Шеберлік сынып «Дос іздеген бота»

Шеберлік сынып
Тақырыбы: «Дос іздеген бота»
Мақсаты: Қатысушыларға ертегі желісінің ерекшелігін көрсету, достықтың маңыздылығын түсіндіру.
Маған қазір шеберлік сыныпымды көрсету үшін 3тәрбиешіні ортаға шақырамын.
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.
Бір күні анасы:
— Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес, — дейді.
Бота өзіне ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп шығады.
(Алдымызда тұрған үлкен қорапшаны ашамыз.Ертегі желісі бойынша жалғастырамын.)
Жайылып жүрген құлынды көріп:
— Бө — ө — ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп бота боздайды.
— Иһ — һ — һі, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп құлын кісінейді.
(Құлын тапсырмасын орындау)
— Жоқ, сен сияқты дос емес, — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін бұзау болар, — деп құлын ботаны шығарып салады.
Бота бұзауға келіп:
— Бө — ө — ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп бота боздайды.
— Мө — ө — ө, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп бұзау мөңірейді.
(Бұзаудың тапсырмасын орындау)
— Жоқ, сен сияқты дос емес, — дейді бота.
— Мүмкін қозы болар, — деп бұзау ботаны шығарып салады.
Бота қозыға келеді:
— Бө — ө — ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
— Мә — ә — ә, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп қозы маңырайды.
(Қозының тапсырмасын орындау)
— Жоқ сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін күшік болар, — деп қозы ботаны шығарып салады.
Бота күшікке келіп:
— Бө — ө — ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
— Әуп — әуп, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп күшік үреді.
(Күшіктің тапсырмасын орындау)
— Жоқ сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін мысық болар, — деп күшік ботаны шығарып салады.
Бота мысыққа келіп:
— Бө — ө — ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
— Мияу — мияу, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп мысық мияулайды.
(Мысықтың тапсырмасын орындау)
— Жоқ, сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін әтеш болар, — деп мысық ботаны шығарып салады.
Бота әтешке келіп:
— Бө — ө — ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
— Ку — ка — ре — ку! дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп әтеш айғайлайды.
(Әтештің тапсырмасын орындау)
— Жоқ, сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін қарға болар, — деп әтеш ботаны шығарып салады.
Бота қарғаға келіп:
— Бө — ө — ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
— Қа — а — рр, қа — а — рр, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп қарға қарқылдайды,
(Қарғаның тапсырмасын орындау)
— Жоқ, сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін бақа болар, — деп қарға ботаны шығарып салады.
Бота бақаға келіп:
— Бө — ө — ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
— Бақ — бақ, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп бақа бақылдайды.
(Бақаның тапсырмасын орындау)
— Жоқ, сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін ара болар, — деп бақа ботаны шығарып салады.
Бота араға келіп:
— Бө — ө — ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
—З — з — з — зз, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп ара ызылдап қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы салбырап, ерні салпиып бота өз анасына келеді.
Анасы: — Дос таптың ба, ботам? — деп сұрайды.
— Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен, — дейді.
Анасы жымиып:
— Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек, — дейді. Бота қуанып, адал достары: құлынды, бұзауды, қозыны, күшікті, мысықты, әтешті, қарғаны, бақаны ертіп келіпті. Ал, араны сабырсыздығы үшін қоспаған екен дейді.

МКҚК «Алтын ұя» бөбекжайы

Шеберлік сынып
«Дос іздеген бота»

Өткізген: «Бәйтерек» ортаңғы топ тәрбиешісі

А.Абайқызы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *