда секіріп жүрген тиын әдемі үйшікті көріп қалады.)

Тиын: Мен тиінмін, тиінмін

           Қысқа жылы киіндім

           Қоймам толы жаңғаққа

           Іші жылы үйімнің.

Сүп — сүйкімді , кіп — кішкентай әп әдемі үйшікте кім тұрады ?

— Мен  тықырлауық тышқанмын

— Мен бақылдауық бақамын.

— Мен сұлу түлкiмiн.

— Ал сенің қандай өнерің бар ?

Тиын : Мен мақал — мәтел айтып берейін.

          Өнер — бұлақ

          Білім — шырақ.

Кел бірге тұрайық.

( Орманда қорқақ коян ытқып-ытқып секіріп, әдемі үйшікті көрді.)

Қорқақ коян: : Мен қоянмын, қоянмын

                       Сәбізді жеп тоямын

                       Жемістерді көп жинап

                             Қысқа сақтап қоямын.

Сүп — сүйкімді , кіп — кішкентай әп әдемі үйшікте кім тұрады ?

— Мен  тықырлауық тышқанмын

— Мен бақылдауық бақамын.

-Мен сұлу түлкімін

-Мен тиынмын.

-Ал сенiн қандай  өнерiн бар?

Қоян : Келіндер , мен сендермен бірге бойымды сергітіп алайын.

Сергіту сәтті : Ұзын құлақ , сұр қоян,

                            Естіп қалып сыбдырды ,

                            Ойлы-қырлы жерлерден,

                            Ытқып-ытқып секірді.

                            Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

                            Келе жатқан томпаңдап

                            Көжегі екен өзінің. (тәрбиешімен бірге)

 

(Осы кезде орманда көкжал касқыр келе жатты әдемі үйшікті көріп қалады.)

Көкжал қасқыр : Мен көкжал қасқырмын

                           Ауылды торимын

                           Аңшыдан қорқамын

                           Сайларда жортамын.

Сүп — сүйкімді , кіп — кішкентай әп әдемі үйшікте кім тұрады ?

— Мен  тықырлауық тышқанмын

— Мен бақылдауық бақамын.

-Мен сұлу түлкімін

-Мен тиынмын.

-Мен қорқақ коянмын.

Кел бірге тұрайық.

 (Осы кезде орманда қорбаңдап жүрген аю әдемі үйшікті көріп қалады.)

Аю : Мен аюмын , аюмын !

        Балды жақсы көремін

        Балпаң — балпаң билеймін.

(деп  аю үйшіктің қасына келіп , отыра қалады. Осы кезде барлық аңдар үйшіктен жүгіріп аюдың қасына барады, қолынан ұстап, шеңберге тұрады.)

Бәрі бірге : Біз балдырған баламыз

                  Досты көп табамыз

                  Қашанда , қайда да

                  Достар бірге боламыз

Тәрбиеші: Осылай бәрі тату тәтті әдемі үйшікте өмір сүріпті.

Қорытынды :Балалар сендерге ертегі еліне саяхат ұнады ма ?

Балалар біз бүгін қандай ертегіні тамашаладық?

Бүгінгі ертегіде кандай кейіпкерлерді кездестірдік?

Балалар аю сендерге сыйлық алып келіпті.

Балалар оқу кызметіне өте жақсы білім көрсеткеңдеріңе рахмет..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.