Сөйлеуді дамыту «Ойыншықтар»
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Ойыншықтар»
Тәрбиеші:Саденова Гулюм
Ермековна
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Ойыншықтар»
Мақсаты:Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту.Ойыншықтардың атын айтуға үйрету.Дидактикалық ойынның шартын түсініп,тапсырманы орындау,дұрыс айту.Ойыншықтарды күтіп,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: ойыншықтар,суретер,топты безендіру.
Әдіс — тәсіл:ойын,сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелесу.
Қос тілді компонент:ойыншықтар-игрушки,куыршақ-кукла,
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері. Шаттық шеңбері Біздер тату баламыз, Гүл-гүл болып жанамыз Біз жаттығу жасаймыз Сергіп бір сәт қаламыз. |
Балалар қимыл жасай отырып,шаттық шеңберін жасайды. |
Ұйымдастырушы – ізденіс
|
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады? -Балалар мына жаққа қараңдаршы?Көктем ағаштарының жапырақтарының арасында біреу ұйықтап жатыр. -Бұл кім болды екен? -Қонағымызбен амандасайық. Аю:-Сәлеметсіздер ме,балалар! Менің ойыншықтар әлеміне қош келдіңдер! Тек ,әттеген-ай,бүгін ойыншықтарым ұйқтап қалыпты.Балалар,оларды ояту үшін менің жасырған жұмбақтарымды шешіңдер: Жұмбақ Шіркіннің өзіне обал-ақ, Жүреді аяқта домалап. -Дұрыс айтасыңдар.Кәне,аю дұрыс па екен? -Дұрыс екен. -Балалар доп неге ұқсайды? Допты сипаттап,түсін,неден жасалғанын сұрау. -Допты үйде,топта ойнауға бола ма? Жұмбақ Аяғы бар,жүрмейді, Аузы бар,сөйлемейді. Көзі бар көрмейді. -Ол не? Қуыршақты сипаттап айту.Неден жасалғанын анықтау. -Балалар қуыршақпен кім ойнайды? Жұмбақ Ақ сарайын талқандап, Шықты біреу талдандап (ол жұмыртқадан жарып шығады) -Балалар мыналар не: доп,қуыршақ,балапан. Олар-ойыншықтар. Аюымызға төрлет дейік,біздің қонағымыз болсын. -Балалар ,ойыншықтар қайда сатылады? Олай болса біз автобусқа отырып,ойыншықтар дүкеніне барамыз ба? -Балалар сапқа тұрып жүрейік. -Қане автобус қалай дыбыстайды? Балалар біз қайда келдік? -Біз не үшін келдік? -Ал енді біз дүкенде сатушы болатын баланы тандап аламыз.(балалар арасынан таңдап алу) -Ал,балалар сатушыдан қандай ойыншық алатынды айтындар? -Сатушыға ақша беру де ұмытпандар. -Балалар өз ойыншықтарынды алған соң. Оның неден жасалғаның айту,түсін ол қандай ойыншық екенің айту. -Балалар сатушыға рахмет айтып автобуска отырып топқа барайық. -Балалар біз ойыншық дүкенге барғанда.Онда үл мен қыз қуыршақ киімдерін шаттастырып алыпты. Оларға көмектесеміз бе? Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?» -Балалар мынау қай қуыршаққа керек? -Ұлға ма,әлде қызға ма? Қуыршақты көрсету. -Қыз қуыршақ қандай киім киеді екен?(көйлек,туфли т.б) -Үлдар ше?(шалбар,шорты,жейде) -Олай болса оларға көмек көрсетейік. Әр затты сипаттап,айту. Қос тілді компонент:ойыншықтар-игрушки,куыршақ-кукла, -Ал,енді балалар орнымызға отырып аюға рахмет айтайық. -Аю біздің балалар ойыншықтарды неден жасалғаның,түсін біледі. Аю:Балалар сендер ойыншықтарды өте жақсы біледі екенсіндер.Ойншықтар недел жасалғанын.Мен сендерге сыйлық әкелдім.(қапшықтын ішінен ойыншықтарды алып шығады.) |
-Көктем -Күн жылынады,ағаштарда жапырақтар пайда болады.Құстар жылы жақтан ұшып келеді.
-Балалар қызығушылық танытады. Амандасады.
-Балалар жұмбақтарды шешеді.
-Жауабы:доп
Дөңгелекке,домалақ.
-Жоқ онымен далада ойнау керек.
-Қуыршақ -Қыздар ойнайды.
-Жауабы:балапан
-Дүкенде.
-Ия
-Ойыншықтар дүкеніне.
-Ойыншықтар сатып алу үшін келдік.
-Балалар ойынды қуана ойнайды.
-Сөздерді қайталайды. |
Рефлексифті түзету |
Аю біздің балалар ойыншықтарды неден жасалғаның,түсін біледі. Аю:Балалар сендер ойыншықтарды өте жақсы біледі екенсіндер.Ойншықтар недел жасалғанын.Мен сендерге сыйлық әкелдім.(қапшықтын ішінен ойыншықтарды алып шығады.) -Балалар мен сендермен қоштасамын.Сау болындар! -Балалар мынау ойыншықтармен ойнауға бола ма? (Сынық ойыншықтарды көрсету.) -Енді шатық шеңберге тұрайық.Сабағымызды аяқтап қонақтармен қоштасайық. Шеңбер: Біз шеңбер құрайық Қолымыздан ұстаймыз Сау саламат деп айтамыз. Қонақтарға сау болындар деп айтамыз.
|
-Ия
-Балалар қоштасады.
-балалар жауап береді.
-Балалар шаттық шеңберге тұрып жылы сөздерді қайталайды. |