Тақырыбы: «Өз тілімді сүйемін».
-
Мақсаты: Балабақшада ана тілінің, өз тілін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдылық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Астананың суреті, Тудың, Әнұранның суреттер. Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, ойын. Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн екен. Біздің сабағымызға көптеген апайлар келіп отыр. Олай болса, балалар апайлармен амандасып алайық. Тәрбиеші: Сәламатсіздар ма? Балалар: Сәламатсіздар ма? (қайталайды). Тәрбиеші: Ал, кәне, балалар дөңгеленіп шаттық шеңберге тұрайық. Бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап тілектерімізді айтайық. Тәрбиеші : Деніміз сау болсын. Арайлап атқан таңымыз ашық болсын. Күлімдеген жүзімізден күлкі кетпесін. Балалар қайталайды. Тәрбиеші: Ашық ұйымдастырылған іс — әрекетіміздің тақырыбы: «Өз тілімді сүйемін». Тәрбиеші:Балалар назарларымызды тақтаға аударайық. Тақтада мезгілдің суреттері бар. Көктем, жаз, күз, қыс. Қазір қай мезгіл? Күз мезгілі. Балалар: Күз. (қайталайды). Күзде ауа-райынның құбылыстар болады. Күн салқын, бұлтты, жаңбырлы, жел. Күзде жылы киінеміз. Күздің соңғы айларында туман болады. — Балалар мына суретте Ел басымыздың презеденттің суреті: — Ол Нұрсұлтан ата. Балалар: Нұрсұлтан ата. (қайталайды). Тәрбиеші: Нұрсұлтан ата Қазақстан Республикасын басқарады. Нұрсұлтан атаны сыйлаймыз және құрметтейміз. Тәрбиеші: Мына сурет: Ту. Тәрбиеші: Тудың түсі қандай. Түсі көк. Тудың ортасында қандай суреттер бар. Күннің және қыран құстың суретті бар. Күннің түсы сары. Тәрбиеші: Мынау сурет Елтаңбаның суретті. Балалар: Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. Тәрбиеші: Балалар біздің Қазақстанның өз әнұраны бар. Қазақстан туы көтерілгенде айтылады. Жалпыда айтыла береді. Қазақстанның Ән ұраны жұргенде оң қолымызды сол жақ түсына апарып қоямыз. Тәрбиеші : Қалай қою керек екенін көрсетеді. Балалар:Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. Тәрбиеші: Балалар біздер қандай тілмен сөйлеп тұрмыз. Қазақ тілмен, өзіміздің ана тілімізбен сөйлеп тұрмыз. Қазақ тілі, Ана тілі-ең басты байлығымыз. Ана тілі-ежелден атадан балаға мирас, болып қалып отырған баға жетпес мұра. Ана тілі мен қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Тәрбиеші: — Кәне, балалар бәріміз орнымыздан тұрып Қазақстан Республикасынның мемлекеттік Әнұранымыз айтайық. Өлеңі: Н. Ә. Назарбаев. Ж. Нәжімеденов. Әні: Ш. Қалдыаяқов. Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы. Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Қ-сы. Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің –Қазақстаным!
Тәрбиеші: — Жарайсыңдар, балалар, — Ал, кәне, балалар, қазақ тілі ана тіліміз туралы тақпақтарымыз айтайық. Мадина: Ақыл-ойын дананың Ана тілден аламын. Нұрсейіт: Ана тілім ардақты Ақ сүтіндей анамның. Жандарбек: Өсірген ой, білімді. Сүйем туған тілімді. Нұрай: Ардақта тіліңді, Ал одан білімді Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Кәне, балалар сергіп бір алайық.
Сергіту сәті: Тәрбиеші: Айтып көрсетеді. – Кәне, балалар, орнымыздан тұрайық. Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық. Балалар: Балалар қайталайды. Тәрбиеші : Жарайсыңдар балалар. Тәрбиеші: Ойын: Тақырыбы: «Өз үйінді тап». Мақсаты: Балаларға түстерді айыруға үйрету. Түстер арқылы өз үйлерін табуға үйрету,ажыраты. Ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу. Ойын шарты: Балалардың үстел үстіндегі 3 (үш) түрлі жалаушаларды алып, жалаушаның бір тұтас түстеріне қарай шығыршықтың ішіне кіреді.
Тәрбиеші: Сұрақ-жауаптар. Тәрбиеші: — Қазір қай мезгіл? Күзде қандай құбылыстар болады? Балалар: Күз. Күн салқын, жаңбырлы. Тәрбиеші: Елбасымыз кім? Балалар: Нұрсұлтан ата. Тәрбиеші:Туымыздың түсі қандай? Балалар: Көк. Тәрбиеші:Туда қандай суреттер бар? Балалар: Күннің және қыран құстың суретті бар. Тәрбиеші: Елтанбамыздың түсі қандай? Балалар: Сары алтын дейді. Тәрбиеші: Әнұран айтқанда не істеймыз? Балалар: Орнымыздын тұрып тук — тук соғып тұрған жерді басамыз. (оң қолымызды сол жақты басамыз). Тәрбиеші: Қорытынды. Балалар бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай «Қазақстанның болашағы — қазақ елінде» деп айтқандай ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын, сұңқары, бәйгенің алдын бермейтын тұлпары болуларын тілектеспін. Тәрбиеші: Балалар орнымыздын тұрып, қолдарымыз ұстайық. Қол ұстасып тұрайық, Шеңбер болып тұрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық. Балалар қолдарын бұлғайды. Балалар : Тәрбиешімен бірге қайталайды.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет