Әнет баба өсиеті
Пән: Әдебиеттік оқу
Орта мерзімді жоспар бөлімі: 5- тарау: Өнер Күні:16.01.2020 Сынып: 3 «А»сынып |
Мектеп: «Ы.Ноғайбаев атындағы орта мектебі» МКМ
Мұғалімнің аты-жөні: Иликбаева Майра Абдрамановна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақ тақырыбы | Әнет баба өсиеті | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
3.2.1.2 – шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып,
түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу. |
|||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.
Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. |
|||
Бағалау критерийлері | l мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.
l шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. l берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. |
|||
Құндылықтарды дарыту | Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.
Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық. |
|||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, қазақ тілі. | |||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; | |||
Ресурстар | Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б | |||
Бастапқы білім | 5-тарау өткен төрт тараудан(1-4) алынған білім мен дағдыларға сүйенеді. Оқушылар алдыңғы өткен құрылымды (шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, жоспар құруды үйрену) ұстанып, әңгімелерді жоспарлап, мазмұнын айта және өз ойын жаза алуы керек. | |||
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы | Жаңа топ құру
Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Шаттық шеңбері Әрбір ісің -тірлік,тірек,адамдық Әрбір сабақ- үйрену, оқу ,іздені Әрбір сөзің-Шындық,бірлік ,адалдық
Топқа бөліну.Басбармақ,балан үйрек,ортан терек,шылдыр шүмек,кішкентай бөбек.-балалар топқа бөлініп отырады. 1-топ «Бас бармақ» 2-топ «Балан үйрек» 3-топ «Ортан терек» 4-топ«Шылдыр шүмек» 5-топ «Кішкентай бөбек»
Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Тест. 1. Әйтеке бидің шын есімі кім ? а) Әйтеке ә) Қазықұрт б) Байбек в) Айтық 2. Қаз дауысты Қазыбек қай жүз биі а) Ұлы жүз ә) Орта жүз б) Кіші жүз 3. ………. Әлібек ұлы а) Аяз би ә) Әйтеке би б) Қазыбек би в) Төле би 4. Әйтеке бидің шешендік сөзін тап а) Бұл заманда не ғаріп ? ә) Ашу бар жерде ақыл тұрмайды, Қадірін біліп ұқпаса, Алдын ашсаң ақырар Дүррі гауһар сөз ғаріп… Ашу деген- ағын су Ақыл деген- дария… б) Өркенім өссін десең, в) Қайрат деген қыран бар Кекшіл болма- Қайғыңа тізгін бермейтін . Кесапаты тиер еліңе. Қайғы деген жылан бар, Өзекті шағып өрлейтін… 5. Әйтеке қай жүздің биі а) Ұлы жүз ә) Орта жүз б) Кіші жүз
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау «Миға шабуыл» «Әнет баба – Арғынның ел ағасы, Әрі би, әрі молда, ғұламасы. Үлгі айтқан Орта жүзге ғаділ екен, Сол кезде 95-ке келген жасы.» Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ. -Өлең шумақтарында кім туралы айтылған? -Әнет баба кім болыпты? -Өте жақсы. Балалар, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Әнет баба өсиеті» алдымен Әнет баба жайлы кішігірім видео көріп алайық. |
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
||
Сабақтың ортасы |
Әнет баба (1628–1723) – «Жеті жарғыны» құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі. Әділдігімен, діндарлығымен аты шыққан биді халық «Әнет баба» деп атап кеткен. Өз заманында «билердің биі» атанған оқымысты, ғұлама, мемлекет қайраткері. Ол тоқсан жеті жас өмір сүрген. Артында әділ билігі мен ақыл сөздері мұра болып қалды. Оқылым. «Әнет баба өсиеті» оқылады. -Әнет баба қандай өсиет айтты? -Қазыбек бидің нөкерлері айтқан өсиеттің мағынасын түсінді ме? -Әнет бабаның өсиетін Қазыбек би қалай түсінді? — Әнет бабаның жұмбақтап айтайын деген ойы не еді? (Халықтың бірлігі, тұтастығы). Ендеше, осы пікірлеріңді есте ұстай отырып, «Әнет баба» мәтінінің мазмұнын іштей түсініп оқыңдар және өздерің айтқан ой-пікірлеріңмен салыстырыңдар.
Мәтіндегі мына тіркестерді қатыстырып, сөйлем құра. Жора-жолдас, сыр білдірмеу, қазан көтеру.
Ол ауылына барғанда,ылғи жора жолдастарын ерте баратын.Жұлдыз қандай жағдай болса да,ешкімге сыр білдірмейтін. Каусар үйіне қонақ келсе болды,дереу қазан көтеретін.
1-топ (ТЖ) . Сызбаға сүйеніп, шешендік сөздер туралы ойыңды қорытып айт.Постер
2-топ (ТЖ) Шешен адамға тән сипаттарды жазып шығып, постер арқылы қорғау
білімді
ақылды тапқыр дана данышпан суырыпсалма Кім би бола алады ? Біздің елімізде кім билікке сай деп ойлайсыңдар ? Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін байқадыңдар ? Төле бидің ақылы жетті ме Әнет бабаның сынағынан сүрінбей өтуге ? 3-топ (ТЖ) (Постер) «Әнет баба өсиеті» әңгімесіндегі әкім сөзінің мағынасын өз ойыңмен ашып жаз. Әнет бабаның өсиетін Қазыбек би қалай түсінді?(Постер) «Ә» дегені – ; «К» дегені – ; «І» дегені – ; «М» дегені – . 4-топ. (ТЖ)Көрініс. 5-топ. 5-топ.Даналық сөздер Ойтолғау.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
||
Үй тапсырмасы | « Мен би бола аламын , өйткені … » деген тақырыппен эссе жазу керек. | |||
Сабақтың соңы | Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау» Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады. ҚБ: Бес саусақ әдісі арқылы бір-бірін бағалау. «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады. |
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
||
Бағалау | «Бес саусақ »әдісі
-Не істедім ?,не білдім? жұптасымен жұмыс жасауы. -Не істедік? (топтағы қарым –қатынас жұмысы) топпен бағалау —Сыныптағы сабаққа қатысып отырған қай баланың жауабы ұнады?қалай бағалар едің ? не ұнады?
|
Өздерінің пікірі бойынша стикерге жазып, «Бес саусақ»кері байланыс,
ілу бағалау |
||