Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер
Сабақтың тақырыбы: | Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер
|
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.5.2.3. Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер).
|
||
Сабақ мақсаттары:
|
Мәтін есептер шығару дағдысын қалыптастыру (мысалы, бірлесіп
орындалатын жұмыстарға қатысты есептердің шартын түсініп).
|
||
Бағалау критерийлері | Мәтін есептер шартын түсініп, қысқаша шартын жаза алады (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер);
Есеп шарты бойынша теңдеу немесе өрнек құрай алады ; Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдана алады; |
||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар
— мәтін есептердің шешімін түсіндіреді; — практикалық есептердің математикалық моделін сипаттайды Пәнге тән лексика мен терминология: — бөлік; — шама; — жылдамдық, уақыт, қашықтық; — уақыт, өнімділік, жұмыс; — баға, саны, құн; — ұзындық, ені, периметр, аудан |
||
Құндылықтарды дарыту | Топпен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыстар | жаратылыстану | ||
АКТ қолдану дағдылары | Инт тақта | ||
Бастапқы білім | Мәтін есептер , теңдеулер, өрнек құру | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар | |
Cабақтың басы
10 мин |
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.
Ширату жаттығуы Жауабы: 21 Өткен тақырыпты қайталау: Жеке тапсырма: Цистернаны бензинмен бiрiншi насос 24 минутта толтырса, екiншi насос 40 минутта толтырады. Екi насостан қатар аққан бензинмен цистерна қанша уақытта толтырылады? Дескриптор: Білім алушы — есептің шарты бойынша математикалық өрнек құрастырады; — жұмыс өнімділігін анықтайды; — арифметикалық амалдар қолданады; — жауабын жазады. Үй жұмысын тексеру №581 Жауабы: Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен , бағалау критерийлерімен таныстыру. |
|
|
Сабақтың ортасы
25 мин.
|
Оқулықпен жұмыс №583, №585
№583. Катер тынық сумен жүзе отырып бiр кемежайдан екiншi кемежайға дейiн 18 мин, қайық 36 мин жiбередi. Егер олар бiр мезгiлде қарама-қарсы бағытта жүзсе, қанша минуттан кейiн кез деседi? Дескриптор: Білім алушы — жылдамдықтарды анықтау үшін өрнек құрастырады; — бөлшектерге амалдар қолданады; — есептің шешімін табады. №585. Бiрiншi тiгiншi жұмысты 20 күнде орындайды, ал екiншi тiгiншiге осы жұмысты орындау үшiн бiрiншi тiгiншiнiң уақытының 3/5-i қажет, үшiншiге екiншiге қарағанда 2 есе артық уақыт қажет. Осы жұмысты үш тiгiншi бiрiгiп қанша күн де бiтiредi?
Дескриптор: Білім алушы — есептің шарты бойынша математикалық өрнек құрастырады; — жұмыс өнімділігін анықтайды; — арифметикалық амалдар қолданады; — жауабын жазады. Сергіту сәті №586. Аква риумге су екi құбыр арқылы жiберiлсе, ол 5 сағта, ал бiрiншiқұбыр арқылы 6 сағта толады. Аква риум тек екiншi су құбыры арқылы қанша уақытта толады?
№587. Екi трактор жердi 6 сағ жыртады. Сол жердi бiрiншi трактор жалғыз жыртқанда 15 сағ жұмсаса, екiншi трактор осы жұмысқа қанша уақыт жiбередi? |
||
Сабақтың соңы
5 мин. |
Сабақты қортындылау Рефлексия.
Мұғалім сабақты сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өзіне қортындылатып, рефлексия жүргізеді Үй жұмысы: №584 |