Салыстыру.
«» ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Өтілетін күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: Салыстыру.
Мақсаты: Заттарды салыстыра білу дағдыларын қалыптастыру.Көп,аз,артық, кем ұғымдарын түсіндіру.Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс — әрекеті |
Балалардың іс — әрекеті. |
Енгізу. |
Дәлелді ояту. |
Шаттық шеңбері. «Сәлем дейміз бәріне» |
Өлең жолдарын қимылмен көрсету. |
Сәлем деймін достарға, Сәлем деймін құстарға, Сәлем деймін құрдасқа Сәлем деймін ұстазға. |
Ұйымдастыру – іздену |
1.Өткен сабақты пысықтау. Дид ойын: «Балық аулау» Сұрақ – жауап Көлде қандай балық көп Салыстыру.
1. Ой дамыту Артық, кем, тең.ұғымдарын түсіндіру. Дидактикалық материал-дармен жұмыс. Көкөністер артық па, жемістер артық па? Сергіту сәті. 3. Үлкен- кіші ұғымдары. Дид ойын: «Біздің үйдің жануарлары» Мысалы: Сиыр-бұзау, жылқы-құлын, қой-қозы, ешкі-лақ.. 4. Бөлшектерден бүтін құрастыру. Мыс: үшбұрыштардан басқа пішіндер құрастыру. |
Өз ойларын айта білу. Қойған сұрақтарға жауап беру.
Балықтардың айырмашылығын айта білу.
Үй жануарларын және оның төлдерін айыра білу. |
Сергіту сәті. Қырғауыл болып ұшамыз, ұшамыз. /Екі қолымен қанат жасап ұшады./ Түлкі болып қашамыз, қашамыз. /Бір орындарында жүгіреді./ Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп, /Аяақтарын жоғары-төмен көтеріп,марш түрінде/ Орнымызға қонамыз, қонамыз. /Бәрі орындарына отырады.
|
Рефлекстік түзету.
|
Ой қозғау жаттығулары. Логикалық есептер. Балаларды мадақтау. |
Берілген тапсырмаларда шапшаңдық көрсету. Достарын бағалай білу. |
Логикалық есептер. 1.Қандай пішін жақсы домалайды? 2.Қандай геометриялық пішінде бәрі үшеуден? 3.Суға үш торғай қонды, бір торғай ұшып кетті суға неше торғай қонды? (суға торғай қона алмайды) 4.Әтеш қай кезде шақырады? 5.Таңертең неше көзімізді ашамыз |
Күтілетін нәтиже:
Білу: Салыстыру аз,кем, үлкен,кіші ұғымдарын білу керек.
Игеру: Дидактикалық материалдармен жұмыс жасай отырып, өз ойын жеткізе білуді игереді.
Меңгеру: Ойындар арқылы баланың қызығушылығы артып, бала заттарды ретімен қоя білу, ажырата білу дағдыларын меңгереді.