Ойнайық  та, ойлайық.

Тақырыбы:  Ойнайық  та, ойлайық.

Мақсаты: Ойындар арқылы оқушының ой — өрістерін кеңейту.Әр сөздің мағынасын

түсініп, ойлай білуге, саналылыққа, зейінділікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, сөздер, жұмбақтар

 

                                                          Барысы:                                                                                                                                                                                  І. Ұйымдастыру кезең
— Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер  «Тілашар» үйірмесінің  мүшелері  арасында өтетін «Ойнайық та, ойлайық» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!

Әділқазылар алқасымен таныстыру.

1.

2.

ІІ. Негізгі бөлім


1 -кезең: «Өзін-өзі таныстыру» Әр топ өзінің ұранын, мақсатын айтады.

2 –кезең: «Жұмбақ есептер»                                                                                                                                    3-кезең: «Тез есепте» ойыны.

4-кезең: «Мақал-мәтел» жарысы.

5-кезең:«Жорға» үш топқа сұрақ қою.

6-кезең «Ұйқасын тап»

1-кезең  Әр топ өз ұрандарымен таныстырады.

2-кезең  «Жұмбақ есептер»                                                                                                                                        1-топ

Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

 

 

 

 

2-топ

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі

2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,

5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)

100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)

3-топ

Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма

Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)

Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі.

Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң бос күлкі. (28)

Тал басында,
Тізіліп,

10 жапырақ тұр еді.
Жел соқты да,
Үзіліп,
Ұшып кетті 1-еуі
Ізінше оның
Жұлынып,
Түсті тағы 5-еуі
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? (4)

3-кезең: «Тез есепте» ойыны.

1-топ:    70+14=84     90-65=35      25+ 35=60        50-35=15

2-топ:    60+25=85     70-35=35      15+25=40         40-25=15

3-топ:    80+16=96     60-25=35      35+35=70         80-55=25

 

 

 

4-кезең: «Мақал-мәтел» жарысы. 3-топқа тақырып беріп, тақырыпқа байланысты  мақал-мәтелдер айтқызу.

Отан туралы,  еңбек туралы,  білім туралы.

5-кезең:«Жорға» үш топқа сұрақ қою.

1-топ:

  1. Жеті атаны ата. (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек,немене)
    2. Оқушының алғашқы кітабы. (Әліппе)
    3. Мемлекетіміздің астанасы. (Астана қаласы)
    4. Төрт түлікті атаңдар. (Жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі)
    5. ҚР мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? (Ту,Елтаңба,Әнұран)

2-топ:

  1. Сүттен жасалатын тағамдарды ата. (айран, құрт, ірімшік, сүзбе, май, қатық, қаймақ т.с.с.)
  2.  Жеті күнді ата. (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
  3. Тұнғыш қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)

4.Наурыз мейрамы қай мезгілде тойланады? (Көктем)

5.ҚР қай жылы тәуелсіздігін алды? (1991 ж)

3-топ

1.Әнұранның авторы кім? (Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев)

2.Төрт түліктің пірлерін ата. (Жылқы – Қамбар ата, сиыр – Зеңгі баба, түйе – Ойсыл қара, қой – Шопан ата, ешкі – Сексек ата)

3.Қазақтың ұлттық аспабын ата. (Домбыра)

4.Бір жылда неше күн бар? (365-366 күн)

5  Қазақтың үш биін ата. (Төле би,Қазбек би,Әйтеке би )

6 кезең  Ұйқас тауып ойнайық ! Өлеңнің басы беріледі,әрі қарай ұйқасын тауып жазу

1. Қағазға қайшы өтпеді
Соғанда Балнұр ………..(өкпелі)

2.Жоғалды қара қарындаш
Ондайы енді……………(табылмас)

3.Атам кеше құс атты
Біреуін маған………… (ұстатты)

4. Тосқауылдан қат-қабат
Енді қалай …………………. (аттамақ)

  1. Бестік алсаң жарайсың
    Білмесең жерге ……….. (қарайсың)

    6Қар жауады ………..(жапалақтап)

……………….. жүр шапалақтап,(балалар)

ІІІ. Қорытынды.
-Білім аққан селдей-ді.

-Бірақ оңай келмейді

-Ала білсең білім көп

-Ақыл ойға кендей-ді

Рухани нәріміз,

Сайыскерлер сіздерге

Қол соғамыз бәріміз-дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.

— Ендігі кезекте әділ қазылар алқасына сөз беріліп, жиналған ұпайлар санын анықтап, жеңімпаздарды марапаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *