«Өнер-білім бар жұрттар» Ы. Алтынсарин

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Өнер

Сынып: 3

10.02.2020ж

Мектеп: Иманов атындағы шағын жинақты ж/о мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыбаева Қазына

Қатысқандар саны:9

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы «Өнер-білім бар жұрттар» Ы. Алтынсарин
 Оқу мақсаттары 3.3.3.1-шығармашылық жұмысын жұмбақ-өлең түрінде ұсыну

 

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Өз ойын көркем-бейнелі сөздермен жеткізеді

Көпшілік оқушылар: Өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс құрастырады

Кейбір оқушылар: Орфографиялық, пунктуациялық  қателерді табады  және түзетеді

Бағалау критерийлері Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады

Өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс құрастырады

Орфографиялық, пунктуациялық  қателерді табады  және түзетеді

Тірек сөздер Өнер, білім,айтыс өнері
Құндылықтарды дарыту  Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Өмір бойы білім алу, ашықтық құндылықтарды насихаттау.
Пәнаралық байланыстар   Сөйлемнің тыныс белгілері, сөздердің дұрыс жазылуы, сөйлемдегі сөздердің байланысы арқылы қазақ тілі,музыка пәнімен байланыс жасалады.
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта.
Алдыңғы білімді игеру Өлеңді мәнерлеп оқиды, сұрақтар құрастыра алады, сөздердің дұрыс жазылуын  біледі.
 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

1-7 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі.                                                        Топтарға бөлу:
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Ханталапай» ойыны арқылы.

Жаңа сабаққа дайындық.Қызығушылығын ояту.

. Суретпен жұмыс .

-Балалар,суреттен не көріп тұрсыңдар?                                               -Қазақтың даласы,қоңыраудың суреті.

-Қоңырау не үшін қажет?Оқушылардың ойларын тыңдау.

Қосымша 1

 

Слайд №1-

 

 

 

Слайд-2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың орт

8-15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16-21 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22-30 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31-36 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ.

Кластер құру.

-Ыбырай Алтынсарин кім?

-Ол туралы не білесің?

Оқулықпен жұмыс.                                                      Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін  оқушыларға оқуды тапсыру. Барлық оқушы өлеңді оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге жұмыс жүргізіледі.

 

 

Мысалы, түсініксіз сөздер түсіндіріледі.

Саралау: Қабілеті төмен оқушыларға өлеңді  оқуға қосымша уақыт беруге болады.

ҚБ «Жұлдызша»

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

 

2-тапсырма

 Сұраққа жауап

Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді

-Ы.Алтынсарин кімдерге бата берді?

-Ата-анаңның жұмысын жеңілдету үшін не ойлап табар едің?

Саралау: Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

ҚБ. «Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау

Сергіту сәті. Абайдың әнін орындау.

3-тапсырма Топтық жұмыс.

(Ө) «Поэзия минуты» әдісі  арқылы өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс ұйымдастыру

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге

Күн жарымда барғызған.

Ол не?

 

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге

Күн жарымда барғызған-

Пойыздар ғой зырлаған

Саралау. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі.

ҚБ «Қол шапалақтау»

 

4-тапсырма.Жеке жұмыс.

 «Еркін жазу» әдісі                                                              1-топ«Өнер-жігіт көркі» тақырыбына өз ойларын жазады.

2-топ. «Білім»бес жолды өлең құрастыру                                   Жұмысты  жеке жазуға уақыт беріледі. Жұпта талқылайды, бір – бірінің жұмысын талдайды.  «Ыстық орындық» әдісі арқылы топ алдында  өз жұмысын оқиды.

Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

ҚБ «Бір-бірін бағалау»

Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды. Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.

 

 

 

Слайд-3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №5

 

 

Сабақтың соңы

37-40 минут

 

Үйге тапсырма.

Өлеңді жаттап,Ақын жайлы ізденіп келу.

«Кітапша»

Тақтадағы кітапша суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.

 

Слайд №6

 

стикер

Саралау

1-тапсырмада  Тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар өлеңді  оқуға қосымша уақыт беруге болады.

2-тапсырмада

Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

3-тапсырмада

Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі.

4-тапсырмада

Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

Бағалау

«Жұлдызша» әдісі

«Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,«Керемет!» өздерімен мадақтау арқылы бағалау

«Қол шапалақтау» әдісі

«Бір-бірін бағалау»әдісі

Дескриптор

-сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады;

-берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;

-сұрақтардың негізінде ой бөліседі;

-өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс құрастырады

-орфографиялық, пунктуациялық  қателерді табады  және түзетеді

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

 

 
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: 

2: 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *