Тәрбие басы –отбасы !
Уаисова Гулаим Жанболатовна
Алматы қаласы
Түрксіб ауданы
№32 жалпы білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол
келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»
Әл-Фараби
Тәрбие басы – отбасы
Халқымыз қашаннан бала тәрбиесіне бесікте жатқаннан аса зор мән берген. Баланың дүниеге келуіен бастап оның адам болып қалыптасқанға дейінгі салт-жорағыларының баарлыңы тұнып тұрған тәрбие. Абай атамыз айтқандай «Келгенде дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнауына кіреді денең» — демекші, әлдилеп айтылған өлеңнің өзі баланың болашақта адам болып, дүние кірпіш болып қаланса екен деген игі тілектермен айтылады. Иә, «Отбасы –шағын мемлекет» дегенде отбасы мүшелері бір-бірімен тату, ынтымақта болғанда ғана береке , бірлік болады. Баланың дүниеге келгеннен бастап ой – өрісінің дамуы мен сана сезімінің толысуына ата-анасының береген тәрбиесі маңызды болмақ.
Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасатты , ой-өрісі биік аамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Дана халқымызда мынандай нақыл сөз бар, «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлындай қина, он үштен әрі сырласындай сыйла» деген екен. Қазақ халқы ежелден тәрбиеге ерекшемән берген. «Бала тәрбиесі-өнер, жеке бір ғылым болуды тілейтін өнер»-деген, Мағжан Жұмабаев. Осы сөзде ерекше мән мағына жатыр емес пе?
Бала тәрбиесінің білімді, өнегелі, саналы, жақсы адам болып қалыптасуына үлесі зор. Бау-бақшаны қарап , баптап өсіретіні секілді. Бала тәрбиесіне де ата-ананың, бала-бақшаның, мектептің алатын орны ерекше. Ата-ана балаға көргенін ,білгенін, өмірден түйгенін айтып, көрсетуінің өзі тәрбиенің басы.
Қызы анадан үйренбей өнерге алмас,
Ұлы атадан үйренбей сапар шекпес.- дейді, халық даналығы. Ана қызына, ата ұлына білгенін айтып отырса бұның өзі бала тәрбиесіне үлес қосып, жақсы азамат болып қалыптасуына маңызы зор. Балаға өз тіліңмен мен емес, баланың тілімен сөйле дейді халық даналығы. Міне, ата бабамыз баланы қалай тәрбиелегенін осындай дана сөздерінен көруімізге болады.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттердің бірі. Жас жеткіншек, келешек азамат, ал жастарымыз біздің болашағымыз. Кейбір ата- ана біз баламызды материалдық жағынан қамтамыз етсек сол жетеді деп ойлайды. Бүлдіршін кез мінез-құлық, адам бойындағы қасиеттердің қалыптасатын кезі. Бұл уақытта – отбасынан берілген тәрбиенің маңызы зор. Бірақ тәрбие жағы балабақша мен білім ордаларына тапсырып жататынын көріп жүрміз. Бұл дұрыс әрекет деп ойламаймын. Иә, рас мектеп тәрбиенің түрлі факторларын үйлестіріп, біріктірудің орталығы. Білім ордасы тәрбие мен білімді қатар үйретені де рас.
Тәрбиесіз алған білім , адам заттың қас жауы-деп ата бабаларымыз айтып кеткен. Бірақ, ешқандай орта отбасынан, ата-анадан алған тәрбиені алмастыра алмайды. «Ата дан бала тусайшы, ата жолын қусайшы»- дегенде, атадан балаға мұра болып келе жатқан қасиеттерді үйретіп , қалыптастырудың еш жамандығы жоқ деп ойлаймын. Сан ғасырлық тарихымызды, ұлттық құндылғымызды , дініміз бен ұлттық тәлім-тәрбиеге ерекше мән беріп осы қасиеттер тал бойында бар жасөспірім жеткіншек, ең бірінші отбасының мақтанышы, ата-анасының мерейі. Егер атаның қанымен, ананың сүтімен берілген қасиеттері мол, ата- ана тәрбиесін көрген жастарымыз көп болатын болса, онда болашағымызда жарқын деген сөз. Келешегіміз айқын болсын десек, тәрбиемізді тал бесіктен түзейік.
Елбасымыз «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында