«Күзгі жапырақтар»

Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Оқу іс-әрекеті: Сурет салу.
Тақырыбы:»Күзгі жапырақтар»
Мақсаты:
Балалармен бірлесе отырып, алақан арқылы жапырақтың бейнесін салуды үйрету. Негізгі түстер туралы түсініктерін кеңейту.Балаларды алақанмен сурет салуда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:алақан арқылы сурет салу, ойын, слайд.
Көрнекіліктер: түрлі-түсті қағаздан жасалған сары, қызыл жапырақтар, қызыл сары гуашь бояулар, қылқалам №4, дымқыл қол сүрткіштер.
1.Сәлемдесу.
Шаттық шеңбер!
Достарымның барлығын,
Сыйлап жақсы көремін.
Алақаным арқылы,
Жылуымды беремін.

-Жарайсыңдар!

2.Слайд:
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды?
-Күзде күн суыта бастайды, жаңбыр жиі жауады, жапырақтар сарғайып жерге түсіп, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Адамдар жылы киінеді. Жер алтын сары түске боялады.

Тосын сәт: Осы кезде қуыршақ кіреді.
-Балалар, бүгін бізге Айсұлу қуыршақ қонаққа келіпті. Ол күзгі орманды аралап жапырақ жинап жүріп, қолындағы себетін бір жерге қойып кетіпті де, бірақ оны қайтадан таба алмай қалыпты. Сендер оның себетін көрдіңдерме екен деп, сұрау үшін келіпті. Естеріңе түсіріңдерші, себетті біз қайдан көрдік.
— Мынау ма?
Қуыршақ қуанып:
-Иә, осы қандай жақсы болды, рахмет сендерге.
Қуыршақ:
-Балалар, мен сендерге жапырақтарды алып келдім, қараңдаршы, түстері қандай керемет!
Балалардан жапырақтардың түстерін сұрайды.
-Мынау сары, қызыл, ал мынау-қызғылт сары жапырақ.
-Балалар, осы алуан түрлі жапырақтардың суретін алақандарымыз арқылы салып көреміз бе?
Ол үшін бізге қылқалам, әр түрлі бояулар қажет болады. Қылқаламды алып, қалай бояйтынымызды көрсетейін (ауада). Бүгін біз алақанмен сурет саламыз.
-Қане, балалар мұқият қарап отырыңдар мен көрсетейін. Қылқаламды суға батырып, керек бояуларымызды жағып аламыз да, алақанымызға жағып, ақ қағаз бетіне басып көреміз, тағы да алақанымызға қызыл бояды жағып қағаз бетіне басып жапырақтың бейнесін жасаймыз. Біздің қағазымызда екі түсті жапырақтың суреттері пайда болды. Енді осы жапырақтың ортасындағы сызықтарын жүргіземіз, әдемі болуы үшін.
-Балалар, жапырақтың суретін салып болған соң қолдарымызды дымқыл сулықпен сүртеміз.
-Қандай тамаша, әдемі қызыл, сары жапырақтарды бейнеледіңдер, жарайсыңдар!
-Қане, жасаған жұмыстарыңды көрсетіңдерші.
Айсұлу қуыршақ таңданып, балалардың жұмыстарына ризашылығын білдіреді.
-Бәрің сурет салуды үйреніп алыпсыңдар, мен енді сендерден үйренетін боламын.
Ендеше Айсұлу қуыршақпен қоштасайық.

Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.

-Жарайсыңдар!
-Балалар,ойын ойнағыларың келе ме?
Қ/ойын:»Кім жылдам»-деп аталады.
Шарты:шашылған жапырақтарды себетке жинау. Ойынға қызығушылықтарын ояту.
Қызыл,сары,жасыл,көк,
Алуан-алуан жапырақ.
О,Алақай, тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
Жапырақты жинап жүріп, балалар қорапша тауып алады. Қорапты ашып, ішіндегі сыйлықтарды үлестіру. Бұл сыйлықтарды сендерге Айсұлу қуыршақтың бергені деп білерсіңдер.

Сұрақ-жауап:
-Балалар, бүгін ненің суретін салдық?
-Жапырақтардың түсі қандай екен?
-Суретті қалай салдыңдар?
-Сонда алақанымыз неге ұқсайды екен?

Қорытындылау:
-Жарайсыңдар балалар! Рахмет сендерге бүгінгі сабаққа барлықтарың белсенді қатыса білдіңдер, жарайсыңдар!

Күтілетін нәтиже
Білуі керек: Күз мезгіліндегі болатын ерекшеліктерді, қылқаламды пайдалана отырып, күзгі жапырақты бейнелеуді.
Нені игерді: Қылқаламмен алақандарына бояу жағып, қағаз бетіне түсіруді.

Маңғыстау облысы.
Жаңаөзен қаласы.
«Оңалту орталығы» КММ
Дайындаған: Тәрбиеші: Костниязова Нуржамал Чегебековна

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *