Жаңа тақырыпты түсіндіруге берілген белсенді әдістер

Атырау қаласы

«Үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған №30 мектеп гимназиясы» Жоғары санатты, зерттеуші, бастауыш сынып мұғалімі

Махметова Карылга Адайбекқызы

 

ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ ТҮСІНДІРУГЕ БЕРІЛГЕН БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР

Білім беру жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білім берудің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айрықша. Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Дьюидің: «Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз» деген ойына негізделе отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап отырмыз. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған орай мұғалім алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды, тілдерді меңгеру, оларды тиімді қолдану міндеті тұр. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарды қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Заманауи мұғалім оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді құрамдастыруда әртүрлі арсеналы болу қажет. Білім беру стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс, жеке жұмыс және білім алушылармен кері байланыстан тұрады.

Қазіргі таңда әр ұстаздың алдына қoйып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдістәсілдерін үнемі жетiлдiрiп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Оқыту процесінде пайдаланылып отырған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар өз нәтижелерін беруде. Олар баланың жеке қасиетін аша отырып, оның танымдық қабілетін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасап отыр. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар білім алушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуына ықпал етеді.

 1.«Интерактивті дәріс»

  1. Орындалу барысы

А.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырып бойынша жалпылама дәрістің мәтінін әр топқа арнап береді. Оқушылар арнайы тапсырмаларды орындайды. Мәтін практикалық жұмысқа арналған және нақты болуы қажет.

В. Оқушылар топ ішінде бір-біріне көмектесе отырып, дәрістің мағынасын түсінеді.Оқушылар өздеріне түсініксіз болған жағдайларға байланысты бір-біріне сұрақтар қоя алады. Мұғалім сұрақтарға ешкім жауап бере алмаған жағдайда ғана сұрауға рұқсат етеді.

С.Дәрістің мәтінімен жұмыс жасап болған соң оқушылар жекелей тапсырмалар орындайды. Жұмыстың бұл кезеңінде бір-бірінен сұрау, көмектесуге рұқсат берілмейді, оқушылар тек жеке тапсырмалармен жұмыс жасайды. Әдістің басты ерекшелігі жеке тапсырмаларға арналған бағалау жүйесінде болып табылады. Бағалау салыстырмалы түрде қойылады. Оқушы алдыңғы тапсырмадан қарағанда жоғары ұпай алған кезде ғана топ қоржынына өз үлесін қоса алады. Жоғары ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

  1. Фильмдерді көру және оны талдау

Сабақ барысында көркем фильмдерді және шағын бейне-баяндарды, олардың үзінділерін қолдануға болады. Тақырып пен мақсатқа сай материалды тек қана қосымша емес, сабақтың кез келген кезеңінде көрсетуге болады. Көрсетілімнің алдында оқушыларға бірнеше (3-5) кілтті сұрақтарды беріп қою қажет. Бұл талдауға негіз болатын сұрақтар. Фильмді арнай таңдалған жерлерінен тоқтатып дискуссия өткізуге болады. Соңында оқушылармен бірге талдап, қорытындысын шығару қажет.

4.«Мозаика»

Өткізу кезеңдері

 А.Үзінділерге бөлінген, тапсырмамен жұмыс істеу үшін оқушылар 4- 6 адамнан құрылған топтарға ұйымдастырылады (логикалық немесе мағыналы блоктар). Шағын топтың әр бір мүшесі өз бөлімі бойынша материал табады.

 В.Содан кейін бір сұрақты зерттейтін, бірақ әр түрлі шағын топтарда тұратын оқушылар осы мәселе бойынша сарапшылар сияқты, кездеседі және осы ақпаратпен алмасады. Бұл «сарапшылар кездесуі» деп аталады.

С.Ары қарай сарапшылар өздерінің шағын топтарына қайтады және басқа шағын топтардың мүшелерінен үйренген барлық жаңа білгендерін үйретеді. Яғни, өз кезегінде, өз тапсырмасының бөлігі туралы баяндайды (бір араның тіліндей). Өйткені материалды барлық фрагменттерімен меңгерудің жалғыз жолы, серіктестерін команда бойынша мұқият тыңдау және жазып отыру, мұғалім тарапынан ешқандай қосымша күш талап етілмейді. Оқушылар жолдастарының өз тапсырмаларының адал орындағандарын қалайды, өйткені бұл олардың қорытынды бағаларына әсер етеді. Барлық тақырып бойынша әр қайсысы және барлық команда толық жауап береді.

Д.Қорытынды кезеңде мұғалім осы тақырып бойынша кез келген сұрақты команданың кез келген мүшесінен сұрайды. 4-А Метод Jigsaw-2 «Пила-2» Бұл әдіс 4-5 адамнан құрылған топпен оқушылардың жұмысын көздейді. Өткізу кезеңдері А. Кіші топтың әрбір мүшесі ортақ жұмыстың жеке бір бөлігін алу орнына, бүкіл шағын топ сол бір жұмыспен ғана жұмыс істейді. Бірақ бұл ретте топтың әрбір мүшесі тапсырма алады, ол айрықша мұқият әзірленеді және оған сарапшы болады. Б. Әр түрлі топрдың сарапшыларының кездесулері өткізіледі. С. Сабақтың соңында барлық оқушылар бағаланатын жеке бақылау кесіндісінен өткеді. Оқушылардың нәтижелері жинақталады. Ең жоғары балдарға қол жеткізген шағын топ марапатталады.

  1. Пікірталас

Мақсат: сыныптағы проблеманы талқылауды ұйымдастыру.

Өткізу кезеңдері:

А. Пікірталастың проблемасы мұғаліммен тұжырымдалады.

Б.Оқушылар 6-8 адмнан шағын топтарға бөлінеді, олар шеңбер бойынша сыныпта орналастырылады.

 В.Әр бір шағын топтың мүшелері өкілін немесе төрағасын сайлайды, ола пікірталас барысында олардың позициясын жақтайды.

Г.15-20 минут барысында шағын топта проблемалар талқыланады және жалпы көзқарас өңделеді.

Д.Топтардың өкілдері шеңбердің ортасына жиналады және топтың ойын айтуға олардың позицияларын жақтауға мүмкіндік алады. Басқа оқушылар шағын топтың өкілдерінің жалпы позицияны қаншалықты айшықтай алатындығын талқылау мен тақырыптың барысын қадағалайды. Олар жеке ойларын айта алмайды тек қана талқылау барысында өз пікірлерін білдіретін жазбаларын ғана жолдай алады.

Е. Топтардың өкілдері басқа мүшелермен ақылдасу үшін үзіліс ала алады.

Ж.Панельді талқылау берілген уақыт аяқталғанда немесе шешім қабылданғаннан кейін аяқталады.

З.Пікірталас аяқталғаннан кейін топтардың өкілдері талқылаудың барысы туралы сыни талқылау жүргізеді, ал шешім барлық студенттермен қабылданады.

  1. «Аквариум»

Мақсат: оқушыларға проблеманы талқылауға еркін кіруге және шығуға мүмкіндік береді. Өткізу кезеңдері Оқушылар мұғаліммен бірге екі шеңбер құрады: сыртқы (бақылаушылар) және ішкі (белсенді қатысушылар). Ішкі шеңбердің мүшелері мұғаліммен ұсынылған сұрақты талқылауға белсенді қатысады. Басқа оқушылар бақылайды және олардың қайсысының нұсқасы қызықтырғанда ғана сөз сөйлейді; олар толықтырады, сұрақтар қояды, нақтылайды. Сонымен қатар оны өз нұсқасымен қызықтырған «бақылаушы» белсенді қатысушының қасына тұруға тиіс. Бір проблеманы (сұрақты) талқылағаннан кейін, оқушылар орындарын ауыстырады ( шеңберден алыс тұрғандар шеңберге отырады). Мүмкіндігінше, барлық оқушылар шеңберде болуы керек.

  1. Кейс-стади Сase-study өткізу кезеңдері

Кесте 1

Кезеңдер. Мұғалімнің әрекеті. Оқушының әрекеті Сабаққа дейін

А. Кейсті алады ( нақты жағдай).

 В. Оқушыларды дайындау үшін көмекші материалдар мен негізгілерді анықтайды .

 С. Сабақтың сценариін өңдейді.

А. Ұсынылған әдебиеттің тізімі мен кейсті алады.

Д. Жағдайды талқылауға дайындалады. Сабақ барысында

А. Кейсті алдын ала талқылауды ұйымдастырады.

В. Сыныпты топтарға бөледі.

С. Кейсті топшаларда талқылауды жетекшілік етеді, оқушыларды қосымша мәліметтермен қамтамасыз етеді.

А. Кейсті және проблеманың түсінігін тереңдететін сұрақтарды қояды.

В. Шешімдердің нұсқаларын өңдейді, басқалардың ойларын назарға алады. С. Шешімдерді қабылдауға қатысады.

Сабақтан кейін

А. Оқушылардың жұмыстарын бағалайды.

 В. Қабылданған шешімдерді және қойылған сұрақтарды бағалайды. Берілген үлгі бойынша сабақ туралы жазбаша есеп құрайды.

  1. Құрылымдалған қайшылықтар әдісі

Өткізу кезеңдері

А. Төрт адамнан шағын топта оқушылардың екі жұбы айқындалады.

В. Шағын –топ қарама –қайшы сипаттағы проблемаға айшықталған және қарсы шешімі бар тапсырма алады.

 С. Жеңу үшін емес, проблеманы толық түсіндіру үшін қажетінше көп материал жинау мақсатында, әр бір жұп проблеманың бір жағын талқылайды.

Д. Содан кейін әр бір жұп проблеманың қарсы жақтарын талқылайды. Қорытындысында барлық шағын топтың проблемаларын біртұтас шешу болуы қажет.

Қорытынды

Жалпы қорыта айтқанда, аталған әдіс — тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни,білім алушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді ұжымда ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа кез-келген пәндер осындай әдістерді пайдаланса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осыдан кейін ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану» Оқу құралы /Әлімов А.Қ., Астана, 2014ж. «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы.
  2. «Ел және мұғалім» газеті, №5 (0014), 10 ақпан, 2017 ж.
  3. Ү. Бөлекбаева. «Ұстаздық ізденістер» Алматы, 2007 жыл
  4. Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру. «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.