Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • «2022-2023 оқу жылына» Әдістемелік нұсқау хаттың жобасы

  • «Шынықсақ шымыр боламыз!»

  • «Жөргектегі вундеркинд»

  • «Жөргектегі вундеркинд»

  • «Пішіндер мен түстер»

  • Бауырсақтың бастан кешкен оқиғалары

  • 412 бұйрық. МДҰ педагогтарына

  • 412 бұйрық. Балабақша

  • И.Янчарский «Ойыншықтар дүкенінде»

  • «Білімділер әлемі»

  • «Бағдаршам»

  • «Бағдаршам»

  • Ұлттық тағамдар

  • «Астана-туған елдің жүрегі!»

  • Көктем келді

  • «Балабақшадағы болашақ азаматтарды қалыптастыру «

  • Күзгі баққа саяхат

  • МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ТИІМДІ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

  • Мен қазіргі заман мұғалімімін

  • «Сиқырлы бояу патшалығы»

Эссе жинағы
Home›Эссе жинағы›менің мамандығым тәрбиеші (эссе)

менің мамандығым тәрбиеші (эссе)

By admin
27 мая, 2020
1790
0
Share:

Мен бүгін ерекше сезіммен ояндым,
Сәулелі ақ таңның шуағына боялдым.
Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған,
Тағы да бақшама аяңдап келемін,
Бүлдіршін үнімен жұмыста қиялым.

Мынау менің балабақшам… Қазіргі жұмыс жасап жүрген «Нұрсәт» балабақшасына осы бір өлең шумақтарының күш-қуатымен келе жатырмын. Мынау менің кішкентай бөбектерім… Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді.
Мен тәрбиешімін… Осы мамандықтың қызығы мен қиындығын бала ортасында жүрген менен артық ешкім сезе алмайды.
Біз, тәрбиешілер үшін балаға ненің дұрыс-бұрыстығын, не ыстық, не суық екенін, не жаман, не жақсы екенін сары ауыз балапандарға үйретуден қиын іс жоқ.

Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы…
Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін.
Балабақшаның у-шуынсыз өмірімді елестете алмаймын. Әр бала өзінше бір әлем… Тым жақсы, тап-таза, сезімдері пәк, аңғал, сүйкімді жандар. Ендеше оларды қалай ғана, жақсы көрмейсің. Мені өздеріне асқар таудай сүйеніш деп біліп тұрғанын сезе тұра, мен оларға жан-тәніммен берілмесем кім болғаным…

Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл – күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді әр оқу қызметі үстінде балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші рөліне қоямын. Бұл балалардың өзіне де¬ген сенімін арттырып, оқу қызметіне деген тұрақты зейін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады.

Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек. Мен өзгенің балалары болса да, өз балаларымнан да артық көремін. Бала тәрбиесінің жолында талмай қызмет етіп келемін. Қызмет етуді азаматтық, ұстаздық борышым деп санаймын. Әлі де қызмет етемін, баламен жұмыс жасау мен үшін өте қызықты.

Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді, шуақты тәрбиеші атансам — адами парызымның орындалғаны болар.
Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен мамандығымды мақтан тұтамын.

Previous Article

Где ты живёшь?

Next Article

Высокотехнологичные инструменты для заработка на криптовалютных активах

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • БалабақшаЭссе жинағы

    Мен – тәрбиешімін (эссе)

    20 июня, 2019
    By admin
  • БалабақшаЭссе жинағы

    Балабақшадағы балалардың ой — өрісін ойын арқылы дамыту

    27 июня, 2017
    By admin
  • Эссе жинағы

    Ел жүрегі — Нұр – Сұлтан

    11 августа, 2020
    By admin
  • Эссе жинағы

    Ұстазқандай болу керек?!

    13 августа, 2020
    By admin
  • Эссе жинағы

    Тәрбиеші — бала жанының бағбаны

    10 июля, 2020
    By admin
  • Эссе жинағы

    Мамандығым мақтанышым

    17 июня, 2020
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Сандар әлемі

  • Балабақша

    Күн

  • Психология

    «БІЗ БІРГЕМІЗ» АТТЫ АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОНЛАЙН-КЛУБЫ

Жаңа жарияланымдар

  • «2022-2023 оқу жылына» Әдістемелік нұсқау хаттың жобасы
  • «Шынықсақ шымыр боламыз!»
  • «Жөргектегі вундеркинд»
  • «Жөргектегі вундеркинд»
  • «Пішіндер мен түстер»
  • Бауырсақтың бастан кешкен оқиғалары
  • 412 бұйрық. МДҰ педагогтарына
  • 412 бұйрық. Балабақша
  • И.Янчарский «Ойыншықтар дүкенінде»
  • «Білімділер әлемі»
  • «Бағдаршам»
  • «Бағдаршам»
  • Ұлттық тағамдар
  • «Астана-туған елдің жүрегі!»
  • Көктем келді

Күнтізбе

Август 2022
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
« Июл    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика