10 саны мен цифры.

«»  ересек  тобында  ұйымдастырылған  оқу  қызметінің  технологиялық    картасы.

Өтілетін күні:                                                                           Тәрбиеші: 

Білім беру саласы:  Таным.

Ұйымдастырылған оқу  қызметі: ҚМҰҚ

Тақырыбы:   10 саны мен цифры.

Мақсаты:Балаларды 10 саны мен,цифрымен таныстыру.Балаларды санауға,сан мен цифрды сәйкестендіруге,реттік санауға үйрету. Баланың өз бетінше тапсырмаларды орындау дағдысын жетілдіріп, логикалық ойлауын дамыту.

Әрекет  кезеңдері.

 Тәрбиешінің  іс — әрекеті

Балалардың 

 іс — әрекеті.

    Енгізу.

Дәлелді  ояту.

I. Шаттық  шеңбері.

        Н. Айтов.

«Тату – тәтті  тұрамыз»

II. Қызығушылықтарын ояту.

Ғажайып  сәт.

Айболит ата қонақта.

Шеңберде бірге  тұрып, өлең жолдарын  қимылмен  көрсету.

 

 

Ұйымдастыру –  іздену

1.      Реттік  санау.

Дид ойын: «Аңдарды  кезекке тұрғызу»

— Айболитке емделу үшін қанша аң келді?
— Айболит бәріне жақындауды сұрайды.

-Енді аурулардың саны неше болды? Санау. 10
— Әр ауру Айболитке бәрінен бұрын жақын келгісі келді.

-Қалай ойлайсыңдар, Дәрігер Айболит дауласпас үшін аңдарға қандай ақыл берді? (Кезекке тұру).
— Кім бірінші? Кім екінші?
— Қане, аңдар естеріне сақтау үшін, олар реті бойынша нешінші екенін бірге санау.
-Аю өзінің нешінші екенін ұмытып қалыпты, қанеки, көмектесейік.
— Түлкі де  шөлдеп суға кетіп, келгенде өзінің нешінші екендігін ұмытып қалыпты.
— Қасқыр  тісі ауырып тұрып,дұрыс естімей қалыпты. Ол нешінші еді?

Арыстан мен бірінші боламын күштімін деп тұрғанда нешінші тұрды? 5

Қоян  кішкентай болған соң көрінбей қалып, соңына қалып қойыпты

Кірпі басын ішіне тығып жатып естімей қалыпты , бірақ оны Айболит көріп  алдыға қойыпты сонда нешінші?Жолбарыс нешінші екенін түк білмейді

Жылап келген қонжық нешінші болған, тек тексерілуге келген Керік ше, Ағаштың төбесінен құлап әрең келген тиінді Айболит бірінші қабылдаймын деді. Ендеше аңдарды ретімен қояйық.
Айболит барлығын емдеп, үйлеріне жіберді.

Сергіту  сәті: «Санамақтар сыры»

2. Ой  қозғау. Салыстыру. Үлкен – кіші ұғымы.                           Дид ойын: «Аңдардарды  үйлеріне  орналастыр»                              -Мына үйлер  қандай?                        -Үлкен үйдің  нөмері неше және неше  қабатты?                                 — Демек үлкен үйде қандай  аң тұрады?                                     —Ортаңғы үйдің аңын тауып бер?                                                             -Кішкентай  үйде не тұрады?

3..Жаңа оқу қызметі                   10санымен таныстыру.           10  санын  әуеде жазу және санағышпен жазу.

Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып,санның құрамын анықтау.

 Дәптермен жұмыс.
— 10санын дәптерге жазу.

 

Тәрбиешіні   зейін  қойып  тыңдау.

 

Ойынға  қызығушылық  таныту.

 

Сандарды ретімен  санай  білу.

 

 

Әр  аңды өз ретімен  дұрыс  орналастыра  білу.

 

 

Берілген  сұрақтарға  дұрыс  жауап  бере білу.

 

 

 

Аңдарды өз үйіне  орналастыру, айырмашылығын  түсіне білу.

 

 

Ойынға  қызығушылық  таныту.

Ойын  арқылы  сандар қатарын  түсіну.

 

 

 

 

Суреттерді  өз кеңістігіне орналастыра білу.

 

 

 

 

10 санын оның құрамын анықтай білу.

 

      Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашамыз
Бесті беске қосамыз.
Кел санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы?
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Жасырып ем бесеуін,
Қалды мұнда нешеуі?
Бесеу екен қалдығы,
Нешеу еді барлығы?


Рефлекстік

түзету.

 

Логикалық тапсырмалар орындау.

1.Тал басына күнара,
Қонушы еді бір ара.
Бүгін тоғыз туысын,
Ертіп келді бұл ара,
Бүгін талда қанша ара?

 ( 1+9=10 )
2.Тал басында тізіліп,
10 жапырақ тұр еді.
Жел тұрды да үзіліп,
Ұшып кетті екеуі.
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? ( 10-2=8)

Балаларды мадақтау

 

Логикалық тапсырмаларды өз ойымен  шеше білу.

 

 

Достарын бағалай білу.

 

                   

                           Күтілетін  нәтиже.

Білуі:10 санымен  танысады.

Игеруі:10 санының  құрамын  анықтауды игереді.

Меңгеруі:Тапсырмаларды орындау дағдысын  меңгереді.

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. қымбат:

    керемет жарайсың

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.