Сауысқан мен көкек
«» ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Өтілетін күні: Шуканаева Рая
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі : Драма
Тақырыбы: Сауысқан мен көкек
Мақсаты: Ертегі желісінің мағынасын ұғындыру. Ойларын дамыту. Өтірікпен шынның арасын ертегі арқылы салыстыру. Өтірік айтпауға, шыншыл болуға тәрбиелеу.
Әрекет кезедері |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Енгізу |
Дәлелді ояту |
Шаттық шеңбері. Ә.Дүйсенбиев. |
Шеңберге тұрып өлең жолдарын қимылмен қайталау |
Жақсылыққа, бақытқа. Талпынған әр уақытта. Бала біткен дос бауыр Болмасын еш тосқауыл.
|
Ұйымдастыру – іздену |
1. Сауысқан мен көкек ертегісін суреттер арқылы көрсетіп түсінік беру. Ертегі желісі бойынша сұрақ-жауап. Сауысқан мен көкек қайда өмір сүрді? Көкек күнде не керек деп мазасызданды? Сауысқан не істеді? Көкек айқайлап бергеннен не тапты? Санымен қайсысы ұя салады?
2.Ертегіні сахналау. — Баланың өз ойымен түсінгенін айта білуі.
3. Дид.ойын: «Атын ата» Ертегіде кездескен кейіпкерлердің аттарын атау. Жағымсыз, жағымды кейіпкерлерді ажырата білу.
|
Балалар театр туралы өз білетіндерін айту.
Суретке қарап әңгіме құрастыра білу.
Қойылған сұрақтарға қызығушылық пен жауап бере білу.
Түсініктердін айту.
Ертегіні сахналуға қызығушылық таныту.
Ертегідегі кейіпкерлердің аттарын дұрыс ажыратып айту. |
Сөздік жұмыс: мазасыз, пана, қақсай. |
Рефлекстік түзету |
Дид.ойын: «Кімге не ұнады?»
Сұрақ-жауап Балаларды мадақтау. |
Өз ойын айта білу. Достарын мадақтау. |
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Театр туралы түсініктері болу керек.
Игеру: Ертегіні өз түсініктері бойынша әңгімелеуді игереді.
Меңгеру: Ертегідегі ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлерді ажырату дағдысын меңгереді.