Қан айналым жүйесі
Сабақтың тақырыбы: Қан айналым
Бөлімі: Жанды табиғат. Адам. |
Мектеп: №28 ІТ мектеп – лицейі
Мұғалімі: Жекебаева А.К. Күні: 29.11.2019 ж. |
||||
Пәні: жаратылыстану
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: | |||
Оқу мақсаты: | 3.2.3.4. қан айналым жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттауды үйрену. | ||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындап, берілген сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіреді. |
||||
Бағалау критерийі | қанайналым жүйесін құрайтын мүшелердің орналасуын және қызметін біледі. | ||||
Тілдік мақсат | Білім алушылар:
қанайналым мүшелерінің қандай болатынын және қалай аталатынын айтады; қанайналым жүйесі бойынша сұрақтарға жауап береді. Пәндік терминология мен тірек сөздер: жүрек, күретамыр, көктамыр, қылтамыр. |
||||
Құндылықтар | жүректің қалыпты жұмысын жақсарту және сақтаудың маңызын түсінеді. | ||||
Пәнаралық байланыс | әдебиеттік оқу, дене шынықтыру | ||||
АКТ қолдану
дағдылары |
презентация | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Тыныс алу мүшелерін және олардың қызметін біледі | ||||
Сабақ барысы | |||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс –әрекет | Ресурстар | Бағалау түрлері | ||
Сабақтың басы
5 минут |
1. Ұйымдастыру кезеңі.
* Қызығушылықты ояту. — Балалар, алдыларыңдағы парақшадағы сөздеріңді жұптасып құрастырып, оқып жіберіңдерші. — Асқорыту жүйесі, тыныс алу мүшелері, жұтқыншақ, өкпені шынықтыру, тыныс алу жиілігі. — Бұл сөздер туралы не айтуға болады? — Адамның ағзалары. — Дұрыс айтасыңдар, балалар. Енді мен жұмбақ жасырамын. Жанды мотор сынбайды, -Енді бейнероликке назар аударайықшы. – Балалар, олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбын тауып көрейікші. -Сабақтың тақырыбы «Қанайналым жүйесі» деп аталады. Енді сабақ мақсатын қояйықшы. (Ойларын тыңдап, сабақ мақсатын оқыту. |
қағаз қиындылары
слайд
бейнеролик
сабақ мақсаты, тақырыбы |
|||
Жаңа білім
5 минут
|
Білу және түсіну.
1. Ой қозғау. — Балалар, жүректі көбіне жүректі моторға теңейді. Мұндай салыстыру қалай пайда болды деп ойлайсың? ( Оқушылардың ойларын тыңдау.) — Қолдарыңды кеуделеріңе қойып тыңдаңдаршы. — Не сезіледі? -Жүрек тоқтамай жиырылып және босаңсып тұрады. Сондықтан да біз оның бірқалыпты соғуын сеземіз. — Жұдырықтарыңды түйіңдер. Кеуделеріңе дәл осы көлемде жүрек соғып тұр. Жүрек – бұлшық ет. Тұжырым: жүрек –бұлшық ет. |
практика жүзінде жасау
|
|||
Ортасы
10 минут
5 мин. |
-Балалар, мына суретке қарайықшы, қан айналым жүйесі деп нені айтады деп ойлайсыңдар? (Жауаптарын тыңдау.)
-17-ғасырда атақты ағылшын дәрігері, ғалым Уильям Гарвей жаңалық ашты. Ол ағзадағы қан тұйық шеңбер бойымен қозғалатынын дәлелдеген. Оқылым. (Оқулықпен жұмыс.) —Қантамырлар туралы толық мәліметтер оқиық. -Күретамырдың қызметі қандай екен? —Көктамырдың қызметі қандай? -Қылтамырдың қызметі қандай? Мақсатқа оралу. Дәптермен жұмыс. Cәйкестендір. Сызықпен қос. Дескрипторы: 1.Күретамырдың қызметін таба алады. 2.Көктамырдың қызметін таба алады. 3. Қылтамырдың қызметін таба алады. Топпен жұмыс. 1-топ. Тапсырма: «жүрек» туралы 5 жолды өлең құрастырыңдар. Бағалау критерийі: өлеңді құрылымына қарай дұрыс құрастырады. 2-топ. Тапсырма: күретамырдың қайда орналасатынын көрсет және атқаратын қызметін атаңдар. Бағалау критерийі: күретамырдың орналасуын көрсетіп, атқаратын қызметін жазады. 3-топ. Тапсырма: көктамырдың қайда орналасатынын көрсет және атқаратын қызметін атаңдар. Бағалау критерийі: көктамырдың орналасуын көрсетіп, атқаратын қызметін жазады. 4- топ. Тапсырма: қылтамырдың орналасу ретін анықтап, атқаратын қызметін атаңдар. Бағалау критерийі: көктамырдың орналасуын көрсетіп, атқаратын қызметін жазады. 5-топ. Тапсрма: қанайналым жүйесін құрастырыңдар. -Мақсатқа оралу. |
сурет портреті
оқулық
жауап парақшасы
А-3 парақтары, түрлі түсті фломастер (постер қорғайды) |
бірін–бірі бағалайды
әр топ бірін-бірі бағалайды
Әр топ бір-біріне кері байланыс береді.
|
||
Сергіту сәті
2 минут |
Сергіту сәті «Шынығамыз қимылдап!»
|
||||
Сабақтың аяқталуы
Сабақты бекіту. 2 минут |
Жұппен жұмыс. «Болжамыңды ұсын» тапсырмасын орындайды. | парақша
арқылы |
|
||
Бағалау
3 минут
Кері байланыс 3 минут |
Тест жұмысын орындайды. | кері байланыс парағы | |||
Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс. | |||||
Саралау. | Тапсырмаларға жауап алу.
1.»Жүрегі тас төбесіне шықты» деген нені білдіреді? 2.Жүрек жақсы жұмыс істеу үшін не істеу керек? |
|
|||
Рефлексия.
5 мин |
Стикер арқылы «Менің көңіл күйім» суретіне жапсырту.
|
|
«Өздерін бағалау» арқылы орындарынан тұрғызамын. | ||